СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тақырыбы : « Кеше сәби-бүгін міне жас ұлан »
Мақсаты : Білімінің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,орта буынға көшуге сәт сапар тілеу.
Көрнекілігі: шарлар
Техникалық құрал: мультимедиалық кешен
Жүргізушілер:
Нұрлыбек : Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп,оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін,міне қоштасады бастауышпен
Әнімен,жырына,тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Айбота: Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырып,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер,
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп,кешегі сәби-еркелер.
Димаш: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Кеше сәби-бүгін міне жас ұлан » мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қуаныш : Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырамыз. / музыка ойнап тұрады/
Хормен : Мектебім-айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды,
Өзіңе қайтарамын.
Ән хормен. « Мұғалім»
Қуаныш : Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,-деп Төле би бабамыз,айтқандай,құттықтау сөзі мектебіміздің басшысы: Молдахаликов Асемхан Нұртазаұлына беріледі.
Айдана:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып,тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне,сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Саяна :
Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Ұстазым ғылымға жольсалып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Айбота : Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға –деп Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты,хат танытты,еңбек ете білуге үйретті,білімге жетеледі,әдептілікке үйретті.Ұстаздарымызға мың алғыс айтып бас иеміз.
Пән мұғалімдеріне пародия жасау,өздері шығарған тақпақтарын оқиды./Ұстаздарға гүл сыйлайды./ Надежда Газизовна,Балғанша Ашуовна,Жанагуль Толегеновна,Нұрсұлтан Амандықұлы
Нұрлыбек : Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен :
Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата-ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Қыздардың орындауында «Арива » биі
Димаш : Шіркін,біздің қыздар қалай тамаша билейді! Солай емес пе? –Қуаныш.
Қуаныш : Иә,Алмасбек сонымен қатар біздің құрдастарымыз әнді де жақсы айтады.Олай болса,Ерболдың жеке орындауында « Ұстазым » әнін қабыл алыңыздар.
А.Меруерт:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сеннен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Диас:
Жүзің жылы,құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
КВН : Рахат,Алмасбек,Диас
Нұрлыбек : Қуаныш,төрт жыл бірге оқысақ та,біздің құрдастарымыз бірінен соң,бірі мені таңғалдыруларын қояр емес,барлығына қалай үлгіріп жүрді екен.
Қуаныш : Әрине,оның бәріне алдымен ынта,содан соң шыдамдық керек,өз еңбегінің жемісі ретінде Б.Меруерт пен Айботаның орындауларында « Фристайл » биі қабыл алыңыздар.
Марат:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат,күш –әлім
Биікке самғап ұшармын.
Наргиза :
Байсалды мінезіңнен бірқалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстатттың қағаз,қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады
Айбота :
Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік,балалар,
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсең кітапты-дей келе ана тілінен оқыған,жерлесіміз ақын Серікбай Оспановтың «Ең жақын кім адамға » ертегісін тамашалаңыздар./Аружан,У.Азамат,Бейбарыс,Молдаш,Айдана/
Батима :
Беруші ең бізге айтып өлең,тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Азамат Д :
Бастауышым-бастамам
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас дарын
Айбота : Құрдастарымның сөздерімен мен де келісемін,келесі тамашалайтындарыңыз, «Ара мен шыбын» мысалынан көрініс / А.Меруерт,Рахат,Нұрбек /
Нұрлыбек : Ахау,жаным, айдай,
Құрдастарым қайда-ай. Құрдастарым мені енді немелерімен таңғалдырар,ту Қуаныш мен тіпті әндетіп,кеттім ғой.
Қуаныш : Иә, Нұрлыбек,сен бүгін,әбден риза болдың-ау.
Олай болса,құрметті ата-аналар Димаш,Ербол,Арманның орындауында «Есіл ағады » әнін қабыл алыңыздар.
Нұрлыбек :
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілмен.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.
Айбота:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан- мұғалім
-дей отырып, ата-аналарға сөз береміз,өз лебіздеріңізді білдірсеңіздер.
Ата-аналардың құттықтауына музыкалық сәлем ретінде,келесі әндерді қабыл алыңыздар.
Саяна,Меруерт
Абай :
Бастауышым –балбұлағым,
Лаулап жансын шам-шырағың,
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Аружан :
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым-балқұрағым,
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән хормен: « Ұстазым »
Хормен барлық балалар
Қош бол,балғын балалық,
Қош бол,сүйікті бастауышым!
/барлық балалар қол бұлғап қоштасады./
/соңғы жолы айтыла бастағанда оқушылар сахнаның алдына шығады,қалғандары төменде вальс билейді/
© 2016, Орынбаева Гаухар Тортаевна 685