СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Студенттік өмірім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студенттік өмір – бұл кезең жоғары оқу орнында білім алған әрбір адамның өмірбаянындағы ұмытылмас шақтары. Жастық шақ таусылмас күш-қайратқа толы, өмірге деген құштарлық, ғылым мен әлемді танудың ең шарықтау кезеңдерінің бірі. Студенттік өмір – бұл кез келген жан үшін тәтті, жылы және ең қызықты сәттерді басынан кешірген кезі деп айтсам қате болмас. Себебі, студенттің арманы, мақсаты, қызығушылығы мен тыныс-тіршілігі адамдарға әрқашанда жақын. Сондықтан да шығар, өзімнің студенттік өмірімде болып жатқан қызықты, ерекше бір сәттерді қуана-қуана сезімге беріліп, еске алып қағаз бетіне түсіргім келгені.

Әрине, студенттік өмір өзің сүйіп таңдаған, жоғары оқу орнында өтеді. Университетке түсуге дейін түлектер қаншама армандар, талпыныстармен қобалжуларды бастан өткізеді. Мектепті аяқтап, қолымызға аттестатты алған соң, біз үлкен болашаққа деген қадамдарды басамыз.

Менің студенттік өмірім – ауа-райы суық болса да, адамдарының жүзі жылы Павлодар қаласындағы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде (қазіргі ППУ) 2018 жылы басталған болатын.

«Сенесіз бе! Университетке 11-сыныптан бастап ғашық бола бастадым. Осы жоғары оқу орнының студенті болу арманым бола бастады. Себебі, өзімнен бір жыл бұрын ерте бітірген әпкем сол университеттің студенті атанған болатын. Ол кісінің айтқандарын тыңдап, тыныс-тіршілігін көріп, оқу орнының жалпы жағдайымен таныс болып қызығушылық таныттым. Мектепті бітіре келе осы сәтті қалай армандаған, қалай көз алдыма елестеткен болсам, дәл солай арманыма ойымдағыдай жетіп ПГУ-нің география-тарих мамандығының грант иегері атандым.»

Бұрын ауылынан шықпаған қыз, арман асуымен екі күн бойы жол жүріп, рухани астана Түркістан шаһарынан, сонау Ертістің бойындағы Кереку (Павлодар) өңіріне оқуға бардым. Қала да, оқу орнымда қатты ұнады. Міне, жаңа өмір басталды деген сөз! Жатақханаға орналастым, көптеген жаңа достармен таныстым. Сабақтың алғашқы күні барлық группаластарымды көріп, таныстым. Топта барлығы 42 студент екенбіз. Достарым әрқайсысы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әртүрлі қалалардан келген екен. Барлығымыз бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста, жақын достар бауырлар сияқты болып кеттік. Осыдан бастап өмірімде өте қызықты, ұмытылмас сәттердің бейнесі қосылды.

Студенттік өмір бұл тек қызықты ойын күлкімен жүру деген сөз емес. Әрине, өзіне жараса қиындықтары болады. Бұл шақтың міндеті әрқашанда ғылым мен білім ортасында өз үстінде ізденісте жүріп, өз бетімен білім алу деп ойлаймын. Сол себепті де қандай да қиындықтарға берілмей текқана алға қарай ұмтылыста болу керек.

«Кейде көріп жатамыз. Сабағын оқымай жұмыс істеп, шәкірт ақыдан қағылып жатқандарды. Студент бір дүниені есте сақтау керек деп ойлаймын. Жоғары білім өзінің ертеңгі болашағы үшін маңызды. Дұрыс, кез-келген адамда өзінің алдына қойған мақсаты болады. Бірақ, жоғары білім айтып тұрғандай жоғары жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан бірінші орынға оқу мәселесін қойып бір жақты етіп, содан кейін мүмкін басқа жоспарларға өтуі керек деп ойлаймын.»

Категория: География
29.04.2021 10:17


© 2021 737

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!