СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жеке сабақ "Мамандықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жеке сабақ. Тіл дамыту сабағы. " Мамандықтар"

Просмотр содержимого документа
«Жеке сабақ "Мамандықтар"»

Жеке сабақ. Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Баланың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

2. Коррекциялығы: Баланың сөйлеу қабілеттерін белсендіру. Сөздік қорын дамыту. Буынмен жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелігі: Баланың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Әртүрлі мамандықтардың суреттері.

Сөздік жұмыс: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз, мұғалім.


Сабақтың барысы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер

- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!

- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!

- Көздерім көріп тұр

- Құлақтарым естіп тұр

- Қолдарым қол соғып

- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!

II. Өткен сабақты пысықтау:

Дидактикалық ойын: «Шардың түсіне қарай орналастыру»

Мақсаты: Балалардың ойлау, сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы.

  • Бірқалыпты мұрынмен терең тыныс алу.

  • Көбелектерді үрлеп ұшыру.

Артикуляциялық жаттығулар арқылы тілді дамыту:

  • Бұзық тілді жазала;

  • Күресші- тіл:

Логомассаж

1) Бет бұлшық еттерін уқалау.

2) саусақ жаттығуларын жасау.



III. Жаңа сабақ:

  • Біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың не екенін мен жұмбақтарлы шешу арқылы табамыз;

  • Аяқ киімді... жөндейді. (етікші)

  • Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш)

  • Тамақты... дайындалады. (аспазшы)

  • Ауырып қалғанда ... емдейді.(Дәрігер)

  • Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)

  • Балаларды... оқытады.( Мұғалім)

  • Біз бүгін мамандықтар жайында сабақ өтетін боламыз.

  • енді суретке назар аударайықшы, сөйлем құрастырайық.

  • Мысалы – дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.

  • Аспазшы маманы кім? – дәмді ас пісірумен айналысады.

  • Құрылысшы маманы кім? – көп қабатты, зәулім үйлер салады.

  • Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды, білім беретін апай.

  • Сатушы кім? – ол азық – түліктер сататын адам.

  • Шаштараз маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам


Буынмен жұмыс: Менімен бірге қайтала

Ма-ман- дық, ті- гін- ші, жүр- гі зу- ші, дә- рі- гер, шаш- та- раз, мұ- ға- лім.


V. Бекіту кезеңі: Дидактикалық ойын: « Сөзді есіңе сақта, суретті көрсет»

Мақсаты: Балалардың сөздерді түсінуін, көру зейінін, сәйкестеу дағдыларын дамыту.

VI. Бағалау: Сабаққа қатысқан балаларды жеке-жеке мадақтау.

VII. Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік?

  • Не үйрендік?

  • Не жайлы түсіндік? деген жетекші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.