СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Планирование

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Педагогикалық «Келісемін» «Бекітемін»

кеңесте қаралды» Аудандық білім бөлімінің әдіскері В.И.Пацаев ОМ директоры

Хаттама№_____ ______

«___»________ 2016 жыл «___»________ 2016 жыл «___»________ 2016 жыл

2016 -2017 оқу жылына арналған

«» ММ

педагог - психологінің жұмыс жоспары

Түсінік хат

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, өркениет қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы, ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігін, білімділігін қажет етеді.

2016-2017 оқу жылына арналған психологиялық қызмет жоспарын жасауда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, «Неке және отбасы» туралы, «Бала құқықтары» туралы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасызқалуының алдын алу» туралы, 2011 жылдың 20 желтоқсанындағы №528 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында психологиялық жұмыс істеу қағидасы, Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.07.2015 жылғы №527 қаулысымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» басшылыққа алынды.

Мектеп психологінің 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бес бағыт бойынша құрылды. Ол – оқу процессіне қатысушыларын диагностикалау, түзету-дамыту, кеңес беру, ағарту және алдын алу жұмыстары болып келеді.

Бұл бес бағыт оқушылармен, дарынды оқушылармен, қиын оқушылармен, педкадрлармен, және ата аналармен жұмысты қамтыды.

Жұмыс жоспарында оқушылардың мазасыздануын анықтау, өзіндік даму ерекшеліктерін анықтау, бағалау, алдын алу т.с.с ерекшеліктерді анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары енгізілді. Сонымен қатар, асоциалды қабілеттің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында алдын алу іс шаралары енгізілді.

Психологиялық қызметтің мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Білім алушымен жұмыс жасаудың міндеттері:

  1. Білім алушының және білім алушының ұжымының жалпы психикалық, әлеуметтік және психологиялық дамуын бақылау
  2. Білім алушының жас және жеке психологиялық мүмкіндіктерінің дамуына қолайлы жағдай туғызу.
  3. Оқу және дамуында қиындық сезінетін оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек ұйымдастыру.
  4. Білім алушының психологиялық құзыреттілігін дамыту.

Ата – анамен жұмыс жасаудың мақсаты: Білім алушымен ата – ана арасында тығыз достық қарым – қатынас құруына жағымды әсер ету,жалпы кластың білім мен даму процесіне ата – ананы баулу.

Мұғалімдермен жұмыстың мақсаты:

  1. Білім алушылардың дамуындағы психологиялық педагогикалық мәселелерді бірігіп шешу.
  2. Білім алушының білім алуымен дамуын қалыптастыруына ықпал ететін әлеуметтік психологиялық ортаны жобалау және жүзеге асыру.

Психологиялық қызметтің жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Психологиялық диагностиканың мақсаты:

Баланың тұлғалық немесе интеллектуалдық дамуындағы құндылықтарды анықтау. Психологиялық диагностика психологиялық мәселені анықтау, жеке немесе топтық жоспар құру, әдістемелік құралдарды таңдау сатылары бойынша жүзеге асады.

Психологиялық түзету дамыту жұмысының мақсаты:

Білім алушының бойында «мен» тұжырымдамасын қалыптастыра отырып, психологиялық қолдау беру және жетістік ситуациясын орнату. Түзету дамыту жұмысы жүргізілген психологиялық диагностика жұмысының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Психологиялық алдын – алу жұмысының мақсаты:

Жасөспірімдердің психологиялық, эмоционалдық күйін реттей білу, зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Психологиялық кеңес беру мақсаты:

Білім алушы, ата – ана және педагогикалық ұжымға күнделікті туындайтын қиындықтарды шешуге және өзін – өзі жетілдіруге көмектесу. Психологиялық кеңес беру оқу мәселесі, жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелер, өзара қарым – қатынас құру, кәсіптік бағдар т.б. мәселелерге байланысты жүргізіледі

Қыркүйек

Бағыттары

І апта

ІІ апта

ІІІ апта

IV апта

Оқушылармен жұмыс

1 класс оқушыларына мектепке бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету

5 класс

«Социометрия әдісі»

«Жануарлар мектебі» проективті тест

«Керн Йерасик» диагностикасы.

1 класс оқушыларының

таным процестерін зерттеу

«ҰБТ- ға дайынсың ба?», сауалнамасы

«Өмір сен қымбатсың маған!» 7-11 класс сынып сағаты

«Жемқорлық деген не?» дәріс беру

5-7 кластар

Дарынды оқушылар-

мен жұмыс

Дарынды балалардың тізімін құру

ШТУР тесті

«Менің көңіл күйім» тренингі

Қиын оқушылар-мен жұмыс

Тәртіп бұзушылыққа бейім, ерекше назар аударатын оқушыларды анықтау

Қиын оқушылардың үйлеріне рейд

Оқушыға әлеуметтік психологиялық карта құру

«Жүректің тазалығы» тренингі

Педкадрлармен жұмыс

Мұғалімдердің тізімін толықтыру, жас мамандармен танысу

Класс оқушыларының тәрбиелік деңгейін анықтау

Бастауыш ӘБ арналған тренингтер.

«Балаларға мейрімді болу» дөңгелек үстел

Ата аналармен жұмыс

«Өз балаңа үлгі бол!» 1 класс ата-аналарына семинар

«Сіз балаңызды білесіз бе?» сауалнама.

«Балаңыз туралы ойыңыз» сауалнама.

Қазан

Бағыттары

І апта

ІІ апта

ІІІ апта

IVапта

Оқушылармен жұмыс

Юнисеф анкетасы

8-11 класс.

«Біз бесінші сыныпқа көштік!» тренинг 5 класс

5-8 класс «Өзін өзі бағалау» диагностикасы.

«Достығымыз жарасқан» жаттығу 5 класс

Өз құқығыңды білесің бе?» сабағы.

«Жетістікке жету жол» программасының 1 бөлімі

«Мен өзіммен мақтанамын» психотехникасы

Дарынды оқушылармен жұмыс

Айзенк вербалдік тест

Айзенк математикалық тесті

«Өзін-өзі бағалау тренингі»

«Қиял әлемі» программасынаң үзінді (бастауыш)

Қиын оқушылармен жұмыс

«Өмірде жоқ жануар» диагностика

«Өзін өзі бағалау» диагностикасы

«Сыйлықтар» тренингі.

«Жұлдызым жоғары» ойыны

Қиын оқушылардың үйлеріне рейд

Педкадрлармен жұмыс

Жас мамандарға тренинг «Мамандығым -мақтанышым»

«Сіз қандай жансыз?» тест

Ұстаздарға арналаған тренинг «Менің кәсіби рөлім»

Ата аналармен жұмыс

«Берік отбасы – қоғамның іргетасы» тренинг 5класс ата-аналарымен

Ата аналар жиналысына қаты

Категория: Психологу
29.01.2017 22:19


Рекомендуем курсы ПК и ПП