СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жәндіктер біздің көңілді достарымыз».

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жәндіктер біздің көңілді достарымыз».

Просмотр содержимого документа
««Жәндіктер біздің көңілді достарымыз».»

Екінші кіші «Жұлдызша»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:04.04.18ж

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Білім беру саласы:»Таным»

Өтпелі тақырып: Жылғалардан су ақты

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жәндіктер біздің көңілді достарымыз».

Мақсаты:

Тәрбиелік: Жәндіктерге деген мейірімді сезімдерін ояту. Оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін дамыту.

Оқыту: Балалардың жәндіктер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,

дамыту технологиясы,монтесори технологиясы,ақпараттық технологиясы.

Ресустармен қамтамасыз ету: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі

Блингвальдық компоненті : ара – пчела, бал – мед, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? - Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме? - Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?

«Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.
- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? - Олар қалай ызылдайды?
- Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)

Сергіту сәті:

Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
- Құмырсқаны
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.
Қорытынды:
«Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.