СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әліппе саған мың алғыс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сыныпта Әліппе кезеңінің аяқталуына орай өткізген "Әліппе саған мың алғыс" атты тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу мерекесі «Қош бол,Әліппе»

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың

алған білім-беру дағдыларын көрсету.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ертеңгілік

Әдісі: Ұлттық этно-педагогикалық салт-дәстүрді насихаттау

Көрнекілігі: Бет перде әріптер, ұлағатты сөздер, оқулықтарға арналған банерлер, шарлар, гүлдер, слайд, фотомонтаж.

Қатысушылар: Ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,тәлімгерлер

Жүргізушілер: 5-сыныптағы шәкірт-оқушы тәлімгерлерім

Ертеңгіліктің барысы:

Мұғалім : Құрметті ұстаздар мен аяулы да ардақты ата-аналар,бүгін 1 сынып оқушылары өздерінің алған білімдері мен өнерлерін көрсеткелі отыр.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен,кіші,жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер,қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге. (Әнұран орындалады)

1- жүргізуші: Айбота

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін

тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.

2-жүргізуші: Қуаныш

-Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- Әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын! Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

1-жүргізуші Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың! Айбота

2- жүргізуші Бала деген шіркін-ай балдай екен!

Тәттілігі жая мен жалдай екен!

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп

Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне

құлақ салайық. Қуаныш

1-жүргізуші: Бар ғылымның бастауы

Бар білімнің бастау

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан? Айбота

Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе.

2-жүргізуші: Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппе өмірі туралы

білесіңдер ме?

- Жазда,ыстық шілдеде Әліппе өмірге келіп, а-а-а- деп алғашқы жылап,

ал депті.Одан кейін біраз уақыттан кейін тісі шыққанда ә-ә-ә-депті,

б-б-б –басын бұрыпты,бер-депті.Тәй-тәй басып ата,апа депті. Сөйтіп,

ержетіп өсіп,ол да қазір ата болыпты.Енді қазір атамыздың 15 қызы, 25ұлы, 2 немересі бар екен.Әліппе атамызды ортаға шақырайық.

Қане, хормен: Қуаныш

- Әліппе, әліппе, әліппе.!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы:

1-сұрақ: -Балалар, әліппені алғаш жазған кім? /А.Байтұрсынов/

2-сұрақ: -Балалар, ең алғаш мектеп ашқан кім? /Ы.Алтынсарин/

3-сұрақ: -Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? /42 әріп /

4-сұрақ: -Дыбыстар нешеге бөлінеді? /2 дауысты,дауыссыз/

5-сұрақ: -Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдаршы. / 9 әріп бар /

Ән «Мектебім»

Балалар тақпақтар оқиды.

1-оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе. Айдана

2. –оқушы:Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштасып

Әліппемен достасып

А –дан бастап әріпті

Теріп маған танытты. Нұрай

3-оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе –ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы Тамирис

4-оқушы: Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достастық,

Әліппемен қоштастық. Мадина

5-оқушы: Әліппенің тойында

Әркім құмар ойынға

Әріптер сыр шашады. Ильяс

Мұғалім : ендеше, сіздермен бір ойын ойнайық

Білім тапсырмаларын орындау.

Әліппе атамыздың ойындарын тамашалайық:

-Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Әліппе тойының тойбастарын ашайық!

(Тойбастарда әріптер)

Балалар екі-екі әріп алып,оларды ата-аналарыңа береді.Ата-аналары 1-2-3 сигналы арқылы алфавит ретімен орнын тауып тұру керек.

6-оқушы: Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа. Қ.Аружан

Тақтамен жұмыс.ойын «Тез тап,жаз!»

Сабина Аспанда не бар? / жұлдыз,ай, күн, бұлт/

Аружан –Атаң сабаққа немен әкеледі? /машинамен,автобуспен/

Айша –Ұзын құлақ,сұр. /қоян /

- Мариям, әжеңізз қандай? / ақылды, мейірімді/

- Жансая,мемлекеттік туда не бейнеленген? /қыран,ою,күн /

- Нұралы, немен көресің? /көзбен/

-Гүлнұр, шайды немен ішесің? /кесемен/

- Даурен, орманда не бар? /ағаш,аң,жануарлар/

7-оқушы: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ертегі қоялам. Мансұр

Көрініс «Шалқан» ертегісін сахналау.

Адиль,Томирис,Арман,Даниял, Салтанат, Данияр

Мұғалім : - балалар,енді жұмбақтардың шешуін тауып көрейікші

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған /бор/

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «Тоқта,жүр » дейді / бағдаршам/

Бойлаған сайын тереңге,

Шығасың биік белеске. / білім /

Әліппе атамыздың құрметіне «Қара жорға» биін тамашалайық.

8- оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауаты боп шықты міне балаңыз. Даяна

Ән « Отан »

9- оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен. Азамат

Әліппеге сөз беру.

Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып.

Өсе берсін санамыз!

Әумин.

Қош болыңдар, балалар!

Барлығы: « Әліппе!» әнін орындайды

Мұғалім :

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын,ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

20.02.2016 13:42


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!