СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
ШЛ "Саулет"
Мен «Сәулет» мектеп-лицейінде 2008 оқу жылынан бастап еңбек етіп келемін. Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев : «Бүгінгі күні мемлекетіміз бірінші кезекте жастармен жұмыс жүргізу тәрізді күрделі іске мүдделі болып отыр.Өскелең жаңа ұрпақ үшін әскери-патриоттық көзқарасты тәрбиелеудің маңызы зор» деген еді. Мен осы айтылғандарды іске асыруды қолға алдым.
Жеке адамның әскери-патриоттық санасын қалыптастыру мектеп кезінен басталады. Қоғам бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда алдымызға аса маңызды міндеттер қойып отыр. Мемлекетімізге оқуға, ел игілігі үшін еңбек етуге, ал қажет болған жағдайда, оны қорғауға дайын тұратын дені сау, ержүрек, батыл, бастамашыл, тәртіпті, сауатты адамдар қажет. Сондықтан, бүгінгі оқушының бойында қандай құралдар, әдістер мен тәсілдер арқылы патриотизм, интернационализм сезімін қалай баулыса болады деген ой күн сайын толғандырады. Біз ұйымдастыратын әр түрлі жорықтар, далалық жиындар, жарыстар, әскери ойындар жас ұрпақтың ерік-жігерін нығайтады, оларда төзімділікті қалыптастырады.
Отан қорғаушыларды дайындау мен сияқты педагогтардың алдында тұрған аса күрделі де жауапты міндет.
Біз әрбір оқушымыздың рәміздеріміздің мағынасы мен маңызына мән беруін, Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды, ҚР Конституциясын терең құрметтеу рухында тәрбиеленуіне қол жеткізуге тырысамыз. Сондықтан да, өзім оқушыларды саптық дайындыққа үйрету мектептегі тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылатындығын, оқушылардың іс-әрекеттерінің үйлесімділігі мен ширақтығы, саптық тәсілдерді бір уақытта орындау оқушылардың рухын арттыратындығын, өз іс-әрекеттеріне сенімділік ұялататындығын әр оқушының санасына сіңіремін. Мектепте ұйымдастырылған «Сұңқар», атты әскери клубында қанаттанған Дуйсенгалиев Руслан, Жұбандыков Қайыржан сынды шәкірттерім бүгінгі күні Ресейде, Қазақстанда жоғарғы әскери оқу орындарында оқып жатыр. Бұл мен үшін мақтаныш.
Танбаев Жаслан Куанышкалиевич М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, «Дене шынықтыру және спорт» пәнінің мұғалімі. Ол өз қызметінде саналы шәкірт тәрбиелеп, олардың жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін еңбектеніп мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың бойына Қазақстан азаматы ретінде елін, отаның қорғай алатын тұлға қалыптастыру, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 5,10,11сыныптарына сабақ бере отырып, оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланады. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын мұғалімнің еңбегі ерекше. «Қарумен және саптық дефиле жаттығулары» АӘД пән мұғалімдеріне көмекші құрал бағдарламасы облыс көлемінде (12.12.2016 жылы) таратылды, «Сабақтың үздік контенті» АК-74 автоматың бұзып жинау электрондық сабағы облысқа таратылды. «Учительский.сайт» «Инфоурок» сайтында ашық сабақтары жарияланды. (30.01.2017ж)
Жаслан Куанышкалиевич мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысып ынтымақта жұмыстанады, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастыра біледі. Ол үш баланың әкесі, аяулы жар. Заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.