СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Бала қабілетін ашу – тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Бала қабілетін ашу – тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет»

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2. Жүйелі білім алуына көмектесуге міндетті;

3.Ұдайы ата-аналар жиналысына қатысуға, оқытушымен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Отбасында ата-ана баланың жеке басын танып білуге де міндетті.

1.Бала туралы жалпы мағлұматтарды;

2.Оқуға қабілеті мен әрекетін;

3.Баланың еңбекке әрекеті мен бейімін;

4. Баланың арнайы қабілеті

5. Баланың тәртібін

6. Баланың темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктерін.

Осы орайда отбасындағы ата-ааға жауапкершілік те туындайды.

1.Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2.Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

Сонда ғана бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп

иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Оны жұмыс жүргізу формасы ретінде де көрсетуімізге болады.

Барлық мүмкіндігі бар, үлгілі отбасылар:

Жүргізілетін жұмыс формасы: шығармашылық кештер, ата-аналар тренингі.

Балалары нашар оқитын отбасылар тобы. Яғни бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос, немқұрайды қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.

Жүргізілетін жұмыс формасы: тақырыптық кеңес, психологиялық тренинг.

Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар тобы. Баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылы ғы бала психологиясына кері әсер ететін отбасылар.

Жүргізілетін жұмыс формасы: пікірталас клубы, педагогикалық семинар

Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар тобы. Балаға тәрбие берудегі бағыт-бағдары талапқа сай отбасы.

Жүргізілетін жұмыс формасы: ата-аналар университеті, отбасылық тәжірибе презентациясы.

Осындай қорытындыдан келіп, ата-аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары қалыптасады. Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осы орайда ата-аналар мектебі қалыптасады. Қоғам қайраткері М.Дулатов айтқандай «Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», - деп айтқан.

Балаларға сапалы тәрбие мен білім беру тұрғысында түрлі клубтарды құру оң нәтиже береді. Атап айтқанда:

Пікірталас клубы:

Бала тәрбиесіне байланысты өзекті тақырыптарды қамтиды. Әр түрлі көзқарастағы ата-аналардың пікірлерін талдайды, дәлелдейді. Ата-аналардың дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді.

Ата-аналар клубы:

Мектептегі, отбасындағы, сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдаяттарды шешуге арналады. Өз пікірлерін білдіруге ата-ана мен баланы,

оқушы мен оқытушыны шығаруға болады.

Психологиялық тренинг

Ата-аналармен жұмыс жүргізудің белсенді түрі. Тренингке кемі 2 отбасы қатыса алады. Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне пікірі мазмұндас 12-15 адамнан тұратын топ құра алады. Психологиялық тренингте ата-аналарды психологиялық, педагогикалық түрғыдағы жаңалықтарымен таныстыруға болады, кеңес беріп, ой қозғап, тұжырымды пікір қорытуға әбден болады. Тәрбие негізі уықтарын берік қадауға педагогикалық семинарлар да өзінің көп көмегін тигізеді. Педагогикалық семинарға ата-аналар да қатысады, онда олар отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтар айтылады. Яғни бұдан шығатын қорытынды семинарға да ата-аналар жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет. Бала тәрбиесіне сондай-ақ шығармашылық кештер өзінің көп көмегін тигізеді. Бұндай кештер мектеп және сыныптар арасында озық ойлы және ерекше қабілетті, танымал ата-аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Онда да сөз болатын негізгі мәселе баланы қарым-қабілетіне қарай бейімдеп жұмсау. Әрбір балаға өзінің ерекшелігіне қарай бір жұмыс берілуі тиіс. Өйткені, біріншіден, әрбір адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол жұмысқа жақсырақ жарамды болады: екнішіден, бұл жұмыста білгір және шебер болып шығады; үшіншіден, көп жұмыстарды бір мезгілде орындап шығу көп уақыт алады. Сондықтан, баланы жұмыспен баулуда әр түрлі жұмыстарды қатар орындауды талап етпей, бір жұмысты тиянақты орындап бітіруді талап еткен дұрыс.

Біз XXI ғасырда бала тәрбиесін аспаннан алмаймыз, өткен ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтелдерімен байланыстырып тәрбиелеуіміз керек. Ата-ана болғандықтан бала үшін жауап беруі міндетті. Әр баланың жақсы тәрбие алып, жақсы азамат болып өсуіне әке-шеше өз ықпалын тигізуі керек. «Отан - оттан да ыстық» деген даналықтың астарында отансүйгіштік, патриоттық, адалдық касиеттерге тәрбиелеп, мән-мағынасын, астарлы ақиқатын айту керек. Қазақтың мақал-мәтелдерінің, аталы сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медициналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады. Мысалы: «Ата-ана бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Жаста оқыған оқуың - тасқа жазған мен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей», Білімді бесіктен тесікке дейін ізден» деген мақалдар осы айтылғандардың нақты айғағы.

Қорытындылай келе, белгілі жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.

28.04.2017 14:42


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!