СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Үштік одақ:оқушы, ата-ана, оқушы» арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу. Міндеті:Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке психикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету
Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар, cуреттер,
Слайдтар
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар»,
Барысы: Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір-бірімізге күлімсірей қарайық.
Бір-бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесейік.
Оң жақ және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Беттеріңізді тигізіп сәлемдесу
Арқаларыңызды тигізіп сәлемдесу.
Қызыл,жасыл.сары гүлдер арқылы топқа бөлу.
«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
Топтарға тапсырма:мінсіз оқушы,мінсіз ата-ана.мінсіз мұғалім топтар өз пікірін айту.
Сергіту сәті:
Топтарға тапсырма:жаңа жылда алғашқы рет үйреткен өлеңдеріңізді еске түсіру.
1топ:опера түрінде
2 топ:рэп түрінде
3 топ : халық әні түрінде айту.
1топ оқушыларға сұрақ:Ата-аналар сендер үшін кім?
Қазіргі замандағы мұғалім қандай болу керек?
2 топ ата-аналарға сұрақ: Сіздер үшін бала кім?
«Болашақ мектеп» қандай болу керек?
3 топ мұғалімдер тобына :заманауи оқушы моделі?
Ата-аналарға тілек.
4. Бейнебаян Бақытты отбасы. Ата-аналар оз ойын айту.
Бір кішкентай қалашықта екі отбасы бір-бірімен көрші тұрады.
Бір отбасындағы ерлі зайыптылар қандай жағдай болмасын үнемі бір-бірін кінәлап, жиі жанжалдасады.
Ал екінші отбасы ешқандай ұрыс керіссіз, жанжалсыз тату - тәтті өмір сүреді.
Жанжалдасқыш әйел көрші отбасының тату тәтті өмір сүргенін көре алмай, күйеуіне оның сырының неде екенін біліп қайтуын сұранады.
Осылайша күйеуі көрші үйдің ашық тұрған терезесінен ерлі-зайыптыларды бақылайды.
Көрші үйдің әйелі үйін тазалап - жинастырумен айналысып жатады. Қолына қымбат құмыраны ұстап, шаңын сүртіп жатады.
Кенеттен телефон шылдырлайды, телефонға асыққан әйел сүртіп тұрған құмыраны столдың шетіне қоя салып жүгіреді.
Осы мезетте күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе керек болып, столдың шетінде тұрған қымбат құмыраны жерге құлатып, сындырып қояды.
Осының барлығын бақылап тұрған көрші: «Не болар екен?»- деп тағатсыздана күтеді.
Сіздер осы ситуациядан қалай шығар едіңіздер?Пікірлерін тыңдау.
Телефонмен сөйлесіп болған әйелі өкінішпен бір күрсінді де, күйеуінің қасына келіп: Кешірші мені қымбаттым! Мен кінәлімін, құмыраны өте ыңғайсыз қойдым. Ал күйеуі: Жоқ аяулым мен кінәлімін, мен асығыстықтан бұл құмыраны байқамай жерге құлаттым. Жарайды, қоя берші. Жамандық осымен кетсін,- дейді.
Бақылап тұрған көршісі таңырқап қалғаны сондай, жүрегі ауырып, үйіне көңіл күйі түсіп келеді.
Әйелі оған: “Неге сонша ұзақ бақыладың? Көрдің бе? Иә, қалай екен оларда?”
Күйеуі: ”Оларда бір жағдай болса барлығы кінәлі екен. Ал бізде бәрі өзінікін дұрыс санайды”
Қорытынды сөзі Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
© 2017, Турымова Майдан Жакупкановна 4838