СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Логопедтік кеңестер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамуында ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл деген дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор маңынасы бар.

Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.

Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққ а деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату.

Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тыйым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында ренжітпеу керек.

Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тыйым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шаюды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударуды т.б үйрету;

- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;

- балаға күн сайын қысқа ертегілер оқу;

- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;

- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердң орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;

- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.

Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істету, оларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі.

Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;

- балаға асыра жүктеме жасамау. Сабақты? 15-20 минуттан аспауы жөн;

- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қолдану керек;

- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді.

Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау керек.

12.04.2016 15:10