СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аққала" Бірінші кіші топ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аққала"  Бірінші кіші топ  "Аққала"  Бірінші кіші топ"Аққала"  Бірінші кіші топ

Просмотр содержимого документа
«"Аққала" Бірінші кіші топ»

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық». Күні: 14,02.2017

Кіші саласы: Сурет салу. Тәрбиеші: Сарина Г.Б

Тақырыбы: «Аққала».

Мақсаты: Балаларды жаңа сурет салудың технологиясымен таныстыру. Балаларға қағазды умаждап, сурет салу техникасымен таныстыру. Балалардың қолдарын жаттықтырып, қағазға сурет салуды үйрету, мәдени-гигиеналық тазалыққа тәрбиелеу.

Алдын –ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: дөңгелек, квадратты айыру.

Сөздік жұмыс: геометриялық пішіндер арқылы өрнектер құрастыру

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп-талаптану

Таңғы шеңбер:

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын

Отбасымыз аман болсын

Бақша жайнай берсін!

Шеңберге тұрып,қуанышпен жылылықты білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?

Жұмбақ: 

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны                                     (Аққала)

Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?

Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен?

Дұрыс! Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?

Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен?

Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.

Сергіту сәті:




Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, бояған суреттеріңді көрейік. Кімнің суреті ең әдемі болды екен?

(Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біне көрсетіп, балаларды мадақтайды)


иа




 Аққала!



Аққала бейнеленген.



Дөңгелектерден!

Қыста қардан жасап ойнаймыз!

Ақ






(Балалар тапсырманы орындауға кіріседі)




Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Рефлексивтік түзету

Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Балалар қуана суреттерін іледі


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Сурет салу.

Түсінеді: Қағазды умаждау тәсілін.

Қолданады: Краскаға батырып, аққаланы бояуды