Оқыту пирамидасы
Оқыту мен оқу:
Дәстүрлі сабақты бақылау
Б.Блум таксономиясы
Білу
Өзін-өзі бағалау
және өзара бағалау
қолданылмайды
Оқушылар сабаққа
толық қатыспайды
Түсіну
Қолдану
Окушылардың сабаққа
қызығушылығы төмен
Топтық жұмыс
қолданылмайды
Талдау
Жинақтау
Бағалау
- Ынтымақтаса оқуға қол жеткізіледі
- сабаққа қызығушылығы артады
- Өзін-өзі және өзара бағалау енгізіледі
- Топтық жұмыс жүргізіледі
- Оқушы үніне көңіл бөлінеді
- Кері байланыс ұсына алады
Топтық,
жұптық оқытуды,
АКТ-ны тиімді
қолдануды, СТО-ды,
ОүБ-ды ұсынады
Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары
Жаңартылған білім мазмұны аясында қолданылатын бірқатар тәсілдер:
- Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым,айтылым,тыңдалым, жазылым;
- Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану
- Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
- Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы)
- Ашық сұрақтарды пайдалану;
- Дәлел ұсынуға ынталандыру;
- Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу
- Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
- Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
— алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
— анық, айқындылығы;
— бағаның әділдігі;
— өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
- Оқытудағы жаңа тәсілдер;
- Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету;
- Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау;
- Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді қолдану;
- Талантты және дарынды балалармен жұмыс;
- Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;
- Орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге
асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді, осының негізінде оқушының білім алуында байланыс жүреді (Александер 2004).
Оқушы екі жақты идеяны ұштастыру арқылы жаңа білімге қол жеткізе алады.
СЫНЫПТАҒЫ ДИАЛОГТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Лилтон).
Оқушылардың көбірек білетін басқа біреумен (сыныптастары немесе мұғалімі) диалог жүргізуге мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту оңай болады (Выготский).
- Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр – қайсысы механикалық түрде келісе беруі;
- Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
- Идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
- Идеяның дұрыс және бұрыс жағын бағамдай алу.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді.
Сын тұрғысынан
ойлау
Ой
толғаныс
Қызығушылықты
ояту
Мағынаны
тану
Оқушыларды қалай
қызықтыруға
болады деген
сұраққа жауап
Жаңа алынған білімді
айқындайтын және
ұштайтын
деңгейде оқушыда
шешім қабылдай
алатын мүмкіндік
болу керек
Оқушының білімін
қалыптастыру деңгейінде
оны зерттеу, талдау,
жауап табу үшін
жеткілікті материалдар
болу керек
Білу
Қарапайым
Түсіну
Кім? Қашан? Қайда? Қалай?
Ақпаратты қайталау немесе тану
Нақты
Қолдану
Мен дұрыс түсіндім бе...?
Ақпараттық материалдардың мағынасын алу
Тәжірибелік
Талдау
Жинақтау
Қалай қолдануға болады...?
Одан не істеуге/шығаруға болады...?
Қалыпты жағдайда қолдану
Интерпретациялық
Неге?
Бөлімдерін және құрылымын анықтау
Шығармашылық сұрақ
Бағалау
Егер... онда не болады...?
Бөлімдерді жаңаша біріктіру
Бағалаушы сұрақ
Қалай қарайсың?
Критерийлер негізінде мағынасын бағалау
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) болып табылады.
Егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқытуды жылжыту үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды.
Коучинг сабақтың мақсаты:
- АКТ-ның сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
Коучинг сабақтың міндеті:
● АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу.
● АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолдану.
● АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.
Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында дұрыс бағыт бермейтіні жайындағы зерттеулерден мысал келтіреді. «Зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тексеру парағында тиімді қолдану жолдары төменде көрсетілген». (Монтгомери, 1996; Фриман, 1991).
• есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар тек біліп қана
қоймай, сонымен қатар сол ақпаратты пайдалана алады.
• өз білімін жетілдіру: олар білім беру үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы
біліп, өзінің оқуын реттей алады.
• ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ
жоспардың жүзеге асуына тез қол жеткізеді.
• мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне
тезірек жетеді.
• икемділік: басқаларға қарағанда ойлау қабілеттерінің жақсы ұйымдастырылғанына қарамастан,
олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады.
• күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен
тапсырмаларға ұмтылады.
- шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері
бар.
• ерте символдық белсенділік : олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды
Джером Брунердің оқу бағдарламасының негізінде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қандай қиындықтағы тапсырма болса да үйренуге болатындығына болжам жасалынған.
Тиімді әдіс деген не? Оқыту және оқу барысындағы балалардың жас ерекшелігінің айырмашылығын зерттеу кезінде жауап беруге тиісті ең бірінші сұрақ осы айырмашылықтардың түп табиғатына байланысты. Пиаженің (Пиаже, 1953) когнитивті дамыту теориясы балалардың ойлау қабілетінің ересек адамдардікінен айырмашылығы бар екендігін дәлелдеген. Пиаже өз балаларына зерттеу жүргізе отырып, оқыту теориясын жасап шығаруда жасаған бақылаулар нәтижесінде балалардың жас кезінен ересек кезеңге дейінгі аралықта белгілі бір кезеңдерден өтетіндігіне бақылау жүргізген.
Қысқа мерзімді
Жұмыс жадысы
Ұзақ мерзімді
Рәсімдік жады
(іс-әрекетті қалай орындау керек)
Семанти-калық жады
(Тең мәнді емес аспектісі)
Эпизодтық жады
( сезім мүшелерінен кіретін ақпарат)
Жас ерекшеліктері
тұрғысынан жады
Қысқа
мерзімді
Баддели, Хитч
Ұзақ мерзімді
Тулвинг
20
Мұғалімнің жетекшілігін дамытуға әсер етудің ерекше түрі былайша анықталады. Жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.
Дамыту жұмыстарын ізденіспен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы « мұғалім ізденуші » түсінігінде емес, « мұғалім дамыту жұмысының көшбасшысы » түсінігінде құрылған.
Оқудағы өзгерістерді басқару мен көшбасшылыққа арналған 5 негізгі стратегия
- Бір топ мұғалмдер материалды бірлесіп әзірлейді,жасайды және тәжірибеде қолданады.
- Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын бағалайды және нәтижелерін өзінің оқыту тәжірибесінде жақсарту мақсатында пайдаланады.
- Мұғалімдердің оқытудың түрлі әдістерін қолдана отырып эксперимент жасайды және өзінің тимділігін анықтау мақсатында ақпарат жинайды
- Кеңес алу, идеяларды мақұлдау, сынамалау мақсатында немесе бұған дейін басқалар қолданған оқыту әдістерін анықтау мақсатында мұғалмдер басқа әріптестерімен қарым-қатынас жасайды
- Мектеп көшбасшылары мектеп сабақтарының белгілі бір аспектілерн ойластыру ,шешу мақсатында мектептегі мұғалімдермен жұмыс істейді.