СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология пәнінен "Құстар класы"бөлімі бойынша сабақты орта мерзімді жоспарлау 7-сынып (12 - 13 жас)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба

Мен бірінші бетпе-бет кезеңін тәмәмдап, оқыған, білген, түйгеніммен өз мектебіме келдім. Ендігі мақсатым, мектептегі тәжірибемді нәтижелі орындау болды. Ол үшін бірінші сынып таңдау керек, көп ойланып 7 «Ә» сыныбын аламын деп шешім қабылдадым. Неліктен осы сынып деген сұраққа былай жауап бергім келіп отыр: қазіргі ХХІ ғасыр оқушыларының білім алуға деген қызығушылықтарын оятып, белгілі бір нәтижеге жету үшін ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүру керекпіз. Егер бастауыш буыннан жақсы оқып келген оқушыны пәнге қызықтыра алмасақ, оқушылар пәннен басқа қызықтыратын нәрселерге тез еліктеп, кейіннен қателік жасағандарын түсініп жатады, бірақ уақытты кері айналдыра алмайтынын түсініп, қамығады. Сондықтан да, 7 сынып оқушылары да осы аралықта жүр (переходной возраст – аумалы-төкпелі кезең) деп, осы балаларға келешегіне пайдалы, табар табысының көзі – білімге баулуды, қызықтыруды жөн деп санадым. Ендігі кезек, сабақтарымды алдын-ала жоспарлап, кескін жасап алу үшін ең алдымен орта мерзімді жоспар яғни, жыл басында бекітіп алған тақырыптық-күнтізбелік жоспарға бағыттала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жасау керек болды. Сонымен, күнтізбелік жоспарға сүйене отырып, жоспар бойынша «Құстар класы» тарауын алдым. Тарау төрт сабақтан құрылғандықтан, орта мерзімдік жоспарға осы сабақтарды кірістірдім. Ондағы мақсатым: тарау тақырыптарын жеке қарастыра отырып, мақсатқа сай күтілетін нәтиже, тақырыптарға қолданылатын модульдер мен нәтижелі бағалауды көрсете білу болды. Міне, осындай мақсаттардан бастау алып, сабақтарымның нәтижелі, сәтті өтуін саралап, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдерді кіріктірдім. Сонымен, жоғарыда көрсетілген жоспарда кіріктірілген әдіс-тәсілдерді жоспарлап алдым, осы кезде мен сынып оқушыларының білім деңгейлерінің, үлгерімдері мен тәртіптерінің әртүрлілігінде ескеруге тырыстым. Оқушыларға тапсырмаларды түрлендіріп беру арқылы, өздерін-өздері реттеуге, критерийге бағынуға, бағалауға дағдыландыруға тырыстым деп ойлаймын. Алдағы уақытта жоспар бойынша туындайтын мәселелерді, қайта қарастырып өңдеуге дайындалудамын. Себебі, бұның бәрі болжау, ал іске асыру барысында жоқ дегенде бір-екі кемшілік болуға тиіс. Ізденген адам кез-келген мәселе шешімін табады деп сенемін.

Категория: Биология
05.04.2018 19:11


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!