СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ата-аналарға арналған тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректі ауылының балалалар бақшасының әдіскері. Ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы 1. «Өзін-өзі тану» 2. «Балаңызды қаншалықты білесіз?» 3. «Жанұя бақыты» 4. « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі» 5. «Ренішті қалай кешіруге болады?» 6. "Жапырақ тамырдан нәр алады» 8. «Бала көңілін табыңыз» 9 «Ата-ана махаббаты» Түсініктеме Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше. Бұл бағдарламада ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытуға және жетілдіруге арналған әртүрлі ойындар мен жаттығулар жинақталған. Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған бағдарлама ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алады. Бұдан ата-ана қарым-қатынас әрекеттерін біле алады, тәрбие әдістерін игеруге, «ата-ана мен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас әдістерін ата –ана күнделікті өмірде кең түрде қолданып, арттыра алады. Мақсаты: ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. Курстың өтілу мерзімі: 9 ай. Жүргізілу уақыты: айына 1 рет. Курста қолданылатын әдіс –тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жекелей жұмыс, шығармашылық жұмыс. Жоспары: № Тренингтің тақырыбы: Мақсаты Уақыты, өтілетін жері 1. «Өзін-өзі тану» Ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану. Қыркүйек айы: 12 Акт залы, 17:00 2. «Балаңызды қаншалықты білесіз?» Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Қазан айы: 15 Акт залы, 17:00 3. «Жанұя бақыты» ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Қараша айы: 17 Акт залы,17:00 4. « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі» ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру. Желтоқсан айы: 10 Акт залы,17:00 5. «Ренішті қалай кешіруге болады?» Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қаңтар айы: 20 Акт залы, 17:00 6. Ақпан айы: 17 Акт залы,17: 00 7. «Жапырақ тамырдан нәр алады» Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу. Наурыз айы: 28 Акт залы, 17:00 8. «Бала көңілін табыңыз» Бала тәрбиесі дамуынадағы басты рөл атқарушы-отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуге ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру. Сәуір айы: 18 Акт залы, 17:00 9 «Ата-ана махаббаты» Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Мамыр айы: 19 Акт залы, 17:00 1. Тақырыбы: Өзін-өзі тану. Мақсаты:ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану. Жаттығу “Танысу”. Мақсаты : Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру. Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығу бастаған бірінші қатысушы есімін атайды және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек. Жаттығу “Бірақ”. Мақсаты : Тренингке бірқалыпты қарқын енгізу, өз ойынды аяқ астынан айтып салу. Шенбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру: -Мен шаршадын, бірақ. -Мен кішкентай бойлымын, бірақ. -Мен кейде ұстамсызбын, бірақ. -Мен жалқаумын, бірақ.. -Мен ашушаңмын, бірақ. -Мен сөзге жоқпын, бірақ. -Мен тымкөнгішпін, бірақ. -Мен оқушымын, бірақ. -Менің үйімде телефон жоқ, бірақ. -Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірак. -Менің математикадан үлгерімім жақсы емес, бірақ. -Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ. -Мен кейде, тым көп ұрсамын, бірақ. -Мен қыррсығып қаламын, бірақ. Талдау. Жаттығу “Өзін-өзі тану” Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі сұрақтар қоюды үйренуі. Өзін-өзі тану үрдісін үнемі баяу ойналатын музыкамен психологиялық күйге келуден бастаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар. Тынышталып денелеріңізді бос ұстаңыздар. Көздеріңіз жұмулы кезде босансу, тынышталу, демалу өте жақсы. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер менің үнімді естіп отырсыздар және тағы да сіздердің ағзаларыңыз қаншалықты босандық пен тыныштықты қажет етсе, соншалықты босаңсап, тынышталуға болады. сіздердің денелеріңіз. сіздердің миларыңыз.сіздердің санадан тыс саналарыңыз. Сіз қалай дем алып отырсыз, сезініңіз. Ауаны жұтқан сайын тыныштықты сезіну күшейе түседі.Әр демді шығарған сайын барлык үрейлер, уайымдар артта калады. Жағымды ішкі өзгеріске жету үшін, өзіңе өзің сұрақтар қоюды үйрену керек. Оған жауап бере отыра, сіз өзіңізді өзіңіз түсінесіз. Сонымен, өзіңізге өзіңіз жауап беріңіз: ”Мен қазір не істеймін? Мен не сезіп тұрмын? Не туралы ойладым?” Енді қиялымызды белсендендірейік. Қиялдаңыздар, ұлан-байтақ мұхиттасыз кішкентай қалтқысыз. Сізде мақсат, компас, карталар, руль (тұтқа) жоқ. Сізді жел мен мұхит толқындары қайда апарса, сіз солай қарай жүресіз. Үлкен толқындар біраз уақыт сізді бүркемелейді, бірақ сіз қайтадан бетіне шығасыз.Осы соққыларды,құлауды, судың бетіне шығуды сезінуге тырысыңыз.Толқынның қозғалысын. күннің жылуын.судың шашырауын. судың түбіне әкетпейтін және сізді қолдайтын осы күшті сезініңіз. Өмірде де осылай –біресе сіз үрей және проблема толқынымен бүркемеленесіз, біресе аяқ астынан –тағы су бетіне шығасыз.Өзіңді-өзің ұстай біл. Қоршаған дүниеден отбасындық даналықты үйренеміз.Табиғаттан үйренеміз. Жақсы! Ал қазір сіз бақытты болған, көңіл-күйініздің көтеріңкі болғанын сезінген, өміріңіздің бір сәтін есіңізге түсіріңіз.Сіз өзіңіздің кімде-кімге өте керек, оның қымбаттысы және сүйіктісі болгғаныңызды еске түсіріңіз.Есіңізге түсіріңіз немесе аздап қиялдаңыз. Сіз өзіңіздің дем алғаныңызды,еске түсіргеніңізді, не қалағаныңызды, немесе армандағаныңызды сезінген кезде, сіз көзіңізді ашасыз.Әркім өзі қалаған кезінде көзін ашады. Талдау. Жаттығу. “Қарыз бен құқ”. Мақсаты: Өзінді жаңа қырыңнан көруге көмектесу, өз санандағы құқ пен міндеттердің қатынасын анықтау. Көзді жұмып алақанды жоғары қаратып, колды екі жаққа созып тұрган қалыпта жаттығу орындалады. Жүргізуші :Әр алақандарынызда ыдыс тұр деп ойланыз. Біреуінде –сіздің қарыз сезіміңіз, екіншісінде –сіздің құқыныз. Қай “ыдыстың салмағы ауыр, құқық пен міндеттердің сіздің санаңыздағы ара-салмағы қалай? Талдау. Сүрет “ Ішкі дүние”. Мақсаты :Тұлғаның сол мезгілдегі ішкі дүниесін білу. Қазір сіздің ішкі дүниеңізді, сіздің эмоцияңызды бейнелейтін қандай да бір сурет салып көріңіз. Ол түрлі-түсті гамма немесе сіздің сезіміңіздің барлық гаммасын бейнелеуі мүмкін. Жаттығу. “Сөйлемді аяқта”. Мақсаты:Өзіңнің ішкі дүниенді түсінудің алуан түрлі мүмкіндігін көрсету. -Мен-. -Мен мынанны істей аламын. -Менде. бар. -Мен.үйрене аламын. -Оқушы тәрізді мен. -Сыныпта мен. -Мен. сенемін. -Осы сабақтарда мен өзімді. сезінемін. Талдау. Қорытынды: Бүгінгі тренингте сіздер бала тәрбиесінін онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз. Шығу парағы: 1. Тренинг сізге қызықты болды ма,әлде жок па? (Неге?) ________________________________________________________________________________________________________________________ 2. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________ 3. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

13.05.2017 10:01


© 2017, Maman17 760

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!