СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бейбітшілікке жетелеп, патриоттық сезімдерін арттыру. Оқушыларды өз елін, Отанын, жерін, тілін сүйіп, құрметтей білуге баулу. Өтілу түрі: аралас Барысы:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге, ата-аналарымызға жылы лебізімізді
арнайық. «Шаттық шеңбер»
- Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша, рахмет сендерге.
- Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт, бейбітшілік деген сөзді айттық.
Ой қозғау.
- Шынымен «Бақыт», « Бейбітшілік» деген не ?
Сендер қалай түсінесіңдер?
- Ал олай болса «Бейбітшілік» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін. мен папасына кезек берейік.
(олар «бейбітшілік» сөзінің мағынасын ашып береді)
- Өте тамаша. Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен.
Сұрақ–жауап: 1) Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? Неше жыл болды? (15ғ, 550 жыл)
2) Қай жылы республикамыз егемендік алды? ( 16 желтоқсан 1991 жылы) 3) 16 желтоқсанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? (Тәуелсіздік күні) 4) 25 Қазанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді?( Республика күні ) 5) 30 Тамызда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? (Конституция күні )
6) ҚР Конституция қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
7) Қазақстан қандай мемлекет? (көп ұлтты)
8) Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? ( 130 астам)
9) Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? ( 1995ж)
10)Қазақстан халқы Ассамблеясына неше жыл? (20 жыл)
“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар?
( Кластер салу)
1. Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?
2. Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?
3. Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.
4. Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?
«Шығармашылық жұмыс» - «Туған еліме тілегім».
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Қорытынды:
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық дейді.Ал сіздер осы бейбітшілік,татулық жайлы өз ойларыңызды айтып көріңдерші.
© 2016, Абеугалиева Ансаган Аманбековна 312