СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Түрі басқа,тілегі бір халықпыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Түрі басқа -тілегі бір халықпыз

Мақсаты: Жас ұрпаққа елдегі ұлттар мен ұлыстар достығын сақтай отырып, жас буынға достық пен ынтымақтастықтың қадір-қасиетін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: шарлар, жалаушалар.

Әнұран орындалады.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты қонақтар!

2 - жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Түрі басқа-тілегі бір халықпыз!» атты достық фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2 - жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1 - жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2 - жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке - бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1 - жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1, 2 - жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 - жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін- дей отыра, фестивальге қатысушы ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз. / күй ойнап тұрады, қазақтар шашу шашады/

/Хабарланбайды/Кәкіміш Ерболдың орындауында «Қазақ елі » әні.

2 - жүргізуші:

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

1 - жүргізуші:

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім- дей отырып, сахнаға қазақ ұлтын шақырамыз.

/Музыка ойнап тұрады, сахналық көрініс, би, тақпақтар/

2 – жүргізуші: Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Қалыбек Деріпсалдин атамызды « », әнімен қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, татар ұлтына сөз кезегін береміз. / сахналық көрініс, тақпақтар,ата-аналар биі

/ 2 - жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Сөз кезегін грузин ұлтына береміз. /Музыка ойнап тұрады, өлең, би, тақпақтар,ата-аналар сахналық көрініс көрсетеді/

1 - жүргізуші:

Жер - Ана бәрімізге ортақ.

Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату - тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.

2 - жүргізуші:

Жер - анамыз жасайды тарлық кімге, Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде, дей отырып, келесі кезекті неміс ұлт өкілдеріне береміз. /Музыка ойнап тұрады, сахналық көрініс, би, тақпақтар,ата-аналар ән айтады /

1 - жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

2 - жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір - ақ тоқтаған қазақпыз!

1 - жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

1 - жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2 - жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1 - жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2 - жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

/Хабарланбайды/Ән: Серікказыев Арманның орындауында «Қазақстан » /ән орындалып жатқанда барлық қатысушылар жалауларымен,шарларымен ортаға шығады, соңғы жолдары айтылғанда, салют атылады/

20.02.2016 14:47