Просмотр содержимого документа
«7 СЫНЫП салмақ тақырыбына»
Күні:________________
Сыныбы: ____________
Сабақ тақырыбы: §31. Дененің салмағы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа керек құрал-жабдықтар: оқулық.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты қорыту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптың дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру:
Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?
Қандай күш ауырлық күші деп аталады?
Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?
Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?
Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?
Неліктен денедердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.
3.Үй тапсырмасын қорыту,бағалау.
4. Жаңа сабақ.
Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.
Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.
Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме-дәл келеді.
P=FA= mg

5.Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?
3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
4. Салмақсыздық себебі неде?
6.Бағалау.
7.Үйге тапсырма.