СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жол ережесіне арналған ойындар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол ережелеріне байланысты неше түрлі ойындар картотекасы.

Просмотр содержимого документа
«"Жол ережесіне арналған ойындар"»

ЖЖЕ бойынша дидактикалық ойындар.

«Қандай белгі екенін тап?»



Мақсаты:Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.

Ойын барыс:

1-ші нұсқа. Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.

2-ші нұсқа. Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.

3-нұсқа. Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.

«Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.

Ойын барысы:

Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.







«Жүргізушілер»

Мақсаты: Балаларға жол жүру ережесін үйрету. Ой-өрісін кеңейту.

Көрнекіліктер:Бірнеше ойын жолдары, машиналар, ойыншықтар.

Ойын барысы:

Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралапр шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол тандадың ба, жоқ па соны тексереміз».

«Кім үздік жүргінші?»

Мақсаты:Жол жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның берген белгісі, жүргінші жол) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:1,2,3,4,5,6 сандармен текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.

Ойын барысы:

Бірінші жүргінші №1 үйден, екінші №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді, және қайтадан лақтырады. Сонымен бір түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөнгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөнгелектерге жылжытуға болады. Төртінші суретте мотоциклшы. Оны тоқтап, өткізу керек. Алтыншы суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады. Жетінші суретте реттеуші онымен қауіпсіз, бірден әженің үйіне баруға болады. Кім жол ережесін бұзбай әжесіне келсе сол жеңіске жетеді.