СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ақша қар" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

тех карта для дошкольников по теме "Ақша қар"

Просмотр содержимого документа
«"Ақша қар" ұйымдастырылған ашық оқу қызметі»

Мектепке дейінгі ортаңғы топтарына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні:02.12.15.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ақша қар.

Мақсаты: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу; бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу ;қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету, әсемдікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар: дәптер, бояу, сүлгі, қылқалам т.б.

Сөздік жұмыс: алғашқы, суық, түс, мұз.

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық – қозғаушылық


Педагог балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды

( жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сұр, ақша қар, аппақ).


Қардың қандай екенін сұрайды.

Қарды ұстап көреді.

Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтайды.

- Ақша қар.


Ол қар, мұз түстес болып келеді.

Ұйымдас-тыру, іздену

Жұмбақ жасыру:

Аппақ- аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп.

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек?

Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.

Сергіту сәті:

Әппақ ,әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала, барлық бала.

Куанып жүр далада.

- Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз.

Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.

– Қар





Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.


Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.


Қылқаламды әртүрлі күш салақатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.

Рефлексивті – түзету енгізу


Педагог балалардаң қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.

– Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.


Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.

Игереді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді .

Меңгереді: қардың суретін салуды.