СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша нұсқаулық

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сынып оқушылары:

Тыңдалым бойынша:

- нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсінеді; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет галареяларына қатысты айтылған ақпараттарды түсінеді және қолдана алады; сөйлеушілердің ойын толық түсіне алады.

Оқылым бойынша:

- күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне, Қазақстандағы мәдени орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты мәтіндерді оқып, түсінеді; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді табады, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды қолданады; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғады.

Айтылым бойынша:

- өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арманым-үміті, жоспарлары жайлы айта алады; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алады.

Жазылым бойынша:

- өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алады; берілген мәтінді түріне қарай ажыратады, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізеді; өзінің жеке басына қатысты хат жаза біледі; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алады; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелегіш құралдарды табады, салыстырады, өзінің жазған мәтінінде қолданады.

Тілдесім бойынша:

- Әр түрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алады; күнделікті қарым-қатынаста диалог, монологты берілген тақырып аясында өз бетінше құрады, дайындықсыз сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысады; сөйлесім әрекетінде сөйлеу мәдениетінің нормаларын біледі және қолданады; тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдаланады; таныс жағдайларға байланысты нақты берілген конструкцияларды пайдаланып сөйлесе алады; кейбір кідірістерді жеңе отырып, өз ойын түсінікті жеткізе алады.

Лексика:

12.10.2017 18:45


Рекомендуем курсы ПК и ПП