СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
XX ғасырдағы қазақ ағартушылары.
1. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
2. Абайдың философиялық көзқарастары.
3. Ш.Құдайбердиевтің философиясы.
Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.
Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.
Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов.Экономикалық және саяси реформалар халықтың дәстүрі мен қажеттіліктеріне сүйенуі керек.Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде қазақтардың басқару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.
2. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.
Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.
Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.
Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.
3. Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.
Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді» – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».
© 2020, Дименова Әйгерім Жанболатқызы 239