СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мақсаты: «Толағай» бүлдіршіндері және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар, армысыздар! Болашақтың бастауы, балғын шақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, үміт күткен ел арманың қолдасын! Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан, ізгі ниет жақсы өнерге тозбасын,-дегендей, бүгін «Әкем, шешем және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорт сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ортаға: «Қыран», «Сұңқар», «Жұлдыз» отбасыларды шақырамыз.
Ендеше ата-аналар және балалар сайысымызды бастамас бұрын, дене шынықтыру мұғалімімен бірге денемізді бір сергітіп алайық
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер!
Әділ қазы алқасы!
Әділ баға беріңдер! дей отырып әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Балабақша меңгерушісі: Р.М. Толесинова
Балабақша кәсіподақ мүшесі: М.Б.Алмамедова
Балабақша шарушылық меңгерушісі:
Жүргізуші: Жарайды ендеше ата-аналар және балалар сайысымызды бастамас бұрын, дене шынықтыру мұғалімімен бірге денемізді бір сергітіп алайық.
Сайысымызды бастамас бұрын, ойындармен таныс болыңыздар.
Сайыс шарттары:
1. «Таныстыру»
2. «Кім епті?»
3. «Сурет салу»
4. «Кім мықты?»
5. «Кім епті»
6. «Тенис добын тасу»
Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болдық, әр сайысымыз әділқазылар «3», «4», «5» деген ұпаймен бағалайды. Ендеше сайысымызды бастайық.
Жүргізуші: Ендеше 1 кезеңіміз таныстыру кезең.
Шарты: «Әр топ өз тобының атын, ұранын айтып таныстырады»
«Қыран» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Сұңқар» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Жұлдыз» тобы ортаға өздерін таныстырсын
Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
2.Кім епті?(ата-аналар)
Ойынның шарты: Әкесі мен анасы баласын қолына отырғызып алып мәре сызығынан кедергілер арасымен жүгіріп кері келеді.
Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңі.
Әділқазы ел тсенген,
Өнерге баға беріңіз!
3. «Сурет салу».
Ойын шарты: Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соңотбасының әрбір мүшесі үйдің суретінің бір бөлшегін салу тиіс. Мыс: бірі үйдің төбесін, бірі терезесін, бірі есігін т. б. Кері қайтқанда кедергілердің арасымен жүгіріп қайтады. Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
«Аққулар» тобының бүлдіршіндері қуыршақ би тамашалайық.
4. Кім мықты?
Ойын шарты: Қанар қапты аяғына киіп кедергілер арасынан секіріп нысанадан айналып келу. (ата- ана)
Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!
5. «Навигатор»
Ойын шарты: Шелектегі судан қасықтап тасып стаканды суға толтыру.
Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығам деп сеніңіздер
6. Тенис добын тасу
Ойын шарты: тенис тақтайшасымен тенис добын тусермей маре сызығына келу.
Әділқазылар алқасының бағасы «3», «4», «5» ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін.
Өнерге бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті әділқазы алқаларының бағалары дайын болғанша
«Аққулар» тобының бүлдіршіндері «Қолшатыр би» биімен қарсы алайық. Әділқазылар алқасы балалар мен ата-аналарды, марапаттап құттықтайды.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар жүлделеріңіз құтты болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!
© 2019, Каримова Шойра Акрамовна 372