СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мақал-мәтелдердің сабақтағы маңызы
Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі- мақал-мәтелдер. «Мақал- сөздің мәйегі», «Мақал-сөздің мұнарасы», деп, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.
Мақал-мәтелдердің баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім тәрбиесінде терең мән бар.
Ендеше балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор екенін өз іс- тәжірибемде көріп келемін. Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, жолдастыққа, батырлық-ерлік, оқу білім т.б. туралы мақалдарды сабақ барысында тапсырма етіп беруді жөн көремін.
Тәрбие сағаттарында « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз», «Өз елің – алтын бесігің», «Отан- оттан да ыстық», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отан отбасынан басталады», «Оқусыз- білім жоқ, білімсіз- күнің жоқ», «Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы», «Күш білімде», «Оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың», « Шындық шыңыраудан алып шығады», «Досыңды бір алдасаң, өзіңді өмірлік алдағаның», «Өнер алды- қызыл тіл», «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Денсаулық зор байлық»
сияқты мақалдарды топқа бөліп балаларға талдау жасатып отырамын.
« Сын есім» тақырыбын өткенде де « Дәл осылай кім өте мағыналы, тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді жазып келер екен?» деп сабаққа деген қызығушылығын арттырамын.
Мысалы « Зат есім» тақырыбын өткенде оқушыларды берілген жаттығулармен шектелмей, үйге тапсырмалар бергенде зат есімі бар зат есімдерді жазып келуді тапсырамын.
Зат есімнің септелуін өткенде 7 септікке мақал-мәтелдерді пайдаланып түсіндіріп беріп, талдау жасатамын.
Мысалы:
Атау септігі: « Ақыл азбайды, білім тозбайды»
Ілік септігі: «Жердің сәні-егін, ердің сәні-білім», «Шешеннің сөзі-мерген, шебердің- көзі мерген»
Барыс септігі: «Байлық қуған бәлеге жолығады, жолды қуған қазынаға жолығады»
Табыс септігі: «Көпті сөкпе, кенді төкпе»
Жатыс септігі: « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
Шығыс септігі: «Алып-анадан, ат-биеден, аруана- түйеден туады»
Көмектес септігі: «Оқу инемен құдық қазғандай»
Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын табу барысында көбіне мақал-мәтелдер арқылы талдау жасатып отырамын. Мысалы:»Еңбек ата, жер ана» «Көңіл- дария, көз- айна», «Талап-тұлпар, білім- сұңқар»
Сонымен, мақал-мәтелдер халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқына жасалған байқауларынан туған дана сөздер екенін ескере отырып, әрбір сабақта тиімді пайдалануға шақырамын. Сонда ғана тәрбиелі, күнделікті өмірде қолдана білетін жеке тұлға тәрбиелейміз деп
© 2016, Дадаева Ляззат Закиржанқызы 1248