СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Деңгейлік тапсырмалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сынып

1сыныпта өткенді қайталауға арналған тапсырмалар.

Дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды қосып, жаңа сөздер құрастыр.

«Баспалдақ» ойыны.

Ө - -

Ө- -

Ө- -

Ө- -

Ө- - -

Жұлдызшаның орнына керекті әріпті қойып, сөздерді оқы.

КӨ * ІК КЕ * Е ҰР * ЫҚ ПӘ * ЕР

СА * АТ ША * ҒЫ ҚО * ҒАП БҰ * ШАҚ

Алфавиттік жұмбақтар.

Шәйнекте бар, Шайда бар,

Құманда жоқ. Айда жоқ.

(Й) (Ш)

Тарақта бар, Балада бар,

Шашта жоқ. Ағада жоқ.

(Қ) (Л)

Бізде қанша мысық бар? Бізде қанша күшік бар?

(Жұмбақ –жаңылпаш)

Менде де бар бір мысық, Кітап емес, бірақ та

Сенде де бар бір мысық. Ашылар да жабылар.

Менде бар да көк күшік, Отыз екі қарасы

Сенде мүлде жоқ күшік. Отыз екі ағы бар.

Бізде: Қанша мысық бар? Сегіз әріп, сегіз сан

Бізде: Қанша күшік бар? Жан-жағында тағы бар.

Шешуін тез таба алсаң, (Шахмат картасы)

Сен мендегі күшікті ал!

Дыбыс және әріп.

Тақырыбы: Удыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуы.

У әрпімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз немесе буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Мысалы: бару, қызыл ту дегенде у дыбысы жуан айтылады да, келу,ту дегенде у дыбысы жіңішке айтылады.Сонымен бірге у дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз болады.

У әрпі барлық буында да жуан және жіңішке дауысты дыбысты да, қосарлы ыу, іу, ұу, үу дыбыстарын да таңбалайды.

Мына сөздерде у дыбысы шамамен мына секілді дыбыстардың орнына таңбаланады.

Бу-бұу тоқу-тоқыу іру-іріу жібу-жібүу

Шарада.

Егер «Т»-дан бастасаң, Егер «Б» -дан бастасаң,

Биіктердің биігі. Түтіндей боп көшемін.

Егер «Д»-дан бастасақ, Егер «Н»-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны. Жап-жасыл боп өсемін.

Екеуін де алып тастаң, Жеке өзімді тастасаң,

Балықшының бұйымы. Ішкен жанға кеселмін.

(Бау,Дау,Ау) (Бу, Ну, У)

Деңгейлік тапсырма.

1деңгей.

Көп нүктенің орнына у,ұ,ү әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

У дыбысы бар сөздердің астын сыз.

Мен.шамын Т.ған жерді

Ту биікке Ең с.йікті

Ж.лдыздарға, Көр..шін

Қарыштап Алыстан.

2деңгей.

Көп нүктенің орнына у,ұ,ү әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. У дыбысы бар сөздерді тауып жуан дауысты у-дың астын-бір, жіңішке

у-дың астын екі рет сыз.

1.Айс.л. қызыл т.дың с.ретін салды.2. Тамыз айында к.н ыстық болды.

3. Балалар с.ға шомылды.4. Біз а.ладағы г.лдерді с.ардық.5. Са.ыншы апай б.за.ларға с.т берді.

3деңгей.

а)Сөздерді буынға бөліп жазыңдар. Бұл сөздердің екінші буыны қай дыбыстан басталады?

Ауа, дауыс, ауыл, дауыл,ауыздық, сауыншы, қауын, дәуір, бауырсақ, тәуелсіз, сауысқан, әуес.

Б) Сөздерді буынға бөліп жаз. У дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

Қуаныш, жуас,жуық, сусын, серуен, хайуанат, қуыршақ,бума,бурыл,қуырдақ.

Тақырыбы: И, й әріптернің жазылуы.

И әрпі барлық буында да жуан және жіңішке дауысты дыбысты да қосарлы ый, ій дыбыстарын да таңбалайды.

И әрпі қосарлы ый,ій дыбыстарының таңбасы ретінде сөзде де, туынды сөзде де жазыла береді.

Мысалы: Қиын, саяси, жиналыс, оқиды.

Киін, ширек, кемиді, жібиді.

И әрпі тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жалаң и- дыбысының орнына жазылады.

Мысалы: кино, пионер, бригадир.

Ескерту: қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлі сөздерімен осы түбірден жасалған туынды сөздерде ғана жазылады, яғни бұл сөздер жоғарыда аталған и дыбысының ережесіне бағынбайды.

лық ым

Сый лау ылу

ымды тый ылған

ла майды

ылдыр

ыл

Метаграмма.

Егер «И»-ден бастасаң, «И»-ді алып тастасаң,

Хайуанаттың түрімін. Әріптердің бірімін.

(Ит,И)

Егер «М»-дан бастасаң, «М»-ны алып тастасаң,

Тағамның бір түрімін. Түнгі аспанның нұрымын.

(Май-Ай)

Шарада.

Егер «А» -дан бастасаң, «Б»-ны алып тастасаң,

Үлкен ақын атамыз. Түнде жарық шашамыз.

«А»-ны алып тастаса,

Мол дәулетке батасың. (Абай, Бай, Ай.)

Деңгейлік тапсырма.

1 деңгей.

Суреттердің атын атап шығыңдар. Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

2 деңгей.

Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жазыңдар. Жуан и дыбысының астын бір рет, жіңішке и дыбысының астын екі рет сыз. «Көйлек» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Б.е, б.ік, жиналыс, ж.дек,о.мақ, кө.лек, ә.нек, ж.ырма, қ.ын, мү.із, жа.лау.

3 деңгей.

Сөздерді буынға бөліп жаз.Й әрпінен басталып тасымалданатын буынның астын сыз.

Қайық, найзағай, сайлау,мойын, ойыншық, сүйкімді, қаймақ,мойындау, айыр, дайындал, сүйінші, бейбітшілік, қайың, сұйық, айран.

Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Я әрпі барлық буындарды-орыс тілінен енген сөздерде де, қазақ сөздерінде де жазылады. Бұл да қос дыбыстың таңбасын белгілейді.

й славян аяқ

Я = Я Я рояль саяқ

а ядро Я дария

конференция саяхат

өмірбаян

Жұмбақ шешейік.

Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады. (аяз)

Тізбек сөздер.

Жая,мая,сая,

Аяз,пияз,сия.

Аяқ,таяқ,қия.

Шаян,қоян,ұя,

Бәрінде бар я

Иә?!

Деңгейлік тапсырма.

1деңгей.

Суретке қарап көп нүктенің орнындағы әріпті табыңдар. Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Қо.н А.з ата

2деңгей.

а)Сөздерге а әрпін қосып жаз. Бұл сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар.

Май, сай, жай, бой, ай, тай, сый, тый.

ә) йа дыбыстарының орнына я әрпін қой. Сөздерде неше әріп, неше дыбыс бар?

Сыйады, тыйады, сыйақы, тыйайық.

3деңгей.

А)Сөйлемді аяқта.

Үлкен кісі...

Аян киді..

Тобыл үлкен...

Құстарға жаса..

ә) Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.»Таяқ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Саяхат, тұяқ, баяу, жияды, таяқ, сыяды, таянба, қиял, бояу, оян.

Тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы.

Ю әрпі де барлық буындарда –орыс тілінен енген сөздерде де,қазақ сөздерінде де жазылады. Мысалы: Ю әрпі жазылмай, иу,йу дыбыстары сақталып жазылатын сөздер мыналар: айуан, айуанат, кейуана, хиуа, миуа.

Ю дыбысы да қос дыбыстың таңбасы.

аю (айу)

жаю(жайу) й

үю(үйу) Ю = Ю

Ю тыю(тыйу)

қию(қиу) у

жию(жый)

Жұмбақ.

«И»-мен «У»-ды қоссаң,

Ию-кию болар.

Істің артын тоссаң,

Жалғыз әріп олар. «Ю» әрпі

Деңгейлік тапсырма.

1деңгей.

Көп нүктенің орнына ю әрпін қойып, ю әрпі бар сөздерді буынға бөл.

Ержан а.дың суретін салды. Маржан о. ойды. Кітапты орнына қо. керек. Балалар қой жа.ға көмектесті. Қағазды босқа қи.ға болмайды. Киімді күтіп ки.ді үйрен.

2деңгей.

Сөздерді буынға бөліп жазыңдар. Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

Көркею, үлкею, ұлғаю, күшею, көбею, молаю, шалқаю, қараю.

3 деңгей.

Көп нүктенің орнына оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Жаю, қою, кию, жою сөздерін тасымалдауға бола ма? Себебін түсіндір. «жаю» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қойды отты жерге.керек. қою

Сабаққа көңіл.. керек. жаю

Көйлекті өтектеп.. керек. жою

Жау берілмесе,..керек. кию

Тақырыбы: Дауыссыз б мен п, қ мен ғ, к менг дыбыстары.

Сөз қатаң қ,к,п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д,ж,з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы қ,к,п ұяңдап ғ,г,б дыбыстарына айналады.

Қ дауысты ғ дауысты

К + үнді = г + үнді

П ұяң д,ж,з б ұяң д,ж,з

А) Түбір мен қосымша аралығында:

Жүрек+і = жүрег+і

Тарақ+ы = тарағ+ы

Шап+у = шаб+у

Ә) Сөз бен сөз арасында:

Ақ + ешкі = ағ + ешкі

Көк + аспан = көг + аспан

Ақ + жауын = ағ + жауын

Ескерту: Қосымша дауыстыдан басталып, сөздің екінші буынындағы қысаң дауыстылар түскен жағдайда сөз соңындағы қ,к,п қатаң дыбыстары ұяңдамайды.

Бөрік –бөркі, халық – халқы, әріп – әрпі.

16.02.2016 19:12


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!