СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 29.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Формалардың элементтері. Формаларды баптау

Нажмите, чтобы узнать подробности

ААЖ Дәріс №28

Формалардың элементтері. Формаларды баптау

Формалар

Қажетті кестелерді құруды аяқтағаннан кейін сізге формалар керек болады, олардың көмегімен қарапайым қолданушылар іске асыра алатын, деректерді кестеге енгізу мен өзгертулер жүргізіледі, сонымен бірге формалар деректерді енгізуді өте жылдам атқарады.

Access-те МБ-мен жұмыс жасауға арналған графикалық интерфейс құрастырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Олардың ең маңыздысының бірі мәліметтерді енгізу-шығару формалары болып саналады. Формалар МБ-ын өңдеудің негізгі қызметтерін: жүйені іске қосу, қарау, іздеу, түзету істерін жүзеге асырады. Формаларды құрастыру тұтынушы талаптарына сәйкес Access құралдары арқылы жасалады. Форма жасау барысында: формаға енетін мәліметтер қай кестеден алынатындығы, атап айтқанда кестенің қай өрісі, қандай графикалық элементтер-сызықтар, жазулар, суреттер енгізілетіндігі анықталады.

Бір кесте негізінде жасалатын форма біркестелік деп аталады. Форманы жасау үшін бірнеше тәсіл қолдануға болады:

  1. Кірістіру – Форма (Вставка – Форма) командаларын орындау;
  2. Кірістіру – Автоформа (Вставка – Автоформа) командаларын орындау;
  3. Access обектілерінің ішінен “Формалар” бөлімін таңдап, Жасау (Создать) батырмасына шерту.

1- және 3-жағдайда жұмыс форманы құру режимін таңдаудан басталады. Жаңа форма жасау cұхбат терезесі 22-суретте көрсетілген. Режимді таңдап алған соң, форманың қандай кесте негізінде құрылатындығын көрсету керек.

22-сурет. Форманы құру режимін таңдау терезесі

Форма шебері форма жасау барысында форма негізін құрайтын кестені, кестенің қажет өрістерін, безендіру стилін таңдауға, формаға ат қоюға мүмкіндік береді.

Форма шебері режимінің бірінші қадамда форма негізін құрайтын кестені және сол кестенің қажет өрістерін таңдау керек (23-сурет). > батырмасын басу арқылы белгіленген өрісті, ал >> батырмасын басу арқылы барлық өрістерді жаңа формаға енгіземіз. < және << батырмалары кері қызмет атқарады, сәйкесінше белгіленген өрісті және барлық өрістерді жаңа формадан алып тастайды.

23-сурет. Форма жасаудағы өрістерді таңдау терезесі

Форма шебері режимінің екінші қадамында формадағы мәліметтердің орналасу түрін таңдаймыз: бір бағанаға – өрістер тігінен орналасып, жазбаның бір ғана түрі шығады; таспалық – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; кестелік – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; тураланған – өрістер бір немесе бірнеше жолдарға орналасып, жазбанаң біреуі ғана шығады (24-сурет).

Келесі қадамда форманың стилін таңдаймыз (25-сурет). Бір стильден екінші стильге ауыса отырып, ең үйлесімді деген стильге тоқтауға болады. Форма шеберінің соңғы қадамында формаға ат беру керек. Access жүйесі оны автоматты түрде жасай алады. Бастапқы ат ретінде бұл кесте үшін жасалатын форманың рет нөмірі жазылады. Бұл қадамда өзіңнің келесі әрекеттеріңді де анықтауға болады. Ол үшін ауыстырғыштың “форманы қарау үшін немесе мәліметтерді енгізу үшін ашу” немесе “Форма макетін өзгерту” күйінің бірін таңдау керек. Форма шеберінің кез келген қадамда Дайын батырмасын шертіп, форма жасауды тоқтатуға немесе Ары қарай батырмасын баса отырып жалғастыруға болады. Егер де Форма шеберінің жұмысы соңына жетпей тоқтатылса, онда орындалмаған қадамдар соңғы жасалған формаға негізделіп автоматты түрде жасалады.

24-сурет. Форманың көркін таңдау терезесі

25-сурет. Форманың стилін таңдау терезесі.

26-сурет. Формаға ат қою терезесі.

27-суретте “Авто” кестесі үшін құрылған “Бір бағаналық” түріндегі форма көрсетілген. Бұл форманы құру қадамдары 23-26-суреттерде бейнеленген. Формада кестенің тек кейбір өрістері көрсетілген.

27-сурет. “Бір бағаналық” қалыбының түрі

Форманың төменгі бөлігінде жазбалар арасында бірінен-біріне ауысу үшін:

Бірінші жазбаға;

Алдыңғы жазбаға;

Жазбаның өрісінің нөмірі;

Келесі жазбаға;

Соңғы жазбаға;

Жаңа жазба батырмалары орналасқан.

Керекті батырмаға баса отырып, бірінші немесе соңғы жазбаға баруға, бірінші жазбадан соңғы жазбаға немесе кестеге жаңа жазба енгізуге болады. “Жазба өрісінің нөмірі” ағымдағы жазба нөмірін көрсетеді.

28-суретте “Авто” кестесі үшін құрылған “Таспалы” түріндегі форма көрсетілген. Формада “Авто” кестесінің тек кейбір өрістері көрсетілген. Сонымен, “Амастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өрістер үшін тізімнен мәндер таңдауға мүмкіндік бар (“Марка” өрісі).

28-сурет. “Таспалы” форма түрі

29-суретте “Авто” кестесі үшін құрылған “Кестелік” түріндегі форма көрсетілген. Формада “Авто” кестесінің тек кейбір өрістері көрсетілген және өрістердің жалғасуының өзіндік реті таңдалған. Сонымен, “Алмастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өрістер үшін тізімнен мәндер таңдауға болады (“Марка” және “Түс” өрістері).

30-суретте “Авто” кестесі үшін құрылған “Тураланған” түріндегі форма көрсетілген. “Алмастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өрістер үшін тізімнен мәндер таңдауға мүмкіндік бар (“Марка” және “Түс” өрістері).

29-сурет. “Кестелік” форманың түрі

30-сурет. “Тураланған” форманың түрі

2. Автоформа режимінде форма жасау

Автоформа: бір бағаналық, Автоформа: таспалы, Автоформа: кестелік режимі көркемдеу стилі алдын-ала айқындалған барлық өрістерді кіргізетін формаларды жасайды. Экранда мәліметтермен толықтырылған форма шығады.

31-суретте “Зауыт” кестесі үшін құрылған “Зауыт1” формасы берілген. “Алмастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өрістер үшін тізімнен мәндер таңдауға мүмкіндік жоқ (“Қала”өрісі).

31-сурет. Автоформа: бағаналық режимінде жасалған форма

32-суретте Автоформа: таспалы режимінде “Зауыт” кестесі үшін құрылған “Зауыт2” формасы берілген. Жоғарыдағы формадағыдай бұл форманың да “Алмастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өріс үшін тізімнен мәндер таңдауға мүмкіндік жоқ (“Қала”өрісі).

33-суретте Автоформа: кестелік режимінде “Зауыт” кестесі үшін құрылған “Зауыт3” формасы берілген. Бұл форманың да “Алмастырып қою” парақшасының қасиеттері айқындалған өрістері үшін тізімнен мәндер таңдауға мүмкіндік жоқ (“Қала”өрісі).

32-сурет. Автоформа: таспалы режимінде жасалған форма

33-сурет. Автоформа: кестелік режимінде жасалған форма

Диаграмма режимі диаграммасы бар жаңа форма құру үшін қолданылады. Ол үшін диаграмма құру Шебері қосылады, одан кейін диаграммасы бар жаңа форма Форма режимінде ашылады. Толық (сводная) кесте (Сводная таблица) режимі Microsoft Excel толық кестесімен жаңа форма құру үшін пайдаланылады.

3 Конструктор режимінде форма құру

Конструктор режимі форма жасауға ғана емес, бар форма мәтінін өңдеуге мүмкіндік береді. Конструктор режиміне форманы өңдеуге арналған келесі тараулар бар:

  • форма тақырыбы – форманың басында орналасады;
  • жоғарғы колонтитул – форманың жоғарғы бөлігінде, мұнда жалпы тақырыпты, графалар тақырыбын, мерзімді орналастыруға болады;
  • мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбалары, қайталанбайтын өрістерді мәндері орналасады.
  • төменгі колонтитул – форманың төменгі бөлігінде шығады.
  • формадағы ескертпе– форманың соңында шығады.

Бұл тарауларды қосу немесе алып тастау үшін Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) және Түр – Тақырып – Форматың ескертпесі (Вид – Зоголовок – Примечание формы) командаларын орындау керек. Форманы Ашу батырмасы көмегімен қараған кезде “Жоғарғы колонтитул” және “Төменгі колонтитул” тараулары көрінбейді. Әр формаға ат беріледі. Access автоматты түрде форма аты ретінде форма макетінің “Қолтаңба” (Подпись) қасиетіде жазылған мәтін пайдаланады. Егерде бұл “Қолтаңба” қасиетінде ат берілмеген болса, онда оның орнына форма аты пайдаланылады. Формада бастапқыда, әдетте, тек мәліметтер аймағы ғана көрінеді. Конструктор терезесінің жалпы түрі 34-суретте көрсетілген.

34-сурет. Конструктор терезесі

Форма аймағы әр түрлі графикалық объекттермен: өрістермен, жазбалармен, енгізілетін объектілермен толтырылады. Элементтерді басқарудың негізгі түрлері өріс, тізімі бар өріс және тізім болып табылады. Формада әр түрлі мақсаттар үшін басқару батырмалары жасалады, мысалға, кестеде басқа жазбаға көшу, жазбалармен жұмыс жасау (қосу, көшірме алу, қалпына келтіру, кетіру, сақтау), формалармен жұмыс жасау үшін (ашу, жабу, сүзгіден өткізу, жаңарту). Кесте негізінде жасалған әрбір формаға автоматты түрде жазба бойынша (бірінші жазба, алдыңғы жазба, келесі жазба, жаңа жазба) қозғалуға арналған батырмалар енгізіледі. Бұл батырмалар форманың төменгі бөлігінде орналасады. Конструктор режимінде батырмалар көрінбейді, тек форманы Ашу режимінде қараған кезде көрінеді. Форманы мәтінді өңдеу техникасын пайдалана отырып, форма өрістерінің орындарын, қасиеттерін, қарібін және өлшемін, өріс қолтаңбасын (подпись), форма тақырыбындағы мәтінді т.б ауыстыруға болады.

Форманы жасау кезінде қажетті іс-әрекеттер жасау үшін Конструктордың аспаптар тақтасын қолданамыз. Оны қосу Түр – Аспаптар тақтасы (ВидПанель инструментов) командасы арқылы жүзеге асады. Онда Формалар конструкторы (Конструктор форм) тізімін таңдап, Баптау (Настройка) батырмасын басу керек. Экранның сол жағында орналасқан Конструктордың аспаптар тақтасындағы негізгі батырмаларын атап шығайық (солдан оңға жоғардан төменге):

  • Объект таңдау
  • Шеберлер
  • Жазба
  • Өріс
  • Топ
  • Өшіргіш
  • Ауыстырғыш
  • Жалауша
  • Тізімі бар өріс
  • Тізім
  • Батырма
  • Сурет
  • Объекттің бос шектеулер
  • Бетке бөлу
  • Тіркемелер жиынтығы
  • Бағынышты форма/ отчет
  • Сызық
  • Тікбұрыш
  • Қосымша элементтер

Бұл аспаптар тақтасының батырмаларын қолдана отырып, тұтынушы форма арқылы мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы графикалық интерфейс жасайды.

Сонымен қатар, негізгі аспаптар тақтасынан төмен форматтау тақтасы орналасқан. Тақтаның терезелері мен батырмаларын атап шығайық (солдан оңға). Бірінші терезе форматталатын объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Екінші терезеде қаріпті, үшіншіде – оның өлшемін таңдауға болады. Одан кейін мәтіннің келесі қасиеттерін тағайындайтын 3 батырма және туралау батырмалары орналасқан: Жартылай қарайтылған, Курсив, Асты сызылған, Сол жаққа, Ортаға, Оң жаққа. Келесі батырмалар – фонның түсі, Мәтін түсі, Сызық-шекара түсі, Сызық-шекара қалыңдығы және Кәдімгі көркемдеу батырмалары.

Жалпы форма сияқты оның әрбір элементінің де өзіндік қасиеттері бар. Оларды тышқанның оң жақ батырмасын басып жанама менюдің Қасиеттер командасын немесе Түр – Қасиеттер (Вид – Свойства) командасын орындап, қарауға, түзетулер енгізуге болады. Форманың жанама менюінен шығару үшін курсорды Конструктор терезесіндегі сызғыштардың қиылысуының сол жақ жоғарғы бұрышын орналастырып тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Форманы Түзету – Форманы белгілеу (Правка – Выделить форму) командасымен белгілеуге болады. Ашық формадан Конструктор режиміне көшу үшін аспапдар тақтасында Форманы көрсету (Представление формы) батырмасын басып немесе Түр – Қалытар Конструкторы (ВидКонструктор форм) командасын орындап жүзеге асыруға болады.

Тақырып мәтінін енгізу үшін элементтер тақтасындағы Жазба (Надпись) батырмасын қолданамыз. Жазбаны формаға орналастыру үшін тышқанды осы батырмаға бір шертіп, тышқан көрсеткішін формадағы керекті жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып жібермей объектіні қажетті өлшемге дейін созамыз. Одан кейін жазба (надпись) мәтінін енгізіп, Enter батырмасын басамыз. Жазбаның (Надпись) өлшемін өзгерту немесе басқа жерге орналастыру керек болса, басқару элементіне шерту керек. Жазба (Надпись) шекаралары нүктелермен ерекшеленеді – 34 суретте «Нөмір» жазбасы солай ерекшеленген. Мәтінді көркейту кезінде форматтау тақтасында қажетті қаріп пен басқа параметрлерді таңдауға болады. Бұл жазба үшін 34 суретте қасиеттер терезесі көрсетілген, “Барлығы” парақшасында Қаріп - Arial Cyr, Қаріп өлшемі - 11, Қоюлығы – жартылай қарайтылған қасиеттері көрсетілген. Қасиеттердің басқа түрлерін таңдап, қажет параметрлерін орнатуға болады, мысалға Фон түсі, Көркейту, Шекара түрі, Шекара түсі, Мәтін түсі т.б.

Формада өріс жасау үшін Өріс, Тізімі бар өріс және Тізім сияқты элементтер тақтасының батырмаларын пайдаланамыз. “Зауыт” кестесі үшін Конструктор режимінде форманы жобалау мысалымен өрістерді қалай құру керек екендігін қарастырайық. Форманың бастапқы түрі 35-суретте көрсетілген.

Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) командасын орындап жоғарғы және төменгі колонтитулдарды формаға енгізейік. Жоғарғы колонтитулдың фон түсін жанама менюдің Бояу – фон түсі командалары арқылы өзгертеміз. Жоғарғы колонтитулға “Зауыттар жөнінде мағлұмат” деген мәтінді орналастырамыз. Осы әдіспен мәліметтер аймағының фоны түсін өзгертеміз. Мәліметтер аймағына жазбаның (надпись) көмегімен “Зауыт аты” мәтінін орналастырып, Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп тағайындаймыз. Бұдан кейін Өріс батырмасын шертіп, “Зауыт аты” деген өрісті жазба түсына орналастырамыз. “Мәліметтер” парақшасында Мәліметтер өрісі қасиеті үшін тізімнен керекті өріс атын таңдаймыз. Содан соң “Барлығы” парақшасында Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп орнатамыз. Аталған іс-әрекеттерден кейінгі форма түрі 36 суретте көрсетілген. Сонымен бірге суретте Өріс парақшасының қасиеттер терезесі көрсетілген.

35-сурет. Форманың бастапқы түрі

Енді формаға мәтіні бар өріс енгіземіз. Бұл өріс үшін қаріп өлшемі 10-ға тең “Қала” мәтінін жазамыз. Тізімі бар өріс батырмасын басып формаға орналастырамыз. Бұл “Мәліметтер” парақшасындағы өрістің қасиеттері үшін келесі параметрлерді таңдаймыз: Мәліметтер қасиетінде “Зауыт” кестесі үшін керекті “Қала” өрісін таңдаймыз; Жол негізі түрі қасиетінде Кесте-сұраныс мәнін таңдаймыз; Жол негізі қасиетінде мәліметтер енгізерде қала аттарын алатын “Қала” кестесінің атын көрсетеміз; Қосылған бағана қасиетінде 1 мағынасын көрсетеміз. Форманың жаңа түрі 37-суретте көрсетілген. Жасалған өріс үшін “Барлығы” парақшасының қасиеттері ашық.

36-сурет. Өріс орналастырылғаннан кейінгі форма түрі

Одан кейін «Директор аты-жөні» жазбасын орналастырып, ол үшін Қаріп өлшемін 10-ға тең етіп таңдаймыз. Аспаптар тақтасындағы “Батырма” аспапын таңдап, оны формаға орналастырамыз. “Батырманы” формаға орналастырғаннан кейін оның өлшемін тышқан батырмасын басып тұрып жылжытып, қалауымызша өзгертеміз. Тықанды бір шерту объекті ерекшелейді, бұдан кейін оның өлшемі мен орнын өзгертуге болады. “Батырманы” формаға орналастырған кезде сұхбаттасу терезесі ашылады. Бұл терезеде батырма үшін дәреже және оның атқаратын іс-әрекетін анықтауға болады, мысалы “Формамен жұмыс” дәрежесін және “Форманы жабу” іс-әрекетін таңдаймыз (38-сурет). Сұхбаттасу терезесінің келесі қадамында (39-сурет) батырмада сурет немесе мәтін болатындығын анықтау керек. Егер бар суреттерді қарау керек болса, «Барлық суреттерді қарау» жалаушасын белгілеу қажет, суреттерді көріп, қажеттісін таңдаймыз.

37-сурет. Тізімі бар өрісті орналастырғаннан кейін форма түрі

38-сурет. Батырма үшін дәреже мен іс-әрекет таңдау

39-сурет. Батырманың мәтінін немесе суретін таңдау

Сұхбаттасудың соңғы қадамында батырмаға ат беріп, Дайын (Готово) батырмасын басу керек (40-сурет). Формаға орналастырған батырманың “оқиғасын” өңдеу процедурасын көру үшін Қасиеттер терезесінің “Оқиға” парақшасының Батырмаға басу оқиғасын таңдап, көп нүктесі бар төртбұрышқа басу керек. 41 суретте форманың жаңа түрі мен Батырмаға басу (Click) процедурасының мәтіні берілген.

40-сурет.Батырманың атын беру

41-сурет. Шығу батырмасы процедурасының терезесі.

Аспаптар тақтасының батырмаларын пайдаланып формаға басқа да суреттер, жалаушалар, ауыстырып қосқыштар қоюға болады болады. Формаға қойылған элементтерді графикалық әдіспен ғана емес, қасиеттерін өзгерту жолымен редакциялауға болады. Бір шерту арқылы объектті белгілеп, көлемі мен орналасқан жерін өзгертуге болады. Екі шерту арқылы элементтің қасиеттер терезесін ашып, керекті өзгертулер енгізуге болады.

Қасиеттер терезесін ашу үшін горизонталь және вертикаль сызғыштардың қиылысына тұрып, жанама меню арқылы Қасиеттер басқару командасын орындаймыз. Макет тақырыпшасында Қол, Айналдыру сызықтары, Автоматты көлем, т.с.с. қасиеттерді редакциялауға болады, және де жабу батырмасын, терезенің көлемдері батырмасын, терезе менюі батырмасын орнатуға болады. Сондай-ақ Макет тақырыпшасындағы форманың тақырыбы, жоғарғы колонтитул, төменгі колонтитул, сияқты қаситтерді өзгертуге болады.

Форманы сақтау үшін Файл – Сақтау (Файл – Сохранить) командасы орындаймыз немесе аспапдар тақтасындағы Сақтау (Сохранить) батырмасы басамыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Форма не үшін керек?
  2. Форма жасаудың қандай режимдері бар?
  3. Форма шебері (Мастера форм) режимінде өрістерді таңдаудың қандай мүмкіндіктері бар?
  4. Формаға қандай элементтерді орналастыруға болады?
  5. Форма шебері (Мастера форм) режимінде форманың қандай түрлерін таңдауға болады?
  6. Форма үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
  7. Формада орналасқан кез келген элемент үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
  8. Қасиеттер терезесінде қандай парақшалар бар?
  9. Формада өріс үшін тізімнен мәндерді таңдауды қалай жасауға болады?
  10. Автоформа: бір бағаналық (в столбец) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
  11. Автоформа: таспалық (ленточная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
  12. Автоформа: кестелік (табличная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
  13. Автоформа: кестелік (табличная), Автоформа: таспалық (ленточная), Автоформа: бір бағаналық режимдерінің айырмашылығы неде?
  14. Форма жасаудың Конструктор режимі не үшін керек?
  15. Форма жасауда Конструктор режиміне қалай кіреміз?
  16. Форманы редакциялауда Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер береді?
  17. Формадағы жазбаның (надпись) фон түсі мен мәтін түсін қалай өзгертеміз?
  18. Өрістің қаріп, қаріп мөлшері, қоюлығы және т.б. қасиеттері үшін жаңа параметрлерді қалай таңдаймыз?
  19. Формаға суретті қалай ендіреміз?
  20. Формадағы батырма не үшін керек?
Категория: Информатика
11.04.2017 12:11


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя