СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ауезханова Актолкын

Нажмите, чтобы узнать подробности

я жив№8 гимназиясы «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» Сынып жетекшісі: Ауезханова А.Т МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, шарлар, Өтілу барысы. 1. «Тәуелсіздік шежіресі» 2. «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» поэзия минуты 3. «Отан деген немене?» 4. Сұрақ-жауап 5. Сен өз құқығыңды білесің бе? І. Кіріспе сөз. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты 4«Ә»сынып оқушыларының сынып сағатына қош келдіңіздер! Әнұран орындалады. Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына,Тәуелсіздігімізге неше жыл толды? 25жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан оқиғасына »тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмайды. «Түбін білмеген тексіз»деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар намысынан туындап жатқан жоқпа? Бейбіт шеруге шығып,билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға-апайларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққанынды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін емес. Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып, бір минут еске алайық! Бір минут үнсіздік. Бүгін сіздердің алдарыңызда 1 «Ғ»сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді, көтеріңкі көңіл-күймен отырыңыздар! І. ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ (балалар қолдарында жыл жазылған қағаздар) -1991ж Тәуелсіздік алған жыл. -1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. -1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. -1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. -1998жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. -1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. -2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. - 2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25жыл толды. Мерекелеріңіз құтты болсын! (барлығы бірге айқайлайды) ІІ. «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» поэзия минуты. Қасиетті Қазақстаным мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім, Болашағым,өнер-білім,өркенім. Қазағымның өркендеді елдігі, Құрбан болған Тәуелсіздік жолында Ағалардың ұмытылмас ерлігі Ұлан-байтақ жеріңді Бөтен ел таптамасын! Ешқандай жау аттамасын! Ие болып өзің туған жеріңе, Жер-ана қызмет етсін еліңе. Атом жарылмасын төріне Ие болып қорғасақ, Әділ іс әрқашанда ақталады, Ел үшін жанын қиған асыл жандар Ел есіңде мәңгілік сақталады. Қазағымның өркендеді елдігі, Құрбан болған Тәуелсіздік жолында Ағалардың ұмытылмас ерлігі Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым. Түсті бақыт жолыма, Менің Қазақстаным. Хормен Қазақстан мәңгілік ел болсын, Астана мәңгілік ел орда болсын Тіліміздің мәртебесі өсе берсін Болашағымыз жарқын болсын! Отан дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын да ашып тастайық ендеше. Отан отбасың, ошақ қасың емес пе? Жоқ одан да Отан туралы балалар не дер екен соны тыңдайық. Отан туралы бір-бір ауыз тақпақ айтады) Ән «Отан» 1-жүргізуші:Енді балаларды пікірлесуге шақырайық. 2-жүргізуші:Жоқ, алдымен білімдерін тексерейік. 1-жүргізуші Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? 2-жүргізуші Тудың авторы кім? 1-жүргізуші Елтаңбаның авторы кім? 2-жүргізуші Енді қандай сөз шықты оқиық. «Құқық» 1-жүргізуші Олай болса біз құқық туралы не білеміз, білгенімізді ортаға салайық. 2-жүргізуші Онда балалар көрініс дайындап келіпті, көрініске кезекті берейік V.Сен өз құқығыңды білесің бе? (қойылым көру арқылы пікірлесу) 1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. -Ойыншығың әдемі екен кім алып берді? -Ата-анам. -Ата-анаң саған тағы не үйретті? -Үлкендерді сыйлауды. -Біз үлкенбіз бе? -Иә. -Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр. Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Ал оқушылар оны мазақ етіп кетіп қалады. 1-жүргізуші:Сұрақ:-қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? 2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма? 1-жүргізуші:-Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (оқушылар пікірлерін тыңдау) Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген. Бірақ 17бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті делінген. Ата Заңымыздың 17бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген. Мұғалім: Бүгінгі мерекеге ата-аналар да қатысып отыр. Ол кісілерді ортаға шақырамыз. Балалар мен бірге мереке баршамызға ортақ, сондықтан ауылдың алты ауызын тыңдасақ. (ата-аналар ән айтады) Сергіту сәті: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру Жанеркенің әншашуы Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! Мадина Әншашу: «Саржайлау» Хор: Егеменді Қазақстан у в городе Жезказган работаю в школе №8 учитель начального класса люблю детей у меня двое детей и я счастлива
05.01.2017 14:38