-Онда бәріміз жолға шығайық (орманға бару) -Балалар, орманға аңдардың жүрісімен барайық. -Балалар, қараңдаршы орманда тиіндар жерге жаңғақтарын шашып тастапты, осы жаңғақтарды жинап, себетке салайық.(жаңғақтарды жинау) Мұнда қараңдаршы, балалар, мына жерде қоян тұр екен. Бәлкім біздің келе жатқанымызды білген болы керек. Қараңдаршы , қоянның құлағы ұзын, екі қолы қысқа болады екен. Ал, аяғы ұзын болады, ол секіріп жүгіруіне ыңғайлы екен. Балалар, қоян қалай жүреді? -Әрине, секіріп-секріп жүреді. -балалар, мында қараңдар, қоян қыс мезгілінде тонының түсін өзгертіп ақ түске бояп, ал жазда сұр түске бояп алады екен. Қоян-заяц Қараңдар, балалар, қоянның қолында хаты бар екен. Мұнда не жазылғанын қарайық. -балалар, қоянның көжегін қасқыр алып кетіпті, көжегін тауып беруге көмек береміз бе? -Жарайсыңдар, балалар, енді кім қоян туралы тақпақ біледі? Бектемір: Ақ қоян-ау, ақ қоян Үркек қоян, сақ қоян. Қаша берсең орманға, «Қорқағым»-деп ат қоям Сағыныш: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Енді балалар, кім қасқыр туралы тақпақ айтады, Шахмардан:Мен көкжал қасқырмын, Малшыны састырдым Аш болсам ұлимын, Ауылды торимын. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, біз іздеген қасқырда осы жерде жүрген тәрізді.(Қасқырдың кіруі) -Сәлеметсіздер ме балалар! -Амансыңба қасқыр, сен мұнда қалай келдің? -Мен, балалардың айтып жатқан тақпақтарын естіп қалдым, сосын осында келдім. -Сен мына қоянның көжегін жеп қойған жоқсың ба? -Жоқ, жеген жоқпын. Оны өзіммен бірге ала келдім. -Енді қоянның көжегін өзіне қайтар -Жоқ сендер бірінші менің тапсырмаларымды орындаңдар, сосын мен көжекті анасына |