СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
-Саусақтармен сурет салу.
Айқындау құралы: дақ, нүкте,қысқа сызық,түс.
Материалдар:гуашь салынған ыдыс, кез келген түстегі қатты қағаз, кіші мөлшердегі қағаз,сүлгілер.
Бейнені түсіндіру тәсілі:бала гуашьқа саусағын малып,қағаз бетіне нүкте,дақ түсіреді.
Әр саусақты әр түрлі бояуға малады.Жұмысты аяқтаған соң, қолды сүлгіге сүртіп,соңынан жуады.
-Жартылай құрғақ қатты қылқаламен түртіп түсіру.
Айқындау құралы:түсті таңдау.
Материалдар:қатты қылқалам,гуашь,үлпілдек жүнді немесе тікенекті жануардың бейнесі салынып,қйылған қатты қағаз.
Бейнені түсіру тәсілі:бала қылқаламды бояуға малып,көлденеңінен ұстап қағаз бетіне тықылдатып түсіреді.Жұмыс кезінде қылқалам суға батырылмайды. Осылайша,бүкіл қағаз беті немесе қиылып алған шаблон толтырылады.Осы тәсіл арқылы,үлпілдек жүнді немесе тікенекті жануардың бейнесі шығады.
Айқымдау құралы:дақ :дақ,түс,қиялдағы бейне.
Материалдар: гуашь салынған кең ыдыс,кез келген түстегі қатты қағаз, үлкен форматты қағаз,,сүлгілер.
Бейнені түсіру тәсілі: бала бүкіл қалын білегіне дейін гуашь толы ыдысқа батырады да,қағаз бетіне қолдың ізін қалдырады
-Ол оң қолымен де,сол қолымен де сурет салады. Жұмыс соңында қалын сүлгілерге сүртіп,сонан соң жуады.
-Тығынымен із түсіру.
Айқындау құралы: дақ,түс,фактура.
Материалдар: ыдыс ішіне салынған,гуашты өз бойына сіңірген жұқа поралоннан жасалған кішкене жастықша,кез келген түстегі қатты қағаз,тығыннан жасалған мөрлер.
Бейнені түсіру тәсілі: бала тығынды қолына алып,бояуды бойына сіңіріп тұрған жастықшаға батырады да,із түсіреді. Басқа бір түс алу үшін,тығын мен ыдыстағы жастықшаны ауыстыру керек.
-Картоптан жасалған мөрмен із түсіру.
Айқындау құралы: дақ,түс,фактура.
Материалдар:ыдыс ішіне салынған,гуашты өз бойына сіңірген жұқа поролоннан жасалған кішкене жастықша, кез келген түстегі қатты қағаз, картоптан жасалған мөрлер.
Бейнені түсіру тәсілі:бала қолына мөрді алып,бояуды бойына сіңіріп,тұрған жастықшаға батырады да із түсіреді.Басқа түс алу үшін,тығын кен мен ыдыстағы жастықшаны ауыстыру керек.
3-жастағы балалармен сурет салуда дәстүрден тыс әдіс –тәсілдердің нұсқалары.
«Қылқалам орынына қол».
Барлық балалар сурет салғанды жақсы көреді. Шығармашылық олар үшін –жан тәнімен жұмыс істеудің сәулесі.Сезім,ақыл-ой, көз бен қол- жан дүниенің құралы боп табылады. Әлемнің әдемілігі және әсемділігімен, бетпе –бет келе тұрып, таңдану мен таңғалу сезімдерін білдіре отырып,олардың осы бір тамаша сәтті тоқтатуға деген тілектері басым болады да, олар осы сезімдерін қағаз бетіне түсіруге асығады.
Шығармашылықтың қандай да бір қысым арқылы өмір сүруі мүмкін емес.
Ол ерікті түрде,айқын және қайталанбастай болуы мүмкін.
Қарындаш,фламастер,бояулармен достаса жүріп,бала бақылауды,салыстыруды,ойлауды қиялдауды үйренгенін өзі де байқамай қалады.
Бала үшін қарындаш,фламастер,қылқалам мен із қалдыру әдеттегі іс болып табылады,алайда,мөр басу, трафарет жасау үшін алақан мен саусақтарды пайдалану,сурет салудың таңғажайып тәсілі боп көрінеді.
Шығармашылықты осындай жолмен ұйымдастыру,балаларды таңырқатып,сурет салу сияқты қызықты іспен айналысуға жұмылдырады. Осындай айырықша сурет салу үлгісі,баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашады,бояу түстерін,олардың сыр сипатын,көңіл –күйін сезіне білуге мүмкіндік береді.Сөйте тұра,сіздің кішкентай суретшіңіз беті –аузын, үсті-басын былғап жатса, бұл аса қорқынышты емес. Ең бастысы,ол бояумен қарым –қатынастан ләззат алсын және өз еңбегінің қортындысына қуана білсін
Қажетті материалдар мен құралдар:
Ақ түсті қағаз, гуашь бояулары, қылқаламдар,сүлгілер.
Жұмыс тәртібі :Егер алақанға бояу жағып,оны қағаз бетіне бастырсақ,ол алақан таңбасын қалдырып,одан әртүрлі қызықты бейнені көруге болады
Біздің алақанымыз бен саусақ таңбалары арқылы күн бейнесін, көбелектің бейнесін келтіруге болады. Әдемі гүлдің де кірпінің де,қақпа, жан-жануардың қиялдан туған бейнесінің барлығын осы саусақ және алақан іздерімен түсіруге болады.
Саусақтармен мөр басамыз.
Қажетті материалдар мен құралдар:
Сурет салу қағазы, акварельді бояу,сүлгі,қылқаламс, қара қарындаш,газет.
Жұмыс тәртібі :
«Балық»
Басбармақты бояуға матыра отырып,қағаз бетіне таңбасын түсіреміз,саусақ ұшымен балықтың құйрығын саламыз.
Ал көзін қарындаштың екінші басын бояуға матырып саламыз.
«Гүл» Сұқ саусақты түрлі түсті бояуға малып, гүл дестелерін, ал кішкентай саусақпен күлтесін саламыз.Алақан мен саусақ арқылы сурет салу техникасы,штамп,мөр басу техникасына ұқсас келеді Осы әдістердің қай-қайсысын алсаңызда бала шцғармашылығын дамытуда орасан зор еңбек сіңіреді.
© 2016, Жүнісова Нұршаш Құсманқызы 2507