СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Үш торай " ертегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

...............................................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«"Үш торай " ертегі»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе


Өткізу күні / Дата проведения: 30.10.2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып /Сквозная тема:Бірге жұмыс істейміз.(Трудимся вместе)

Тақырыбы / Тема: "Үш торай "(ертегі)

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная : ертегіге деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Шыншылдыққа, актерлік шеберлік тәрбиелеу. ертегіде жамандықтан, салақтықтан аулақ болуға тәрбиелейді

2.Дамытушылық – развивающая : Есте сақтау қабілетін,балаларды еркін сөйлеуге дамыту. ойын ойта білуге дамыту.

3. Оқыту – обучающая : ертегісі мен таныстыру. Ертегінің мазмұның айтуға, ертегіні сомдауға үйрету. Ертегімен таныстыру. Мазмұнын жатқа айтуға үйрету. кейіпкерлермен таныстырып, рөлдерін сомдауды көрсету..

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,кубикпен жұмыс.

Көп тілділік полиязычие: үш-три-three, торай -поросенок-pig, үй-дом-home

Жеке жұмыс: Николаева Линара

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды дөңгелетіп отырғызып, үш торай ертегісін оқып беретінімді айтамын.Сол кезде

есік қағылып қонаққа үш торай келеді. Балалармен амандасады.(Балаларда торайлармен амандасады)

Торайлар балалардан өздері туралы ертегі оқыдыңдар ма деп сұрайды.

Мен ертегіні енді оқып берейін деп отырғанымды айтамын.Торайлардан да біздің балалармен ертегіні тындауын сұраймын.

2.Негізгі бөлім.

Олай болса тындаңдар. Ерте-ерте ертеде үш торай анасымен бірге өмір сүріпті.Ертегіні басынан бастап,аяғына дейін оқып беремін.Балалардан ертегіден не түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы сұрау.

Жеке жұмыс: Линара, Ализаир,Нұртай, Хадия дан берілген сұраққа толық жауап берулерін қадағалап, қайталатып айтқызу.

Торайлар: балалар сендер бұл ертегіден не түсіндіңдер?

Балалар: Ешқашан жалқау болмау керек.Бірігіп бірге еңбек ету керек.Бірге тату-тәтті өмір сүру керек екенін айтады.

Торай: дұрыс айтасыңдар балалар,жарайсыңдар! Ешқашан жалқау болмаңдар, бірге тату болыңдар.Ал сендер тату бірге жұмыс істей аласыңдар ма? қандай жұмыстар атқардыңдар?

Балалар: балабақшада ойыншықтарды бірге жинайтынын, далада бірге еңбек ететіндерін айтады.

Тәрбиеші балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Мақал-мәтелдер

1.Еңбек етсең ерінбей,

тояды қарның тіленбей.

2.Еңбектің наны тәтті,

жалқаудың жаны тәтті.

3.Еңбек түбі бәрін жеңбек.

Тыныс алу жаттығуы: "Насос"

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып, мұрынмен ауаны сорып, ауаны қайта мұрыннан шығарайық.Балаларға қалай жасау керек екенін көрсетемін.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Оңға бір қарайық

Солға бір қарайық

алақанды соғайық.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.Мен сіздерге суреттер көрсетемін. сендер сол суретке қарап, әңгіме құрастырыңдар.

Суретпен жұмыс. "Әңгіме құра"

Балалар суретке қарап, сипаттап әңгіме құрастырады.Суретпен жұмыста барлық баламен жұмыс істеймін.

Кубикпен жұмыс: балалар суретке қарап кубиктерден толық ертегіні құрастырып, әңгімелеп береді. Бір суретті құрастыру үшін екі баладан жұмыс істейді.

Көп тілділік полиязычие: үш-три-three, торай -поросенок-pig, үй-дом-home балалар үш тілде сөздерді қайталайды

Линарамен тілге қиын сөздерді 2-3 рет қайталату.

Торайлар балаларға рахметін айтып, қоштасып кетеді

3.Қортынды

Балалар қонаққа бізге нелер келді? (қонаққа үш торай келді) біз олардан не үйрендік? жалқау болмай, бірге жұмыс істеу керек екенін.

Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!балаларды мақтап-мадақтау.





Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»







Білім беру саласы / Образовательная область:Коммуникация

Пән / Предмет: Көркем әдебиет. (лего технология)






Тәрбиеші : Садвокасова В.А.














Костанай қ 2018-2019 оқу жылы