СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

   «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын ақын ауырып емханада жатқанда жазған. Шығарма  Ұлы Отан соғысының майданында  жаудың қоршауында, қалып  қойып, ерлікпен қаза  тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын  Абдолла Жұмағалиев туралы.

Просмотр содержимого документа
««Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы»

Сервис және жаңа технологиялар колледжі

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

оқытушысы Джумагалиева Ж.К.

Сабақтың тақырыбы: «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту.

Дамытушылық: оқушылардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды ерлікке, батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік,  репродуктивті, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы,  слайдтар.

Бейнетаспа:1) «Қасым Аманжолов, өмірдерек», 2)«Абдолла Жұмағалиев туралы» 3) «Жас дәурен» әні

Техникалық құрал-жабдық: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қасым Аманжолов кім,  қашан, қай жерде туды?

  2. Қасым Аманжолов туралы не білеміз?

  3. Қасым Аманжолов өмірбаяны туралы бейнебаян

  4. Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?

  5. «Өзім туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?

  6. «Өзім туралы» әнін тыңдау

  1. (Қасым шежіресімен таныстыру)

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын, -деп ақын өзі жырлағандай алдымен ақын шежіресімен танысып алайық. (слайд)

Хронологиялық кесте.

Қасымның жалынды жүрегі іңкәр жырлар тудырған, алаулы жастық шағының ізі қалған Орал қаласына:

Жарқылдап Жайық бойында 
Достармен сайран құрғанмын. 
Шағанның бойы көк шалғын, 
Шалқамнан жатқам шаңқай түс. 
Гүл болып менің құшағым, 
Кеудеме қонған бұлбұл құс- деп өз өлеңіне қосқан.

Қазіргі таңда қара танитын кез-келген адам нақыл ретінде пайдаланатын «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Балалар – біздің болашақ» деген қанатты сөздер ең алғаш рет Қасымның дуалы аузынан шыққанын біреу білсе, біреу білмейді.

Қасымның орда бұзар шағы соғыспен  тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да,  батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол  жан серігі  қаламын қолынан тастамай,  жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді.

ІІІ. Жаңа сабақ

    1. Абдолла Жұмағалиев туралы видео

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын ақын ауырып емханада жатқанда жазған. Шығарма  Ұлы Отан соғысының майданында  жаудың қоршауында, қалып  қойып, ерлікпен қаза  тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын  Абдолла Жұмағалиев туралы. (Слайдта Абдолланың суретін көрсету)

Поэма желісі туралы баяндап, түсіндіру, Қасым мен Абдолла Жұмағалиев  арасындағы достыққа тоқталу.

Шығарма жанр бойынша  поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен  баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдау

Поэманы мәнерлеп оқу.

Абдолланың өлімін ақын табиғатпен қалай астастыра суреттеген?

Поэманың тақырыбы мен идеясын ашу.

Поэманың тақырыбы не?

Идеясы қандай?

Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.

Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

Оқулықпен жұмыс. Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық  жоспарын құру.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығарманың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Топпен жұмыс

1-топ тапсырма.

А) Мәтінді пайдалана отырып, Абдоллаға мінездеме беру.

2-топ тапсырмасы

А) Поэмадан Абдоллаға арналған бейнелі сөздерді табу

3-топ тапсырмасы

А) Венн диаграммасы.

Қасым                   Ұқсастығы                Абдолла

 Сөздікпен жұмыс 
1. Нұх-пайғамбар аты. 
2. Прометей - от құдайы. 
3. Қызойнақ-жастардың бас қосқан ойыны. 
4. Гүрзі – соғыс қаруының аты. 


ІҮ. Білемін Білгім келеді Үйрендім 
Ү. Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.

ҮІІІ. Бейнетаспа «Жас дәурен» әні Алтынай Жорабаеваның орындауында

(сөзі де, әні де Қ. Аманжоловтыкі)






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!