| Мотивациялық – қозғаушылық | Педагог балаларға ән айтқызады. О, алақай, Ая зата, Келе жатыр алыстан! Кел билейік, үйренейік, Ол келгенше жаңа жыр. Құтты болсын, құтты болсын, Қүтты болсын ... Жұмбақ жасырады. Тікен, тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте Ол. - Жаңа жылда бізге кім келеді? | Балалар жетіспейтін сөзді айтады. -Аязата, Ақшақар. |
| Ұйымдастырушылық-ізденістік | Педагог қуыршақ Ақшақарды көрсетеді. Үстіне көк тон киіп алғанын айтады. Сөздік жұмыс: тон. Балалар, Ақшақар деп неге атаған? Қазір дала аяз, бұл Ақшақар ұнататын ауа райы. Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр. Сергіту сәті Денсаулықты сүйеміз, Шыныгамыз күнде біз. Бір, екі, үш! Бір, екі, үш Бүлшық етте, міне, күш! Ал, балалар, түрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп,.Солға қарай иіліп Бір отырып, бір тұрып, Бойымыздыы созайық. Белімізді жазайық. Билингвальді компонент: Ақшақар - Снегурочка, қар - снег -Балалар, бүгін біз Ақшақардың аппликациясын жасаймыз.. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен шаршыдан Шыршаны жасаймыз ,шаршыны Екіге бөліп, қиямыз ,шыршаны құрастырамыз, жапсырамыз. Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз. Ол үлкен үшбұрыш болады. Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз. Қолы да үшбұрыш. Ал енді жұмысқа кірісейік . Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. | Қуыршақты қарастырады, сұрақтарға жауап береді. Қайталайды: тон. - Себебі ол қардан жасалған. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Қайталайды: Ақшақар –Снегурочка, қар- снег Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді.Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Жұмысқа кіріседі. |