«XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: ««XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны»
Мақсаты: Студенттерге оқу танымдық тәрбие беру. Шапшаң ойындар ойнату арқылы олардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Топ: 18 VTZ-2,3
Өтетін уақыты: 06.03.2019
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация, бейне жазбалар.
Сабақ барысы: Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып тобының студенттерінің арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты информатикалық - интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Сыныптан тыс шара жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 6 оқушы қатысады. Бүгінгі интеллектуалды сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең
«Сұрақ – жауап»
Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады. Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады.
1-сұрақтар тобы:
Аты бар байттар тізбегі? (файл)
Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
Калькулятордың неше түрі бар? (2)
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
Дүниежүзілік желі? (интернет)
Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
зиянкес программа? (вирус)
Келесі жолға өту пернесі? (enter)
компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
Объектілер қоймасы? (қапшық)
Латынның «information» сөзі нені білдіреді?
2- сұрақтар тобы:
Компьютердің миы. (Процессор).
Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
Баспа құралы. (Принтер)
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)
11. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).
12. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
2- кезең.
Екінші кезеңіміз «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады. Осы кезеңде қатысушылар берілген тақырыптарды таңдай отырып, тақырып астындағы сұрақтарға жауап береді. Әр бір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.( Егер жауап берушінің жауабы дұрыс болмаған жағдайда мұғалімнің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа қатысушыларға жауап беруге рұқсат етіледі.)
Сұрақтары:
1. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
2. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
3. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)
4. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
5. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)
6. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
7.Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)
Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)
11. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
12. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
3-кезең.
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерге
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе – дей келе үшінші кезеңімізді бастаймыз. Әр қатысушыға 3 сұрақ қойылады, жауабын үш тілде аударып айту керек.( Егер жауап берушінің жауабы дұрыс болмаған жағдайда жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа қатысушыларға жауап беруге рұқсат етіледі.) Үшінші кезеңіміздің қорытындысы бойынша төменгі ұпай жинаған 1 қатысушы ойынды тоқтады.
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
Жауабы: Ақпарат - Информация - Information
2. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы.
Жауабы: Пернетақта - Клавиатура - Keyboard
3. Компьютер пернетақтасында қанша перне бар?
Жауабы: Жүз он екі - сто двенадцать - One hundred twelve
4. Компьютердің басты құрылғыларының бірі жүргізу монупуляторы.
Жауабы: Тышқан - Мышка - Мouse
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.
Жауабы: Енгізу - Ввод - Еnter
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жауабы: Өшіру - Удалить - Delete
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір - бірінен ажырату үшін қолданылады.
Жауабы: Бос орын - Пробел - Proble
8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Жауабы: Терезе - Окно - Windows
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?
Жауабы: Шекара - Граница - Border
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Жауабы: Себет - Корзина - Basket
Қорытынды.
Әділ қазылар алқасына сөз беріп қай команданың жеңгенін, соның ішінде қандай оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын және соған сай әр оқушыға қойылған бағаларды есту. Шапшаңдықтарын тексеру.