СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Адамның қаңқасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткосрочное планирование. По новому садержанию.

Просмотр содержимого документа
«Адамның қаңқасы»

Қысқа мерзімді жоспар


Пән

Биология

Тақырыбы

Адамның қаңқасы

Сыныбы

8 «Б»

Күні

13.09.2014 ж

Мақсаты

Сын тұрғысынан ойлай отырып, оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру. Алған білімін өмірде қолдануына ықпал ету молайту. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.

Міндеттері

  • ТҚЖ бөлімдері мен функцияларын атау білу керек;

  • қаңқа мен бұлшықеттің құрылысы мен функцияларының ерекшеліктерін сипаттау білу;

  • адамның тік жүруі мен еңбек қызметімен байланысты қаңқа ерекшеліктерін, адам денсаулығы үшін белсенді қимылдаудың маңызын негіздей білу;

  • гигиеналық тәртәпті сақтау, жарақатты зақымданудың алдын-алу шаралалыр білу үшін. ТЖҚ құрылысы мен функциялары туралы білімді қолдана білу;

  • ТҚЖ жарақаты кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу.

Күтілетін нәтиже

Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуы қамтамасыз етіледі.

Мамандыққа байланысты жаңа сөздерді үйренеді.

Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.

Оқушылар іс-әрекеттер барысында бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренеді.

Ресурстар

Р.Әлімқұлова Биология 8 сынып, Алматы, Атамұра 2012. Интерактивті тақта, электрондық оқулық, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу, бағалау парақтары.

Стратегиялық іс -әрекеттер: 

Диалогтік оқыту, миға шабуыл,«Болжау» стратегиясы, кері байланыс,«Мағынаны тану»стратегиясы,«Жұптас-ізден-талқыла» стратегиясы  ,   бағалау

Кіріспе

Сәлемдесу

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу

Терминдер арқылы топтарға бөлу. (3 топ)

Тұсаукесер

Ұйымдастыру кезеңі. Миға шабуыл.

Сұрақтарға жауап беру.

Адамзат баласы қандай да бір себептермен өмір сүру үшін Айға кетіп қалыпты деп ойлаық. Қанқа мен бұлшықет қандай өзгеріске түсер еді ? Толық дәлелмен жауап бер.


Топ ішінде сұрақтарды талқылау. Оны постерге бейнелеу.

Негізгі бөлім

Өзара бақылау парағымен жұмыс. 3 мин.

Өзарабақылау парақ. ( тірек – сызбаның көмегімен )

  1. Адам денесіндегі буындардың саны.

  2. Бұлшықеттердің ең басты қызметі.

  3. Тірек – қимыл жүйесін құрайды.

  4. Тірек – қимыл жүйесінің атқаратын қызметі.

  5. Адамның қанқасында неше сүйектер бар?

  6. Сүйектің құрамында неше % су болады?

  7. Қандай сүйектер болады? ( пішіні бойынша ).

  8. Сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін ............. деп айтады.

  9. Сүйек кемігінде не түзіледі?

  10. Сүйектің құрамында неше % оссеин болады?


2. Оқулықпен жекелеме жұмыс Топпен жұмыс 6 мин

№ 1. Тірек – қимыл жүйесінің қызметін жаз:

1)

2)

3)

4)


№ 2. Қанқадағы сүйектердің байланысу түрлерін ата.

а)

б)

в)


№ 3. Буын деп нені айтады?

Практикалық жұмыс

Заттар: йод, бинт, алма, спирт, шприц, таңғыш, мұз

Сіңірлердің созылуы

Буынның шығуы

Сүйектің сынуы

Жоғарыда айтылған заттардың сіңірдің созылғанда, буын шыққанда, сүйек сыңған жағдайда қай затты пайдаланауға болады. Сәйкестеңдір.


Мұз айдынында

Екі адам мұздан тайып жығылды. Біреуі аяғын сындырып алды, ал екіншісі жарақат алды. Құлау кезіндегі соққының күші және бағыты бірдей деп есептейік. Бұл адамдардың жастарын анықтауға бола ма? Жауапты түсіндіріңдер.

Неге?

А болжауы: Қарт адам болғандықтан

В болжауы: Сүйекке минералды заттар көп жинақталған

1 факт

2 факт

3 факт

Жасушааралық сұйықтықтар азайды

Сүйекке кальций мөлшері төмен

Зат алмасу баяулайды


Сұрақ: Осы үш фактінің әрқайсысы болжаулардың қайсысын растайды?

Факт

Бұл дәлел қай болауды растайды

Сұйық азаюы

Са төмендейді

Зат алмасу баяулауы

А/В

А/В

А/В


Сергіту сәті

Дене мүшелерімен 1 ден 10 ға дейін сандарды салу.

Қорытынды бөлім Қаңқа бөлімдері

1. ____________________

2. ____________________

3. _____________________

4. _____________________

Құпия зат стратегиясын қолдану. 4 сұрақ құрастырулары керек









Бағалау











Формативтібағалау: топтық, өзара, жеке бағалау; смайлик жинау, мадақтау, сенім білдіру.3 мин

Смайлик арқылы бағалау.

Smiles

Marks

«5» excellent

«4» good

«3» satisfactory


Рефлексия

Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды. 5 мин

Мен білдім

Мен білемін

Мен білгім келеді.

Үй жұмысы

Адамның табан сүйектері түйісіп келеді. Қанқаның бұл ерекшелігі маймылға тән емес. Осы айырмашылықты түсіндіріңдер. Адам неге олай ерекшелеленген?