| Ұзақ мерзімді тараудың тарауы: 5.4А Пайыз | Мектеп: С.Байжанов атындығы №162 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Әлиева А.Р. |
| Күні: Сынып: 5 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы: | Пайыз |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру; 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: пайыз ұғымын меңгереді; Оқушылардың басым бөлігі: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыра алады. Кейбір оқушылар: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды қолдана отырып, мәтін есептерді шығара алады. |
| Бағалау критерийі | |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ережесін айта алады. Пәнге қатысты сөдік қор мен терминдер: пайыз, жүзден бір бөлік Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын терминдер: Пайызды бөлшек түрінде жазу үшін... Бөлшектерді пайызға айналдыру үшін... |
| Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы негізінде оқушыларды патриотизмге, ынтымақтастыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, жаратылыстану |
| Алдыңғы білім | Пайыз ұғымы, санның бөлігі |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| Сабақтың басы 10 мин
Оқушыларға проблемалық жағдай тудыру.
| Жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы топқа бөлу. «Ыммен сөйлесеміз». Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене тұрып, ұсынылған жануарлардың атауы жазылған қағаз қиындыларын таңдайды. Атауын атамай ыммен, мимикамен бірдей жануарлар бір-бірін іздеп табады да, топ құрайды. Үй тапсырмасын тексеру: «Элективті тест» тәсілі. А,В,С,Д арқылы белгілеген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл стикерлер таратылады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 секунд кідіріс жасап тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Бағалау: Өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.  Тақтаға «Пайыз» тақырыбын жазып, күрделі жағдай тудыру. Оқушылардан берілген сөзді қашан және қалай кездестіргенін сұралады. Тауар бағасына қатысты жеңілдіктер, банктегі пайыздар, сүт өнімдерінің майлылық пайызы және т.б. аналогиялар келтіріледі. Оқушыларды көрсетілген пайыздар бүтін санның бөлігі болатынын түсінуіне бағытталады. | Жануарлардың атауы жазылған қағаз қиындылары.
Түрлі-түсті стикерлер.
Смайликтер |
| Сабақтың ортасы 10 мин Блум таксономиясы Білу. Түсіну
Қолдану. Талдау. Жинақтау. 10 мин
| Тапсырма №1. Жеке жұмыс. Процентті ондық бөлшекпен және жай бөлшекпен жазыңдар:     Жауабын тексеруде өзін-өзі бағалау жүреді. Берілген іс-әрекетті жүзеге асыруда саралап оқытудың "Проблемалық оқыту" қағидасы қолданылады, ол - оқушыларға жаңа білімді өз бетімен қалыптастыру дағдыларын жетілдіруге және оны терең түсінуге мүмкіндік береді. Барлық оқушылардың қатысуымен тапсырма орындалғаннан кейін процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу ережелері пысықталып қорытылады. Бір процент – жүзден бір бөлік. Кез келген шаманың (санның) жүзден бір бөлігін «бір процент» деп атау қабылданған. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін, пайыз белгісі (%) алдындағы процент санын 100-ге бөлу керек. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, оны 100-көбейтіп, процент белгісін (%) тіркеп жазу керек. Есінде сақта!!!   Сергіту сәті: «Ақ бұлақ» оқушылар бір-біріне кедергі жасамайтындай тұрып, видиодағы әнші биші қыздармен билеп, ән салып сергіп алады. Тапсырма №2. Топпен жұмыс: процентке берілген мәтін есептерді шығарыңдар. Барлық топқа бірдей 3 есеп беріледі. Өзара бағалау. 1) Алманың сі су. Алманың неше проценті су? Теңіз суының 5% -і тұз. Теңіз суының неше бөлігі тұз? Суреттегі фигура ауданының неше проценті боялған?  Есептің шығарылу жолын кезекпен түсіндіреді, қалған топ жауабын бағалайды.  | АКТ
АКТ |
| Сабақтың соңы 5 мин
Бағалау 5 мин
| Сабақ соңында оқушыларға ««Пайыз» ұғымының өмірдегі маңызы қандай?» деген сұрақтар қойылады, талқыланады. Рефлексия: «Табыс ағашы» 
Үйге тапсырма: №1098-1100 есептер |
-жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер. |
| Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
| Талқылау мен өз бетімен оқу арқылы топ, жұп ішінде жұмыс жасау | Бір бірінің жұмыстарын тексеру Өз-өзін тексеру | |
| Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |