СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқшау сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер

Сабақтың мақсаты: а) Оқшау сөздер оның түрлерін түсіндіру;

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемнің құрамына өзге сөздермен байланысқа түспейтін,сондықтан сөйлем мүшесі қызмеиін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркесі болады.Бұларды оқшау сөздер дейді.

Мысалы: Өлеңім,шарла,ауылды.

Тыңда,дала,Жамбылды!

Осындағы өлеңім,дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес,ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірген сөздері.Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.

Оқшау сөздер

Қаратпа сөздер

Қыстырма сөздер

Одағай сөздер

Жаттығумен жұмыс:

65-жаттығу. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі Құдайберген Жұбановтың төмендегі берілген ой-пікірін оқып, қайыра айтып беріңдер.

66-жаттығу. Мына қыстырмалардың қайсысы ойдың ретін білдіреді,қайсысы кімдікі екенін білдіреді? Меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, оның айтуынша, біздің байқауымызша, қысқасы, сіздерше.

67-жаттығу. Ұсынылып отырған мәтінде біздің дәуірімізден бұрынғы 429 жылы туып, 339 жылы қаза тапқан скифтердің ұлы патшасы Атейдің Македония патшасы Филиппке қарсы күресі баяндалған.

Сәйкестендіру

  1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! қыстырма
  2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. одағай
  3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп, шынында. Қаратпа

Мысалдары

Түрлері

Қаратпа сөз

Одағай сөз

Қыстырма сөз

Байғұс – ау, саған не болған?

«Қош бол, Қараой»

Аға, бұл кімнің аты?

Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ

Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
  2. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?
  3. Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 68-жаттығу

2 тапсырма: М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлем тауып жазу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздер

Сабақтың мақсаты: а) Оқшау сөздер оның түрлерін түсіндіру;

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз.Осындағы қаратпа сөз – Ботагөз. Сөздің Ботагөзге арналғанын білдіреді.

Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді,бұл,көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,Жамбылдың өлеңге,далаға қаратып айтқаны.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында,ортасында,соңында келе береді.Қаратпа сөз сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Жаттығумен жұмыс: Қаратпалардың жануарларға құстарға немесе басқа да жансыз заттарға айналғанына өздерің білетін ақын,жазушы шығармаларынан үзінді келтіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
  2. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?
  3. Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?
  4. Қаратпа сөз дегеніміз не?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Қаратпа сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлемдер жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: қыстырма сөздерден алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қытырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты,сенетіндікті, өкінішті,ренішті,сондай-ақ,ойдың кімнің тарапынан екендігін – білдіру үшін қолданылады.

Мысалы: Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой.Ол,меніңше,тапсырманы орындамай келмейді.Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын,екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді.

Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине,сөз жоқ,шынында,мүмкін,сірә,сонымен,сөйтіп,біріншіден,т.б.

Сөз тіркестері де,кейде жеке сөйлем де қыстырма болады.Мысалы: Аяз қарығандықтан болу керек,барлығының бет терілері қатпарланып,қопсып түсіп жүреді.

Қыстырма сөздер де сөйлемнің басында,ортасында,аяғында келе береді.Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Жаттығумен жұмыс Мына қыстырмалардың қайсысы ойдың ретін білдіреді,қайсысы кімдікі екенін білдіреді? Меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, оның айтуынша, біздің байқауымызша, қысқасы, сіздерше.

Шығармашылық жұмыс: Сөйлемнің басында, ортасында,соңында келетін қыстырма сөздерге мысалдар жазыңдар.

Мысалы. 1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

2. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды.

3. Өзі осында келген шығар,сірә?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Көркем шығармалардан қыстырма сөз бар сөйлемдер жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: одағай сөздерден алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Одағай сөздер. Қаратпа,қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлар сөйлеушінің сезімін,көңіл-күйін – қуанышын,ренішін,таңдануын,ризалығын – білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па,шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек,бәрекелді!

Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады.Сөйлемнің басында келеді,кейде сөйлемнің соңында келеді.Одағайдан соң леп белгісі,кейде үтір қойылады.

1Көңіл-күй одағайы

Жекіру, бұйыру одағайы

Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру,тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру неқууға байланысты айтылатын сөз.

Алақай,әттең,шіркін

Тәйт,жә, тек

Шөре-шөре

Құрау-құрау

Жаттығумен жұмыс: Айналаңдағы адамдардың сөздеріне зер салып, одағайларды қандай көңіл-күйде жұмсалғандарына мысалдар келтіріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Бірнеше одағайларды қатыстырып сөйлем құрап келу.

Категория: Всем учителям
27.02.2017 12:35