СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіз ел ертеңім...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіз ел ертеңім.

Мен кейде өз – өзімнен жырақ қалам,

Қаламымды қолыма ап, жыр ақтарам.

Бүгінгі тіл мен діннің жайын ойлап,

Ақ қағазға үңіліп сыр ақтарам.

Кей қазақ мәңгүрт болып бара жатыр,

Қалай ғана жаратты ана жатыр?!

Ана тілін ұмытқан кей содырлар,

Тарихында ұмытар қара да тұр..

Е, Алла осы жәйттан сақтандырғың,

Тура жолды көрсетіп, жақтап жүргің.

Жастардың жұлдыздарын жарқыратып,

Елімді сүйсіндіріп мақтандырғың.

Біз бүгінде тәуелсізбіз азатпыз.

Жаны жайсаң, қонақ жаймыз, ғажаппыз.

Тура сөйлеп, тура айтатын әркезде,

Өр тұлғалы рухы биік қазақпыз.

Қазақстан 25 жыл өткерді,

Артқа тастап қанша қыс, жаз, көктемді.

Жасалынып болып жатыр шаралар,

Атқарылды қаншама іс өктемді.

Өткізілді неше түрлі шаралар,

Сол шарадан, озық шықты даралар.

Жас дарындар тиек етіп өз жырын,

Жауқазынмен әр өлеңін бағалар.

Алда әлі ЭКСПО-мыз тағы бар.

Ол кезде елім жаһандарға танылар.

Қазақ жерін менсінбеген пенделер,

Өз көзімен көріп ойдан жаңылар.

Қазақ елім жұлдыз болып тағылар,

Туристерім елімізге ағылар.

Қазақ елін көре алмайтын адамдар,

Біз қонақжай, байтақ елміз танып ал!

Лекерова Асылгул Асылхановна

24.08.1990ж

13.02.2017 21:21