СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дегенмен осы кезге дейін қоғамдық тәрбиеге баса назар аударылып және тұлғаны жан жақты қалыптасытырып дамытуда оның мектеп алды дайындығын қамтамасыз етуде балабақшаның жетекші рөліне сүйеніп келдік.. Бұл отбасы тәрбиесінің мәнісін жоғарлатып, ата-аналарға аса зор жауапкершілікті жүктейді. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайтып ақыл-ой адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Отбасында баланы мектепке дайындауда оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің (ата-әже, ата-ана, аға-апай) өмірін тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады. Баланы отбасында мектепке дайындаудың негізгі мақсаты жаңа буын оқулықтарын мазмұнына сәйкес, оқу іс-әрекетіне дайындау, білімнің қарапайым элементтерін қамтамасыз ету арқылы ой еңбегіне, оқу әрекетін нақты міндет ретінде сезінуге даярлау.

Отбасында баланың психологиялық жас ерекшелігін білу.

Отбасында баланың әдептілік, сыпайылық, достық пен көпшілдік мейірімділік қарым қатынасын орнату, ол үшін өзінің жағымды үлгісін (мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы т.б.) пайдалану. Отбасында баланы мектепке дайындауды қамтамасыз етудегі басты шарт баланың қарым қатынастық, тәрбие үрдісінің тұрақты да жүйелі болуын қатаң сақтау. Білім алуда, жаңаны үйренуде сабақтың маңызы үлкен екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру. Осы түсінік негізінде сабақта белсенді болуға үйрету.

Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (табандылық, жауаптылық, ождағаттылық, дербестік) Бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін баланы білім мен іскерлікті игеруде қызықтыру, қолдау, үлгі көрсету арқылы ұмтылдыру, оған белгілі дәрежеде күш жұмсауына ықпал ету.

Ұлттық дәстүр негізінде тәриелеу жөнінде М.Жұмабаев өзінің

«Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесімен шұғылданушы адамдарға Тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиелеушінің дәл өзіндей қылып шығаруы. Бұл бір. Екінші әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар. Балалық шақтың ең әуес нәрсесі – ойын. Ол айналадан бақылап көргенін, танып қабылдаған нәрселерін ойын арқылы бейнелей көрсетеді. Сондықтан бала ойынын әншейін бір ермек деп ұғынбаған жөн.

Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде отбасының ықпалы басым екендігі даусыз. Балаға ертегі, әңгіме оқып беру, қол еңбегіне, санауға үйрету сияқты үнемі ойланып отырып істейтін жұмыстарды қозғамалы жүгіріп ойнайтын ойындармен кезектестіріп отыру қажет.

Имандылық – инабаттылық тәрбиесінде ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін баланың бойына сіңіріп, сол арқылы оны ізгілік, адамгершілік, имандылық, адалдыққа тәрбиелеу мақсаты көрсетіледі.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатындықтан халық қазынасын баланың жан дүниесіне дарытуда оның бойына шығармашылық қасиетті қалыптастырудың негізі болып табылатын халықтың педагогиканың құралдары: ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер пайдаланады. Отбасында балабақшада және қоғамдық орындарда үлкенді сыйлауға кішіге қамқорлық жасауға құрбыларымен санаса білуге жеріне, салт – дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді. Баланы мектепке қандай отбасы болсада дайындай алады; себебі мұнда шешуші рөл атқаратын ата-аналардың білім дәрежесі емес, сол отбасының, ең алдымен ата-ананың алдында тұрған тәрбиелік міндеттерді жете түсіне біліп, оны іс жүзіне асыруға ұмтылыс жасауына байланысты. Мектептегі оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім тәрбиесіне тікелей байланысты.

06.04.2017 11:39


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!