СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тілашар" мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы : "Біз оқушы атандық "

Білімділік мақсаты: Бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірімен толығырақ таныстырып, оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасын арттыру, оқушы ережесімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын арттыру, мәнерлеп оқуға тілдерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Отанға, еліне, тіліне, өз мектебіне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқу құралдарын күтіп ұстауға тәрбиелеу эстетикалық-этикалық тәрбие беру.Адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: «Біз оқушы болдық» деген жазу, итерактивті тақта, слайдтар.

Жүргізілуі: I. Мұғалімнің құттықтау сөзі.

II.Көңілді әуен ойнап тұрады.-Енді осы шәкірттерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсың тойларың.

- Балалар, біз биыл қайда келдік?

- Біз Красный Яр №1 мектебіне келдік.

- Мектепте кімдер болады?

- Білімді адамдар, мұғалімдер болады.

- Біз білімді қайдан аламыз?

- Мектептен!

- Олай болса, саяхат мектептен басталады.

Мектеп басшысы С.Ч.Уәлиеваға сөз беру.

- Мектеп туралы қандай өлең-тақпақ білеміз?Қане, айтып жіберейік!

«Біз мектепке барамыз»- біріккен хор.

1-оқушы: Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Жақсы баға алғанда,

Бір қуанып қаламын.

2-оқушы:Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

- Мектепте сендерді кім дейді?

- Оқушы!

3-оқушы: 4-оқушы:

Алақай-ау, алақай! Күннің нұры шуақты,

Алақай-ау, алақай! Сергітеді денемді.

Бұдан былай мен енді Құрдастарым сияқты,

Емеспін жай балақай Оқушымын мен енді.

Осыданда көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді.

- Келесі шешендер ауылына келдік.

5-оқушы: 6-оқушы:

Мектеп, мектеп, Жақсылықты жақтаймыз,

Төңіректеп, Бәрін біліп,жаттаймыз.

Жүруші едім мен кеше, Кітаптармен дос болып,

Сұраушы едім, Сенімдерді ақтаймыз.

Жылаушы едім,

Ағам кітап бермесе.

7-оқушы: 8-оқушы:

Енді мен үлкен боламын, Мектеп анаң бүгіннен,

Анамның тілін аламын. Мектеп алтын босағаң.

Ұстаздың барлық айтқанын, Мектеп берген білімнен,

Миыма құйып аламын. Марқаясың жас ұлан.

9-оқушы:

Нағыз білім ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

- Өте жақсы, оқушы мектепте оқиды,жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді.Ана тілінде сөйлеп, оқи алады. Біздің ана тіліміз қай тіл?

- Қазақ тілі!

- Балалар, біздің ана тіліміз Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Ол туралы не білеміз?

10-оқушы: Ана тілің- арың бұл, 11-оқушы: Ана тілім-ұраным,

Ұятың боп тұр бетте. Ана тілім-құралым.

Өзге тілдің бәрін біл, Ана тілім болмаса,

Өз тіліңді құрметте. Болмас еді жыр-әнім.

12-оқушы:

Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтақтаңдар,

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін ақтаңдар.

«Мектеп-ана» әнің 5 сынып оқушыларының орындауында.

«Жұмбақбай атаның» ауылына келдік!

Енді бір сәт жұмбақ шешіп көрейік:

1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап).

2.Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді,

Бір көзім абайла,

Жан-жағына қарайла дейді. (бағдаршам).

3.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза жаза арықтаған. (бор)

4.Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптер).

5.Шәкіртке жаны ашыр,

Мейірбан кім жаны асыл? (ұстаз)

6.Оқысаң аласың,

Оқымасаң наласың,

Қатарыңнан қаласың ол не? (білім)

«Жетпіс пен жеті» көрініс.

Қатысушылар:

Атасы - Жандос,

Автор - Раббани

Бала – Расул

«Білім еліне» келдік

Мұғалім. –Бізге білім алу үшін ең қажетті не?

- Оқу құралдары.

- Олай болса, оқу құралдарымен танысайық!

13-оқушы: Әліппе 14-оқушы: Дәптер

Менің атым-әліппе, Ел құрметтеп, бағалар,

Мені анаңдай дәріпте. Досың бар ол-тазалық.

Мені оқып, ержеткен, Кел дәптерге балалар,

Бауыржан да, Мәлік те. Тап-таза етіп жазалық.

15-оқушы: Қалам 16-оқушы. Қүнделік

Құтты болсың қадамың, Білімділік айнасы,

Құтты болсың қаламың. Қолымдағы күнделік,

Жаңа келген мектепке, Тиеді көп пайдасы.

Мен де өзіндей боламын Жүреді де бірге еріп.

Биік білім шыңына, Алып қалсам екілік,

Өзіңмен бірге барамын! Ұялады мен үшін,

Бестік алсам желпініп,

Қуанады мен үшін.

17-оқушы: Парта 18-оқушы: Бор

Ойып жазып атыңды, Менің атым ақ қалам,

Мазамды алма сызғылап. Бормын деп те мақтанам.

Тыңдамайтын ақылды. Жақсы білсең сабақты,

Болма тентек мұз құлақ, Кездесейік тақтадан.

Парта деген мүлік қой, Сабақты егер білмесең,

Қадірін сен біліп қой! Мен айтайын расын,

Бор-бор болып күнде сен,

Төмен қарап тұрасың.

19-оқушы: Өшіргіш

Өшіргіш оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

Дәптерді қолыңмен тырналап,

Былғама орынсыз жұлмалап,

Өшіргіш тазалық сақшысы,

Қатесіз жазған ғой жақсысы!

- Мектеп мүлкін, оқу құралдарын күтіп ұстау әрбір оқушының міндеті.

«Мектепте не жақсы?» көрініс

Мұғалім:

Біріншіде оқимыз,

Келісе алмай отырмыз,

Мектепте не жақсы? – деп.

1 – оқушы:

Салтанатты сап түзеу,

Мектептегі ең жақсы.

2 – оқушы:

Мектептегі ең жақсы,

Дене шынықтыру сабағы.

3 – оқушы:

Тазалықшы болған ғой,

Сыныптағы ең жақсы

4 – оқушы:

Үзіліс қой, үзіліс,

Мектептегі ең жақсы

-Қамажай биі.

«Не деу керек?»

Анаң сенің базардан, Балалар жүр көшеде,

Алма сатып әкелді, Естіледі шу, айқай.

Ең үлкенін, жақсысын Сен де шықтың, көршіңді,

Саған таңдап әперді, Қағып кеттің байқамай.

Не деп барып жеу керек. Мұндайда не деу керек?

- Рахмет деу керек! - Кешіріңіз деу керек!

«Қожанасыр хикаялары» - көрініс

- ал, балалар, мектепте тиянақты білім алу үшін қалай оқисыңдар?

Бәрі: «5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Біреккен хор. «Біз өмірдің гүліміз».

Қорытындылау. Шаттық шеңбері

Ата-аналарға сөз беріледі.

28.02.2016 17:51


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!