СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Талдыкөл мектеп – балабақша кешені Күні 11/10/2016ж № 6
Тақырыбы: Ата- баба өнері
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: қастерлеу, бағалау, сақтау
Мұғалім _Жумашева А.О
Сынып___4 Оқушылардың саны 24
|
Мақсаты: «Өнер" туралы түсініктерін кеңейту, ата- баба өнеріне «қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны қадірлеу; -қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылығын арттыру; -қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу; |
Ресурсы:(материалы, источники) |
|
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу. Тыныштық сәті ұнады ма? Қандай әсерге бөлендіңдер? Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты топқа бөлу 1 топ: «Өнерлілер» 2 топ: «Білгіштер» 3 топ: «Ақылдылар» 4 топ: «Талаптылар» 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Менің арманым.» жазған эсселерімен танысып, ой бөлісу. |
Сабақтың барысын талдау |
|
3.Дәйек сөз (цитата). Еңбек-өнер өрісі, Өнер –өмір жемісі. Халық мақалы Дәйексөзді топпен қайталау: Ұллдар-2 рет, қыздар 2-рет Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданы Мұғалім сыйы: «Өнер күші» (видеоролик) |
|
|
4.Әңгімелеу (әңімелесу).
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс. 1 топ: Көріп отырғандай сіздерде, түрлі түсті ою өрнектер бар, және де ақ қағаз берілген, сендердің мақсаттарың, осы берілген заттардың қазақтың төсеніші, әдемі ою - өрнекті кілем жасау болып табылады. 2 топ: Ал, екінші топ сіздердің алдарыңызда ермексаздар берілген, сол ермексаздарды қолдану арқылы, сіздер ыдыс-аяқ, немесе қазақтың ыдыс аяқтары кесе, шәйнек, немесе Торсыз істеулеріңе болады. Бұл сендерде мүсіндеу жұмысы болады. 3 топ: Ал, төртінші топ сендерге берілетін тапсырма, сендергі мынандай әдемі ленточка, құстар берілген, сендердің мақсаттарың осыны қолдану арқылы сәндік қолданбалы өнерді көрсету болып табылады. 4 топ: Сендерге, 5 топ, берілетін тапсырма, Ата баба өнері туралы, немесе соларға арнап әдемі 5 жол өлең шығару болып табылады. Барлық топтарға берілетін уақыт: 5 минут! Әр топ өз жұмысымызға кірісеміз. (күй қосып қою) Оқушылар орындаған тапсырмаларын қорытындылау. Мадақтау. |
|
|
6.Топпен ән салу. «Құтты болсын» әні |
|
|
7.Үй тапсырмасы Түрлі түстердің қандай синволды білдіретінін анықтау |
|
|
8.Қорытынды тыныштық сәті. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмуға да болады. Бүгінгі сабағымызды ой електеріңізден өткізіңіздер, ата – бабаларымыздың тек жақсы, ізгі істерін ойлап бойларыңа қабылдап, дарытыңыздар. |
© 2017, Жумашева Айнур Уразовна 1031