| №1 Тапсырма: Мәтiнді оқып, 4 сұрақ құрастырыңыз Ұлыстыңұлыскүні. Шығыселдерiндежыл басы наурызайынанбасталады. Бұл – күн мен түннiңтеңелгенкүнi. Бұлкүнбаяғыданберіқазақтыңжыл басы қыпұстапкележатқанкүнi. Наурызкүнi – қазақхалқынаурызкөже, наурыздамаберетiнкүн. Бiрақжылбасыннаурызданбастапсанаржалғызқазақтардағана, өзбектердеғанаемес, жержүзiлiкхалықтыңбәрiнде де бар десекбекерболмас.Наурыздакүн мен түнтеңеледi де, жылынады. Күздiгүнiсуықтыңызғарынанөлiпқалғантабиғатаспаннанқұйылғанжылудыңәсерiменқайтадантiрiледi. Қареридi, көлбұзылады, өзен, сайтасиды. Көкшығады.Қазақхалқы – мал баққаншаруахалық. Қазақтың мал бағушаруасытабиғаттыңтүрлiөзгерiсқалпынабайланысты.Наурызайындақазақтың малы төлдейдi. Бiр малы шаруаныңекеуболып, кiрiскiретiн ай. Солүшiнқазақтанаурыздыңқадiрiтағы да артығырақ.«Наурыз» сөзi – парсы сөзi: «нау» - жаңа, «руз» - жылдегенсөзденалынған. |
| № 3 Тапсырма: Мәтiндi оқып, аударып, өз ата –анаң туралы жалғастырыңыз. Ата-ана Әрбiр баланың туған анасы, туған әкесi болады. Сенiң әкең де – сенiң атаң мен әжеңнiң баласы. Сенiң анаң да – нағашы атаң мен нағашы әжеңнiң қызы.Әрбiр ана мен әке өз балам жақсы адам болып ер жетсе екен деп тiлейдi, асырайды, бағып - қағады, аялап өсiредi.Ата- анаң сен үшiн де туған елi үшiн де құлшына еңбек етедi, терiн төгедi, бейнет шегедi.Ата-анаң – сенiң әке- шешең ғана емес, екеуi де еңбекқор, өз iстерiнiң шеберi, елдiң елеулi азаматтары. Ата –анаңды мақтан тұт! Ата-анаңның тiлiн ал, ақыл, кеңесiне құлақ тос, айтқанын орында.Әсiресе, қартайған шағында қас –қабағына қара кейiтпе, қуан, денсаулығын сақта, ұдайы қамын ойла. «Кәрiге құрмет –балаға мiндет» - өзiң үлкендi сыйламасаң, өзiңнен кiшi сенi де сыйламайды- дейдi қазақ халқы. |
| № 4 Тапсырма: Мәтiнді оқып, 4 сұрақ құрастырыңыз Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бiрiншi ғалым саяхатшы және зерттеушi .Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерiнде туған.Оның әкесi Шыңғыс Шоқанды 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға бердi.Шоқан өте жақсы оқыды.Оны мұғалiмдерi де жақсы көредi.1853 жылы жас Шоқан кадет корпусын үздiк бiтiрiп офицер шенiн алады. 1856 жылы Уәлиханов Құлжа, Ыстықкөл, Алатау өңiрлерiне экспедицияға шығады.Сол жерлерлерде тұратын халықтардың тарихын, әдет- ғұрпын зерттейдi. 22 жасар Шоқан 1857 жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесi болып сайланады.Ол көп ғылыми еңбектер жазды.Оның еңбектерi 1865 жылы Лондонда да ағылшын тiлiнде басылып шықты.Семенов Тянь-Шанский мен Ф.Достоевский Шоқан Уәлихановтың ең жақын достары едi. Шоқан 1865 жылықайтысболды. |
|
№5 Тапсырма: оқып, 4 сұрақ құрастырыңыз. Абайдың мұражай – үйі Абайдың Жидебайдағы мұражай – үйі – ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай-үйіне айналды. Ол 1970 жылы аса күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол – терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте – қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын тұр. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі – суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И.Долгополовтың суреттері бар. Мұражайдың температурасы қысы – жазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. |
| № 7 Тапсырма: Мәтiнді оқып, аударып, 4 сұрақ құрастырыңыз Алтын адам. Астанада мұражайлардың түр-түрi бар. Балаларолардыаралап, көпқызықтады. Әсiресе, археология мұражайынажасалған экскурсия оларғақаттыұнады. МұражайдағыэкспонаттарқазiргiҚазақстанжерiндеертезамандардақандайтайпалармекендегенiнбiлдiредi. Археологтартабылғанеңбекқұралдары, ыдыстар, әшекейбұйымдарғақарап, бiздiңата-бабаларымыздыңқалайөмiрсүрiп, неменшұғылданғандарынанықтапотыр. Балаларбiрэкспонаттыңжанынанкөпкедейiнкетпедi. Ондажасханзада – сақжауынгерiнiңбастан-аяқалтынменәдiптелгенкиiмiқойылған.Оныңдулығасы мен кiреукесауытыназергербабамыздыңбiрiадамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардыңсуретiнбейнелеп, алтын табақшаларменәшекейлеген.ОсыжауынгеркиiмiнәшекейлегеналтындарЕсiкқорғанынаекiмыңжылданастамуақытжатса да, күнiбүгiнгедейiнсақталған |
| №8 Тапсырма: мәтiндiоқып, жалғастырыңыз Жылмезгiлдерi. Бiр жылда 4 жыл мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бiрмезгiлдеүшай бар. Қысайлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қаңтар -жыл басы, қысортасы. Қаңтардасуыққаттыболады. Даланы, ормандықарбасады, қаттыаязболады. Қыстакүнқысқа, түнұзақболады. Өзендергемұзқатады. Қыстыгүнiбалаларөтекөңiлдiболады. Олараққала, қарбөбекжасайды, шанамен, шаңғыменсырғанайды, мұзда коньки тебедi. Адамдаржылыкиiнедi, бастарынақұлақшын, бөрiк, үстiне пальто, тон, аяқтарынаетiккиедi. Жаңажылмейрамынбүкiләлемтамашалайды. |
| №9 Тапсырма: мәтіндіоқып, мазмұнда ЫбырайАлтынсарин. (1841-1889) ЫбырайАлтынсарин – жаңашыл-педагог, жазушы, ақын, аудармашы. Ол 1841 жылыТорғайоблысындатуған. Оныңәкесіертеқайтысболды. ЫбырайдыатасыБалғожатәрбиеледі . 1850 жылыБалғожаөзініңнемересінқазақбалаларынаарнапашылғанмектепкеоқуғабереді. Ыбырайжетіжылдықмектептібітіргенсоң, туғанхалқыүшінқызмететеді. Еңалдыментілмаш, кейінмектептемұғалімболыпістейді. Олқазақбалаларыүшін 1864 жылымектептерашып, жаңамектептерсалдырды. Олқыздарүшіндемектептерашты. Дарынды педагог 1879 жылымектепоқушыларынаарнап «Қазақхрестоматиясы » мен «Қазақтарғаорыстіліноқытуқұралы» дегенекікітапжазыпбастырды. Ыбырай бар еңбегінжастардытәрбиелеугежұмсады. Олбалаларғаарнапкөптегенөлең, әңгімелержазды. Оныңәңгімелері: «Атымтайжомарт», «Бақшаағаштары», «Асан мен Үсен», «Жаманжолдас» жәнет.б. ЫбырайАлтынсарин И. А. Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К. Ушинскийдіңәңгімелерінқазақтілінеаударды. Оның «Кел, балалар, оқылық» дегенөлеңінбарлықбалаларжатқабіледі. ЫбырайАлтынсаринхалқынадалдыққа, еңбеккежәнеөзгехалықтармендостықтаболуғашақырады. Атақтышешенбилер: Төле би, Қазыбек би, Әйтекеби . |
| №10 Тапсырма: берілген мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. Қазақстандағы білім беру жүйесі. Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әр түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары. Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес орта (5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып). Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия,лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. |
| №11 Тапсырма: мәтінге ат қойыңыз, мазмұндаңыз. Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. Шіркін-ай, егер менің байлығым болса, жақсы өмір сүрер едім,-деп зарлауын қоймайды. Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. -Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе?-дейді. -Мен баймын ба?-деп жігіт таң қалады.-Ол қандай байлық? -Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің?-деп сұрайды қарт. -Оның не? – деп шошып кетеді жігіт,- көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. -Ал енді екі қолың мен аяғыңның береуің алтынға айырбастар ма едің? -Жоқ , ешқайсысын да алтынға айырбастармын,-дейді жігіт. -Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы- күш-қуаты мен денсаулығы,- дейді қарт. –Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осынып айтады да, жөніне кетеді. |
| №12 Тапсырма: Мәтiнді оқып, аударып, мазмұнда. Қай бағытты таңдаймын? Мен үшін отбасымның орны әрқашан ерекше. Ата-анамның бізге деген қамқорлығын әрдайым сезінемін. Біз отбасына, отбасының әр мүшесіне қатысты барлық мәселені ақылдасып, бірге шешеміз. Биыл мен тоғызыншы сыныпты бітіремін. Келесі оқу жылында бағдарлы мектепте оқуым керек. Бағдарлы мектеп екі бағыттан тұрады: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика. Осы екі бағыттың бірін таңдау үшін ата-анаммен, ағаммен әдейі жиналып, ақылдастық. - Өзің қай бағытты қалайсың?- деді әкем. - Мен қоғамдық-гуманитарлық бағытты қалаймын. Болашақта журналист болсамдегенарманымбар,-дедім. - Қазіржурналистенгөрі техника саласымамандарынасұраныскөп. Сен жаратылыстанупәндерін де жақсыоқисыңғой. Техника мамандарыныңжалақысы да жоғары,-дедіағамқарсылықжасап - Балам, мәсележалақыдаемес, жүректіңқалауында. Мамандықтаңдаудақателеспеукерек«Кәсібіндұрыстаңдағанның, нәсібіберекеліболады» депбекерайтылмайды. Сондықтан мен баламныңқалауынқолдаймын,-дедіанам. -Дұрыс, балам, мен де сенің журналист болғаныңдықалаймын,- дедіәкем де. - Аға, сізменің журналист болуымдышыныменқаламайсыз ба?- дедімыңғайсызданып. |
| №13 Тапсырма: Мәтiнді оқып, аударып, мазмұнда. Алтыбақан Алтыбақан – ұлттық ойын. Мерекелерде, әсiресе Наурыз мейрамында алтыбақан ойнайды. Екi жақтан екi кiсi тербетедi. Жiгiт пен қыз бiр-бiрiне қарап ән шырқайды. Қыздар мен жiгiттер жаңа әндер үйренедi. Онда келген адамдар ұлттық киiм киiп келедi. Алтыбақан әншiлердi жарыстырады. Халық жақсы ән айтатын жастарды сұрыптап алады. Қазақ халқының әншiлерi Бiржан мен Ақанды, Мәди мен Мұхитты алты алашқа танытқан – осы алтыбақан сахнасы. Жасқыздар мен жiгiттер осы алтыбақандатанысқан.
|
| №14 Тапсырма: Мәтінге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Тіл табысу – өнер Тіл – адамзат баласына ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет, табиғаттың ғажап сыйы.Әр адамның тілді орынды қолдана алуы оның өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып саналады. Өйткені тіл ғана адамның өзі өмір сүріп отырған ортада өзгелермен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемденуіне, өзгелерді тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді. Өзгелермен тіл табысу – үлкен өнер. Тілсіз адамның биік нәтижелерге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік армандарға қол жеткізеді. Тілдің көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз көзқарасын қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл арқылы көңіл-күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос, жақсы жар табады. Кез келген ортада өзін ұстай білетін, ақылды, мінезі жайлы, сөзі түзу адамның беделі жоғары болады. Ол үшін адам барлық нәрсеге ойлана қарап, таныс, бейтаныс адамдармен мәдениеттісөйлесе алуы, сөзді дұрыс қолдануы қажет. Сонымен, тіл – адамдардың өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл – қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс. Мәтінге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап бер. 1. Адамның сәттілікке қол жеткізуінің шарты не? 2. Тіл адамға қандай мүмкіндіктер береді? 3. Тілсіз адам биік нәтижеге жете алады ма? 4. Адам өз арманына қалай қол жеткізеді? 5. Тілдің көмегімен адам не істейді?. |
| №15 Тапсырма: Мәтiнді оқып, аударып, мазмұнда. Дәрiгер. Дәрiгер адамдарды жақсы көруге әрi мейiрбан жүректi болуға тиiстi. Өйткенi науқастың ауруын жеңiлдету, оны емдеу – дәрiгердiң бiрден-бiр борышы. Дәрiгер бiлiмдi, батыл әрi шыдамды болуға тиiс. Ол нендей бiр жұқпалы ауру болса да, барып емдеуге мiндеттi. Ауруды жұқтырып алу қаупiн бiлсе де, өз еркiмен саналы түрде, күтiп, емдейдi. Оларды түн демей, күн демей, науқас адамға шақырады. Басқа дәрiгер болмай қалса, ол өзiнiң ауырғанына қарамастан, шақыруға барады. Неғұрлым жылдам жетiп, жедел жәрдем көрсетуге мiндеттi. |
| №16 Тапсырма: Мәтінді оқып, ой бөліктеріне бөл. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. «Қонақ күту» Қонақжайлық—қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Ол адамдар арасындағы сыйластықты,қамқорлықты білдіреді, кісінің адамгершілігін көрсетеді. Қонақ күту—қазақ халқы үшін өте үлкен жауапкершілік. Бұрын қазақта жол жүріп келе жатқан жолаушы кез келген ауылға, үйге қонақ бола берген. Келген қонақты құрметпен қарсы алып, шығарып салу әрбір отбасы үшін моральдық-этикалық норма ретінде қалыптасқан. Табалдырығынан аттаған адамды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру—қазақ қонақжайлығының негізгі белгісі. Қазақта ≪Қырықтың бірі—Қыдыр≫, ≪Қонақпен бірге құт, ырыс келеді≫ деген нақыл сөз бар. Қазақ үйіне келген адамның бәрін қонақ деп құрметтеп, әрқашан төрге отырғызған. Үй иесі қонағына ең сыйлы асын ұсынған. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтуға, бірін-бірі сыйлауына, балаларын жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуына ықпал еткен. Дастарқаны мол, пейілі кең қазақ халқының қонақжайлылығы, кеңпейіл қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды ерекше таңқалдырған. |
| Билет № 17 Тапсырма. Берілген мәтінді оқып, осы тақырып бойынша өз пікіріңізді айтыңыз. Өз тіліңді құрметте! Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам дүниеге келгеннен бастап, өмір бойы тілмен бірге тіршілік етеді. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен сіңеді. Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. |
| Билет № 18 Тапсырма. Берілген мәтінді оқып аударыңыз, мазмұнын айтыңыз. Қонақ келсе – құт. Қонақ арнайы шақыруымен де, шақырусыз да келеді. Шақырусыз келген бейтаныс қонақ : «Біз қонақ, құдайы – қонақпыз », - деп ескерте келеді. Егер қонақты шын көңілмен үй иесі қарсы алса, үй иелері байлыққа, бақытқа кенеледі. Қонақты қарсы алмай қайтарып жіберсе, сол үй қайғы-қасіретке қалады деген аңыз елге тараған. Сондықтан келген қонақтың алдынан шығып, кірген адамға үй иесі : - Төрге шығыңыз ! - Жоғарлатыңыз ! - Төрлетіңіз ! – деген дұрыс. Үйде ата-анасы жоқ кезде қонақ келсе, балалар жылы ілтипат білдіріп, ата-анасын жоқтатпай қонақты күте білген жөн. Шақырумен келген қонақты үйге кіргенде алдынан шығып қарсы алу міндет. Үйдегі кішілер, әсіресе балалар, қонақпен қол беріп сәлемдеседі. «Ассалаумағалейкум», «Хош келіпсіздер !» - деп, киім шешуіне көмектесіп, төрге шақырады. |
| Билет № 19 Тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнын айтыңыз. 4 сұрақ құрастырыңыз. Тұрар Рысқұлов. Тұрар Рысқұлов – көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, саясатшы, ғалым. Ол 1918-1937 жылдар аралығында республика экономикасын, мәдениетін, тұрмысын дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарды. Тұрар – халқын шексіз сүйген патриот. Ол Ресей Федерациясында басшы қызметте жүрсе де, Қазақстан мүддесін көп ойлады. Тұрар Рысқұлов қоғам қайраткері ғана емес, үлкен ғалым. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазған, мысалы: «Қазақстан», «Түркістан», «Түрксіб», «Жетісу мәселелері». Жауапты жұмыста жүргенімен, Тұрар қаламгерліктен қол үзген жоқ. 1937-1938 жылдары көрнекті мемлекет қайраткері Т. Рысқұлов сталиндік тәртіптің құрбаны болған. |
| Билет № 20 Тапсырма. Берілген мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз және жоспар құрыңыз. Нұртөлеу Иманғалиұлы. Нұртөлеу Иманғалиұлы- «Хабар» агенттігінің комментаторы, тележурналист. Ол 1952 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. Балалық шағы қазіргі Н.Есболатов атындағы ұжымдық шаруашылықта өткен. Осы елді мекенде орта мектепті үздік аяқтап, осы бітірген мектепте ұстаздық етеді. Сол жылдары аудандық, облыстық газеттерде оның материалдары жарық көре бастайды. «Лениншіл жас» газетінде жазғандары жарияланып тұрады. 1972 жылы ҚазМУ- дінжурналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіреді. Журналистік қызметін студенттік кезде-ақ қазақ теледидарында жүргізуші ретінде бастап, жастар редакциясының тілшісі, редакторы, аға редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарады. Қазақ теледидарының көркемдік кеңесінің мүшесі, дирекция мүшесінің, Қазақстан жастар одағы Орталық Комитетінің мүшесі, бюро мүшесі қызметтерін қоса атқарады. Спорт шебіріне кандидат, белгілі тележурналист Нұртөлеу Иманғалиұлы Қазақстан Журналистер одағының лауреаты, телерадио журналистерінің республикалық «Алтын жұлдыз» конкурсының жеңімпазы.Ол бұл күндері «Хабар» агенттігінің комментаторы. |
| Билет № 21 Тапсырма. Берілген мәтінді оқып аударыңыз, 5 сұрақ құрастырыңыз. Әуезов үйі. «Әуезов үйі»- ғылыми-мәдени орталық, яғни ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми- мәдени мекеме. Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді. Бірінші бағыт- жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын жинақтау. Екінші бағыт- мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фотоларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Үшінші бағыты-М.Әуезовтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау. Орталықта орналасқан мұражай - үйі екі бағыттан, сегіз бөлмеден тұрады. Бұл мұражай үйінде жазушының өзінің даусы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Ғылыми жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім жұмыс істейді. |
| Билет № 22 Тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Жаһандану – пайдасы мен зияны қатар жүретін үдеріс. Оның пайдасы: ғылым мен техниканың дамуы, экономикалық қарым-қатынастың кеңеюі, тілдерді үйренуге мүмкіндіктің тууы, сапалы білімге деген сұраныстың көбеюі. Жаһандану – бәсеке. Бәсеке болған жерде даму болады. Сонымен қатар жаһанданудың зиянды жақтары да бар. Терроршылдық пен экстремизмді насихаттайтын идеологиялардың, эпидемиялық аурулардың таралуы. Ұлттық тіл мен мәдениеттің жойылып кетуіне жаһандану мүмкіндік туғызады. Сондықтан жаһанданудың зиянды әсерінен аман қалу үшін, әдебиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңірейік. |
| Билет № 23 Тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Ет тағамдары. Қазақтың ұлттық тағамдарының денi еттен дайындалады. Ет дәмдiлiгiмен және өзiнiң құрамындағы адам организмiне пайдалы белоктық заттармен құнды. Қазақтың ұлттық тағамдарының iшiнде еттiң орны ерекше.Үлкен тойларда тағы басқа жиындарда мал сойылып меймандарға табақ тартылады. Қазақша етке мiндеттi түрде қамыр иленiп нан салынуға тиiс. Алуан түрлi қуырдақ,манты, тұшпара, палау, орама секiлдi тағамдар да дастарқанымыздың қадiрiн арттыра түседi. Ыстық ет тағамдары негiзiнен асылып қуырылып отқа қарылып бұқтырылып духовкада пiсiрiледi. Ет тағамдарын қуыру үшiн негiзiнен мал майы өсiмдiк майы құйрық май қолданылады. 1.Ет тағамдарына не жатады? 2.Ет қандайқасиеттерменқұнды? 3.Қазақша еттiңорнықандай ? 4.Үлкен тойлардақандайтамақтартылады? 5.Қазақша етке не салынуғатиiс? 6.Дастархан қадiрiнқандайтағамдарарттыратүседi? 7.Ет тағамдарынқуыруүшiнқандаймайларқолданылады? |
| Билет № 24 Тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Абылай хан Абылай (шын аты Әбiлмансұр) (1711-1781 жж.) – Орта жүз ханы, атақты Жәңгiр ханның бесiншi ұрпағы. Әкесi – Уәли Түркiстан қаласының сұлтаны болған. Абылай 20 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлiк көрсетедi. Жауға «абылайлап» тиiп, ойсырата жеңедi, сарбаздардың рухын көтередi. 25 жасында бүкiл қазақ елiнiң ұлы ханы көтерiлдi. Ол көреген ел басы, батыл қолбасшы, сұңғыла дипломат болған адам. Абылай қазақтың үш жүзінiң басын құрап, ел бiрлiгiн нығайтуда елеулi еңбек сiңiрдi. Сыртқы саясатта Абылай қазақ елiнiң дербестiгiн сақтауға, оның қорғаныс қабiлетiн нығайтуға ұмтылды. Көршiлес елдермен экономикалық байланысты, сауда-саттықты күшейттi. Әсiресе, Ресеймен, Қытаймен тату көршiлiк жағдайда болуға күш салды. Абылай билеген жылдар – қазақ елiнiң экономикалық-әлеуметтiк өмiрiнде айтулы кезең болды. Абылай Түркiстан қаласында дүние салды. |
| Билет № 25 Тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз, мәтінді қалай атауға болады? Адамның үш жұрты болады. Ең жақын, қандас туыстары болып ең алдымен әкесінің туыстары саналады. Әкесінің ағасы, інісі – балаға әке орнына әке болатындай ең сыйлы адамдар. Ал олардың балалары немере аға, немере іні болады. Әкесінің, ағасының баласын жасы кіші болса да, жолы үлкен деп сыйлауға тиісті. «Ер жігіттің үш жұрты бар» дейді қазақ. Оның алғашқысы - өз жұрты, ата жұрты.. Екіншісі – нағашы жұрты. Нағашы – баланың шешесі жағынан туыс болып келетін адамдар. Нағашысы – баланың өз әке-шешесінен кейінгі қамқоры. Жиен нағашысына еркелейді, нағашысы жиенінің сұрағанын әпереді. Үшінші жұрт – қайын жұрт, жігіт жұбайының туыстары. |