СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)Қызықты да, қиын химия» атты кешімізге «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР»
Ә) Әділ-қазылар тобын сайлап алайық, олар 11 сынып оқушылары.
ІІ.негізгі бөлім
Барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар біз бүгін сіздермен химия пәнінің қызықты, әрі қиын екенін көреміз. Ол үшін мен өзіме көмекші екі оқушыны шақырамын, олар маған көмектеседі. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.
ІІІ. Топқа бөлу: (берілген карточкадағы химиялық элементтер бойынша 3 периодқа бөліну, яғни 3 топқа. 1-қосымша)
1-топ
2-топ
3-топ
ІV. Топтық жұмыс.
№1 тапсырма: көрсетілім жасалады, оқушылар мұқият тыңдап қадағалап отырады да соңында тиісті реакция теңдеулерін жазады.
«Сүттің суға айналуы»
Кальций хлориді ерітіндісінің натрий карбонаты ерітіндісі қосқанда ақ тұнба түзіледі, түзілген ақ тұнбаға 20% - дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап, түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Жауабы:
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3¯ + 2NaCl
Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (IV) оксиді тұзіледі, көмір қышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
№2 тапсырма:
«Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 3 ұяшық беріледі. Ұяшықты жереби арқылы таңдаймыз. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.
1 ұяшықта: массасы 8 г көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін тап. (Ж.4,032л)
2 ұяшықта:
3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)
3 ұяшықта:
1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)
Мұғалім: көрініс көрсетеді
«Көрінбейтін бояу»
Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіруге болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да бол
№3 тапсырма:
Келесі кезекте оқушыларға сұрақтар қоямыз. Сұрақ жауабы қандай әріп таңдасақ, сол әріптен басталуы тиіс. Әріпті де жеребимен аламыз. Сұраққа тез әрі нақты жауап беруіміз керек.
«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
2.Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.
3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)
4.Бейметалл (көміртек,күкірт)
5.Сілтілік металл (калий)
6.Екі валентті элемент (кальций)
7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)
8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)
9.Лакмус сілтіде (көгереді)
10.Химиялық байланыс (ковалентті)
«М» әрпі
1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
2.ІІ валентті элемент (магний)
3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)
4.Атомдар нені құрайды (молекула)
5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)
6.Шалшық газы (метан)
7. Калий перманганаты (марганцовка)
8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
9.Индикатор (метилоранж)
10.Темір (металл)
Мұғалім: көрініс көрсетеді
«Вулкан»
1г темір ұнтағы мен 2г калий силитрасының ұнтағын араластырамыз. Оны азбест қағазының ортасына 4-5 қасық үйеміз де, ортасына кішкене этил спиртін тамызып жағамыз. Сол кезде отшашу байқалады.
V. Қорытынды. Сонымен біздер бүгінгі сабағымызда химия пәнінің қызықты да қиын жақтарын көрдік. Енді үш топтың нәтижесін шығарып, марапаттайық.
© 2017, Сексенбиева Зинат Канатовна 882