СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасындағы тәрбие"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да

балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың

қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

- Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің

қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

- Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз

әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 3 жастағы балалар үшін балабақшаға

бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп

өзгеріске түседі.

Сондықтан құрметті ата- аналар сіздерге кеңес ұсынамын:

- Баланызбен үйдегі жағдайда топтың күн тәртібімен бірдей етіп,

ұйымдастыруға тырысыңыз.

- Балабақшаның тамақтану ас

мәзірімен танысып, баланың үйдегі тамақтануына, балабақшада ішетін тамақтар

түрін қосыңыз.

- Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі

қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз

бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшоққа сұрану. Киімдері

міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса көйлектер замоксыз,

белдеушесіз.

- Баланың «әлеуметтік көкжиегін»

кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына

қонаққа барсын, әжесіне де қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе

жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл

табысатын болады.

- Баламен жағымды эмоционалдық

жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы,

оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз

мейіріміңізді көрсетіңіз. Сіздер көбірек осындай жылылық білдірсеңіз

сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы

өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

- Жоспарлаңыз: балабақшаға бірінші

келген мезгілінде балаңызды бірінші күні-ақ күн ұзағына қалдырмауды.

Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат, одан әрі түске

дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс

кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн тәртібін сақтау,

эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. Вирустік аурулардан сақтану үшін түрлі дәрумендер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин

жақпасымен сылап тұру қажет.

- Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса,

ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді

болса, балабақшаға келген күннен бастап-ақ үйреніп

кететініне сеніңіз.

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен

әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке

даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға

бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады. Олар

шығармашылық, таным, қатынас,әлеуметтік орта және денсаулық.

Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешекте балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Сондықтан

құрметті ата-аналар егерде біз әрқашанда осындай ынтымақ бірлігінде жұмыс істесек,сондағана ойдағыдай нәтижелерге жетеміз.

25.02.2018 14:56