СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халық дәстұрі амвипиапиапиапиавпивпвапмвамвамвамва

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:03.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту.

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар!»

Тақырыбы: «Ж» және «Ш» дыбыстары

Мақсаттары:

  1. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

  2. Барлық дауысты және дауыссыз анық,таза,әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.

  3. Балаларға «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: үнтаспа, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Көптілдік:жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмбақ жасыру:
Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

-Балалар айтыңдаршы,бұл қай мезгілде болады?


Негізгі бөлім:

Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.

-Балалар бұл ненің дыбысы?

-Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естілді?

-Кү күркірегенде міндетті түрле не жауады?

-Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.

«Ж»- дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталау:

Жа-жа-жа-жалау, жаз

Жо-жо-жо-жол, жоқ

Жу-жу-жу-жусан

Жы-жы-жы-жылан, жылы

Жи-жи-жи-жидек

Же-же-же- жер.

Енді «Ж» дыбысын ауада жазып көрейік.

Өлең оқу «Жаңбыр»

Жұмбақ жасыру

Өз қалпағын жасынан

Тастамайды басынан

-Балалар, қайда және қай кезде өседі?

Ойын «Саңырауқұлақ»


Қорытынды:

ОҰҚ жаңылтпаштармен қорытындылау.

-Бүгінгі оқу қызметінде қандай әріптермен таныстыңдар?






Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:05.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Пән: Экология негіздері

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар!»

Тақырыбы: «Көктем келді»

Мақсаттары:

  1. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

  2. Көктемдегі үлкендердің еңбегін айту.

  3. Ауа-райының өзгерісін түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер, музыка әуені.

Көптілдік:көктем -весна



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмбақ жасыру.

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады. 


Негізгі бөлім:

-Бізде қазір жылдың қай мезгілі?

- Табиғатта қандай өзгерістер байқалды?

«Көктем» тақырыбына композиция жасату.

Тірі және өлі табиғаты ажыратып, ататып, оларды екі топқа бөлгізу.


Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық

Білімде алда алайық.


«Сыңарын тап» ойыны.


Қорытынды:

Дидактикалық ойын «Төртінші артық»


Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.







Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні:06.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»

Тақырыбы: «Күннің мол шуағы»

Мақсаттары:

  1. Нәзіктікке тәрбиелеу

  2. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту

  3. Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтінін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндір

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: альбом, гуашь, қылқалам, суреттер

Көптілдік:көктем-весна, күннің көзі- солнечные лучи



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмбақ жасыру:

Тұрғанымен жырақ өзі

Таусылмайтын шырақ көзі.


Негізгі бөлім:

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап беруді сұрайды.

«Күн шуақтары» тақырыбына әңгімелесу.

«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.

Күн сәулесінің салу жолын түсіндіру: алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.

Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырды.


Қорытынды:

Күн рахметін айтып шығып кетеді.

-Жылы түстерге қандай түстер жатады?

-Неліктен осы аталған түстер жылыға жатады?

-Салқын түстерді кім маған атап береді?












Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 04.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»

Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Реттік санау.Сол жақ, оң жақ, үстінде, астында»

Мақсаттары:

1. Мұқият тыңдап, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

2. қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру

3. 5-ке дейінгі санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші?» сандарына дұрыс жауап беруге үйрету

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер, үлестірмелі материалдар

Көптілдік:үстінде- на верху, астында- снизу.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

«Математикалық әліпби» ойын-жаттығуы


Негізгі бөлім:

Суретпен жұмыс:

-Суреттергі заттардың нешеу екенін айтыңдар. Содан соң ретін анықтаңдар. Ол үшін қалай санаймыз?

Текшелермен жұмыс.

Сергіту сәті:

Жел гуледі у-у-у

Жапырақтар биледі зу-зу-зу

Қатып қалды жапырақ ах-ах-ах

Биеп кетті зуылдап.


Дәптермен жұмыс:

-Жоғары оң жақ бұрышқ бұлттың суретін, төменгі сол жақ бұрышқа үйдің суретін салыңдар. Жоғары сол жақ бұршына күннің суретін. Ал төменгі оң жақ бұрышқа шыршаның ортасына гүлдің суретн саламыз.

-Күнді қай жерге салдыңдар?

-Шыршаны қай жерге салдыңдар?

-Бұлтты қай жерге салдыңдар?

-Гүлді қай жерге салдыңдар?


Қорытынды:

Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқу қызметн қорытындылау.







Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 02. 04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»

Тақырыбы: «Көктемгі мұздақтар»

Мақсаттары:

1. Табиғатқа дегенқамқорлық сезімге тәрбиелеу.

2. Мұздақтарға көңіл бөлу,қайдан, қалай пайда болды.Тірі және өлі табиғатқа назар аудару.Күннің көзі қалай жылытатынын бақылай білуді қалыптастыру.

3. Табиғаттағы өзгерістермен ерекшеліктерді бақылау

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер, үлестірмелі материалдар

Көптілдік:көктем-весна, бақылау-наблюдать.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

-Балалар, алдымен мына тақтада ілулі тұрған өлең жолдарын мен оқимын, сендер мұқият тындаңдар. Не туралыекен?

Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай – салаға толады.

Ағаш басы, бүршік шашып,

Гүл бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

Көктем екенін қайдан білдіңдер?

«Жыл мезгілдері» ертегісі.

«Не артық» дидактикалық ойыны.

Сурет бойынша әңгімелесу.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

«Бұл қай мезгілде болады?» дидактикалық ойын.


Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.







Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 12. 04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаттары:

1. Эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

2.Қиялын дамыту.

3.Заттардың пішіндерін бере білуді, геометриялық өрнектермен, нүктелермен безендіруді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер, әртүрлі пішіндегі құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Көптілдік:ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең

Жұмбақ жасыру.


Негізгі бөлім:

«Ұшады, жүреді» дидактикалық ойыны

-Ол ұшады ма, жүреді ме, жүзеді ме?

Суреттермен жұмыс:

-Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, зымыранның әр бөлігіне қандай материалдарды қоданатынымызды атайық.

Орындалу барысы: Алдымен екі дөңгелек қойылады. Дөңгелектің үстіне пластина (жұқа тақтайша) орналастырылады. Тігінен қойылған тақтайшаның үстіне ұшақтың қанаты ретінде көлденең тағы тақтайша қойылады. Ұшақтың артық бөлігі жіңішке қысқа тақтайдан және үшбұрыш тақтайдан құрастырылады. Жіңішке тақтайдың үстіне үшбұрыш тақтайшаны қоямыз.

Дидактикалық ойын «Артығын тап»


Қорытынды:

-Бүгінгі оқу қызметінде нені біз жасадық?

-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

-Зымыранның бөлшектерін атап берңдері.












Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні:12. 04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Қожанасырдың айды аспанға шығаруы». Тілшар 41бет.

Мақсаттары:

1. Әдептілікке тәрбиелеу.

2. Ойлау қабілеттерн дамыту.

3.Шығарма жанрының көзқарасымен тілдік мәнерлігімен көркем шығармаға түсінікті талдау жасауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер

Көптілдік:ай-луна.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

«Ассоция» ойыны


Негізгі бөлім:

Ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелесу. Қожансырмен таныстыру, ол туралы балаларға айту.


Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Ертегімен таныстыру.

Сергіту сәті:

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.


Қорытынды:

Дидактикалық ойын: «Сынарын тап»

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.







Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні:10. 04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту.

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Ғарышкер болғым келеді».

Мақсаттары:

1. Ұқыпты, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер.

Көптілдік:ай-луна.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмақ жасыру:

1. Таңмен көзін ашады.

Әлемге нұрын шашады. (күн)

2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,

Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)

3. Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)

Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.

Негізгі бөлім:

Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)

Ойын «Ғарыш аймағы»


Қорытынды:

Балалар біз осындай зымыранды қайпәннен жасадық?

- Оны жасау сендерге оңай болдыма?

- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?

- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына бейнебаяннан тамашалайық. (Бейнебаяннан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі).





Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:10. 04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаттары:

1. Эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

2.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Заттардың пішіндерін бере білуді, геометриялық өрнектермен, нүктелермен безендіруді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: суреттер, ермексаз, шүберек.

Көптілдік:ай-луна, зымыран- ракета.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Негізгі бөлім:

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде неше ай бар?

-Күздің соңғы айын атайықшы

-Күзде нелер піседі?

-Бүгін сендермен «Зымыран » тақырыбында ұйымдастырылған қызметін өтеміз.

ғарыш айлағына зымырандар біздің елімізден ұшырылады. Ол қала Байқоңыр деп аталады. Зымыран алып құс сияқты болады. Міне мына суретке қараңдаршы зымыранның бойының ұзындығы көрсетілген. Осы зымыранды аспан әлеміне ұшыру үшін қаншама адамдар қызмет етеді. Ғарышкерлер ұшар кезде үстеріне скафандра киеді. Олардың тағамдарының бәрі пастаға салынады. Енді біз зымыранның суретін салу үшін қолымызға түрлі – түсті қарандаштарды аламыз.

-Деніміз сау, ауырмасақ қана бақытты өмір сүреміз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Қорытынды:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық

Аспанға ұшады.

Байқоңырдан

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 24.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Серуенде...» (Өз тәжірибелерінен әңгімелеу)

Мақсаттары:

  1. Тазалыққа тәрбиелеу

  2. Өз тәжірибесін әңгілмелей білу қабілеттерін дамыту (сурет мазмұнын зерттеу бойынша), баланың зейінін дамыту.

  3. Еңбек туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: демонстрациялық құралдар.

Көптілдік: серуен-прогулка, весна- көктем, ағаштар-деревья.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Балалардан шеңбер болып тұрып, таза, жұпар ауамен тыныс алғандай кейпін танытып, өздерін серуенде жүргендей сезіндіру.


Негізгі бөлім:

Серуеннің қажеттілігі мен пайдасы туралы өз ойларымен бөлісуге шақыру.

Демонстрациялық құралмен жұмыс: (балалардың балабақшада ойнап жүрген және еңбек етіп жатқан суреті).

Суретке қарап, екі суретті салыстырып және балабақшадағы серуен кезіндегі іс- тәжірибелермен бөлісіп әңгімелеулерін сұрау.


Сергіту сәті:

Терезені ашайық

Таза ауа кірісн деп

Жаттығуды жасайық,

Денем мықты болсын деп.

Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»

Өлең оқу:

Гүл өсірсең, терлеп

Мұның аты-еңбек

Кесте тіксең, зерлеп,

Мұның аты-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек ғана жеңбек- өлеңді қимыл- қозғалыс арқылы жататқызу.

Қорытынды:

-Еңбек ету мен жаттығудан еш уақытта қашпай, жалқаулыққа бой алдырмай, жарқын болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен екенін айту. «Бақыт кілті-еңбекте»- мақалын түсіндіріп, оқу қызметін қорытындылау.




Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 26.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Қағаз майлықтарға арналған стақандар»

Мақсаттары:

  1. Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

  2. Балалардың ой қиялын дамыту.

  3. Қалдық материалдармен жұмыс жасауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: Йогурт құтыс, ермексаз, әртүрлі дәндер, бояу, қылқалам.

Көптілдік: стақандар-стакан, қағаз майлықтар-салфетки.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Асханада тамаққа және іс-әрекет кезінде кезекшілікте қандай істермен айналысқандарын естеріне түсіру. Қағаз сүлгілерді арнайы стақандарға салып қоятынын айтып, осындай стақандарды біз бүгін дайындаймыз дкп үлгіні көрсетіп әңгімелеу, жасалу жолдарын түсіндіру.


Негізгі бөлім:

Балаларға әртүрлі иогурт стақандарын таратып беру.

-Стақанды безендіру үшін бізге ермексаз және әртүрлі дәндер қажет болады. Алдымен ермексазды стақанның түсіне үйлестіріп таңдап аламыз, оны алақан арасына салып домалақтап, тегістейміз. Алақан арасына салып қысып, басамыз, сонда ол длмалақ аішін жалпақ болады. Оны стақанның «бүйіріне» жапсырамыз. Ол ермексаздың үстіне дәндерді әртүрлі өрнектермен жасай отырып бастырамыз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі


Қорытынды:

-Бүгінгі оқу қызметінде біз неден стақандар жасадық?

-Жұмыс жасау барысында қиналдыңдар ма?

Жасаған стақандарын алып, жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау.









Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 18.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»

Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математикалық жұмбақ. Оң жақ, сол жақ. Балалардың зейінін дамыту»

Мақсаттары:

  1. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

  2. Ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.

  3. Заңдылықтарды анықтауға берілген логикалық есептерді шешуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: цифрлар карточкасы, заттық суреттер.

Көптілдік: сандар-цифры



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

-Сандарды рет-ретімен қатарға қойып, зат саны жағынан әр цифрға сәйкес келетін суретті табыңдар.


Негізгі бөлім:

-Шаршының ішіндегі қойларды санап шық.

-Үшбұрыштағы қойларды сана.

-Шаршы мен үшбұрышқ салынған қойлардың саны туралы не айтар едіңдер?

Дидактикалық ойын «Артығын тап»

Сергіту сәті:

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Ойын-жаттығу: «Не жетіспейді?»


Текшемен жұмыс

-Екінші және үшінші қатардағы бос торкөздерге жетпей тұрған фигураларды салып шығу қажет.

-Неге бұл фигураны салдыңдар?

Тапсырма:Түйелердің көлемі қандай? Шелектердің көлемі қандай? Түйелер мен шелектерді көлемі жағынан сәйкес келетіндей етіп қосыңдар.


Қорытынды:

-Заттың саны оның көлемі мен орналасуына бағына ма?

-5 саны қалай пайда болды?

Оқу қызметінде белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау.





Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 20.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»

Тақырыбы: «Алма ағашы гүлдеді»

Мақсаттары:

  1. Асықпай ойлануға тәрбиелеу.

  2. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту.

  3. Ағашыт салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасызету: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, үстаспа, баяу әнді күйтабақ.

Көптілдік: перде-окно, араластыру- перемешать.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады:

Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір спан ашыдып,

Күн пердесі сөгілді.


Негізгі бөлім:

Жыл мезгілдері ерекшелігіне тоқталу. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалау.

-Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше? Біздер сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

-Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр,сары түстер қажет болады. Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіру.

Орындалу жолын түсіндіру.

Саусақ жаттығуы:

Ұшты-ұшты көбелек.

Би биледі дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың

Ағашқа қонды көбелек.


Қорытынды:

Оқу қызметін талдап, көктем туралы тақпақтар айтады.



Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 16.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»

Тақырыбы: «Гүлді алма ағаштары» (сюжеттік сурет)

Мақсаттары:

  1. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

  2. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Гүлден кейін жемісінің шығатынын айтып қорыту.Жемісті ағаштарды да күтіп,баптау ерекшеліктерін үйрету

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, үлестірмелі материалдар.

Көптілдік: дерево-ағаш, Бұта- куст, шөп-трава,жанды табиғат-живая природа.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгеленіп тұрайық.Бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді жылы сөздер арқылы білдірейік.


Негізгі бөлім:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар сабағымыз өсімдіктер жайында болмақ кім қандай өсімдік түрін біледі?

-Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар нелер?

-Өсімдіктердің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? -Өсімдіктерді неге жанды табиғат қатарына жатқызамыз?

Сюжетті суреттермен жұмыс жасау.

Біз қазір сол өсімдіктердің түрлеріне тоқталайық. Ағаштар, бұталар шөптектес өсімдіктер түріне жатады. Ағаштарға: емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс ағаштары. Шөптесін өсімдіктерге: бақбақ, раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр, қызғалдақ жатады. Бұталарға: , жыңғыл, бөртегүл жатады.

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Жел күшімен шайқалған.

-Тапсырма.

Баларды үш топқа бөліп отырғызып «Ағаштың», «Бұтаның», «Шөптердің» суретін салуды ұсыну топпен бірлесе отырып.«Жалғыз ағаш орман болмас»мақалын мәнін түсіндіру.


Қорытынды:

Балалар біз бүген нелермен таныстық?

Өсімдіктер табиғаттың қай түріне жатады?

Өсімдіктер өсу үшін оларға не қажет екен?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау


Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 16.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Машинаға үлкен жол жасау және адамдар жүретін жолдар жасау» (жалпақ, жіңішке).

Мақсаттары:

1. Ойыншық көлік түрлекрін мұқият ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

2. Ермек саз арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту

3. Жалпақ немесе жіңішке бөлшектерін ауыстыру арқылы құрлысын өзгерту.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, ермексаз, мата.

Көптілдік: жалпақ- широкий, жіңішке- тар



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Жұмбақ жасыру


Негізгі бөлім:

Ә. Табылдиев «Машина» тақпағын оқып, мазмұнын түсіндіру.

- Не туралы тақпақ?

-Машиналар қайда жүреді? Қандай жол түрлері болады?

-Жаяу жүргіншілерге арналған жол тар болады,оны жасау үшін кірпіштерді бір біріне тіркеп ұзынын қоямыз,ал машина жүретін жолдар кең болады.

Жолда жүру ережелерін қайталату.

Дидактикалық ойын «Не артық?»


Сергіту сәті: «Бип-бип»

Орындалу жолдарын түсіндіру.

Жеке көмек көрсету

Ойын: «Тар және кең жолдар»


Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін сендермен қанда жолдармен таныстық?

- Адамдар қандай жолдармен жүреді?

-Кім маған жода жүру ережесін айтады?









Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 26.04.2018ж

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Үш жалқау» қазақ халық ертегісі

Мақсаттары:

1. Оқып, мазмұнын, тәрбиелік мәнін түсіндіру

2. Сөздік қорын молайту.

3. Сөздік қорын молайту.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер

Көптілдік: жалқау-ленивый



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Ұйымдастырушылық кезең:

Қамқорлық, жақсылық, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айту.


Негізгі бөлім:

Құлыншағым, күнім»дейтін. (Ф.Оңғарсынова)

Балалардың назарын ертегідегі суретке аудару.

-Бүгін «Үш жалқау» ертегісімен танысамыз. Мұқият тыңдап отырыңдар.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла,тез ойла»

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып 
Біз тынығып алайық. 

«Иә, жоқ» дидактикалық ойыны.

Қорытынды:

Қандай ертегімен таныстыңдарын сұрап, оның жалпы мазмұнын қайталатып өтіп және жақсы қатысқан балаларды мадақтап оқу іс-әрекетті аяқтау.