СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігі 2017 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

МАҚСАТЫ:1.Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру 2.Тәрбиешілер патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, халқының тарихын білуге үйрету, достыққа тәрбиелеу.

Көк тудың желбірегені әнімен балалар залға кіреді. 2 бала жүргізуші ортаға шығады, таң қалып бір-бірімен сөйлеседі.

Ведущий Ақылжан: Армысыздыр құрметті қонақтар!

Ведущий Мирас: Бүгінігі «Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Гимн

Көрініс:

Ведущий Ақылжан: Мына жер қандай әдемі болып кеткен? Мына жерде не өтейін деп жатыр?

Ведущий Мирас: Білмеймін, ендеше, әжемізге қоңырау шалып сұрайық ?

(қоңырау шырылдайды, әжесі қоңырауды қабылдап, экраннан сөйлейді)

Ведущий Мирас: Әже, біз сізден сұрайық деп едік, біздің балабақшамызда «Тәуелсіздік» мерекесі өтейін деп жатыр, бізге толығырақ айтып берсеңіз.

Әже : Сәлеметсіңдер ме балаларым, мен сендерге түсіндіріп айтайын, бүгін Тәуелсіз ел болғанымызға 26 жыл толып отыр, Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Осы уақыт ішінде Тәуелсіз қазақ еліне қалыптастырып, нарықтың қиын өткеліктерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстан дүние дидарында ең мықты мемлекеттер танитындай, саясаткердің ерең еңбегін діл бүгін және әрқашанда айтып өтпей көзбенде көрейік балаларым (осы кезде экраннан видеоролик қосылады)

Әже : Балаларым, менің әңгімемнен кейін «Тәуелсіздік» мерекесі қалай келгенін түсінген боларсыңдар. Сау болыңдар!

Ведущий Ақылжан: Әже, рахмет сізге, сау болыңыз!

Ведущий Мирас: Біздің балаларымыздің осы мерекеге арнайы дайындаған жыр-шумақтарымен ортаға шақырайық. (Әли, Каусар С, Каусар І, Жанерке, Айбибі, Еркеназ, Нурали Ф, Айсұлтан, )

Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған, Тәуелсіздік тандары Бақ береді баршаға. Әли

Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы. Кәусар С

Тәуелсіздік жолында, Талай – талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім – Елтаңбам. Кәусар І

Құт, береке – шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген. Жанерке

Анаң- күнің, жүрегің, Әкең – өмір тірегің. Сен- бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Айбибі

Ақ ниеті- алтын күн Асқақ арман – қыраны. Жалауы бұл- халқымның, Мәртебесі, мақтаны. Еркеназ

Жасасын азат ерлік күн Жасасын бейбіт елмен жер Бостандық алған қазақтың Мәртебесін көрсін ел. Нурали Ф

Аялап ару ананы Өсірген еркін баланы Бесігін бөлеп тербеткен Отаным қазақстаным. Айсұлтан

Ортаға әндетіп Тасша бала кіреді.

Тасша бала: Амансыңдар ма, балалар, мен алыс жол жүріп шаршап келе жатсам, сендерде жақсы мереке өтіп жатыр екен, рұқсат болса, мен де осы мерекені сендермен бірге қарсы алайын.

Ведущий Мирас: Қош келдің Тасша бала, төрлет. Біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала.

Ведущий Ақылжан: Ортаға «Балдырған » әнімен балаларды шақырамыз. (Нұртас, Кәусар С, Кәусар І, Әли, Тұрсынай, Еркеназ, Жанерке.)

Ведущий Мирас: Балаларымызды жыр шумақтарымен ортаға шақырамыз: (Темирлан, Саяла, Мансұр, Нұралы А, Наргиз, Амир, Санжар, Нұртас)

Ән ұраным, жан ұраным Айтар әнім, айтар сөзім Туған жерім сағынарым Жүрсем егер дүние кезіп. Темирлан

Отан- жерім, Отан- суым, Отан қуат, нәр береді. Отан- ұран, Отан- туым, Отан мәңгі гүлденед. Саяла

Шырқап көкке аспан – ән, Болашаққа бас қадам. Қазақ рухын биіктет, Ей, бас қалам- АСТАНА ! Мансұр

Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада- аспан әлемі. Нұралы А

Аспанымдай мөлдірмін, Жайлауымдай жазықпын. Өзенімдей өршілмін, Гүлдерімдей нәзікпін. Наргиз

Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан! Амир

Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен Отан! Санжар

Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолыма Менің Қазақстаным! Нұртас

Ведущий Ақылжан: Тасша бала саған біздің балаларымыздың өнерлері ұнады ма?

Тасша бала: Жарайсындар балалар. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, мен сендерге ойын алып келдім. Ойынның аты «Теңге алу» деп аталады. Ойының шарты: Ортаға 6 бала шығады. Ортада теңге салынған 5 дорба тұрады, соның жан жағында әуен қосылғанда билеу керек, әуен біткенде теңгені алу керек.

Ведущий Мирас: Тасша бала біздің қыздарымыздің өнерін тамашалайық. Би «Айгөлек».

Ведущий Мирас: Біздің балаларымыздың тағыда дайындаған жыр шумақтары бар екен ортаға шақырамыз: (Ильнара, Тұрсынай, Нұрасыл, Нұрымжан, Дамира)

Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым. Түсті бақыт жолыма, Менің Қазақстаным! Ильнара

Қадамың бар баспаған, Асуың бар аспаған. Халқым жетсін мұратқа, Ей, бас қала – Астана!. Тұрсынай

Тәуелсіздік төрінде Ұлан байтақ елімде Асқар тау да сенікі Бау бақшада сенікі. Нұрасыл

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі. Нұрымжан

Отан деген- атамекен. Отанымды сүйемін мен. Отан жерім,Отан елім. Дамира

Тасша бала: Жарайсындар балалар. Енді мен ата-аналармен бір ойын ойнасам қалай қарайсыздар? (Ортаға ата-аналар шығады.) Ойынның аты «Әр ұлттың биі» деп аталады. Ойының шарты: Әр ұлттың биінің әні ойналады, әр ата -ана өзінің баласымен билеуі керек.

Ведущий Мирас : Бүгін көңілді мереке өтіп жатыр, біздің ұлдарымызда би билегісі келіп отыр.

Ведущий Ақылжан : Ортаға «Боз жорға» биімен ұлдарымызды шақырамыз.

Тасша бала: Ой балаларым, көп рахмет, барлығың өнерлі балалар екенсіңдер. Сендермен уақытым білінбей өтіп кетті, мен жол жүруім керек, сау болыңдар. (Балалармен қоштасып шығып кетеді).

Ведущий: Ақылжан-Мирас: Балалар осы сендер қандайсындар? Осы біздер қандаймыз, шұғылалы таңдаймыз Ақылдымыз, жанып тұрған шырақпыз. Елімізді өркендететін, бабаларға тағзым ететін, Біз қазақ елінің болашағымыз.

Балалар ән айтады «Тәуелсіздік тән нұры»

Ведущий: Ақылжан: Құрметті ата-аналар, апайлар сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Аспанымыз ашық, көк туымыз желбірей берсін. Сау болыңыздар

30.01.2018 21:13


Рекомендуем курсы ПК и ПП