СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін, бала жанының бағбаны - мұғалімдер ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, беделді, жаңашыл болуы, өзінің ой - өрісін кеңейтіп, білімін үнемі толықтырып отыруы керек. Қазір өркениетке апаратын құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі күні білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады.Белсенді әрекеттер арқылы шәкірт білімді өз бетімен меңгереді. Қазіргі біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі мұғалімнің ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды шебер меңгеруді талап етеді. Сол себепті, мен де жаңашылдыққа бетбұрыс жасап, Кембридж бағдарламасы бойынша біілім алуды мақсат етіп, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сәйкес оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеріп, қазіргі таңда жаңа көзқарас,тың идеямен өз мектебімде жұмыс жасап жатырмын.
Бағдарлама модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
© 2018, Тулешева Гулжамиля Онгаровна 466