Математика пәні бойынша 5сынып оқушыларына тірек конспектісі
4 тоқсан
Сабақ нөмірі: №153
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды қиюға арналған есептер. Фигураларды құрастыруға арналған есептер.
Сабақтың мақсаты: Фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару.Тікбұрышты параллелепипед жазбасы.
Мысалдар:
№1.Фигураларды қию. 16 торкөзден тұратын шаршы берілсін. Осы фигураны стандартты емес әдістер бойынша теңдей екі бөлікке бөліп қиюға болады.
Фигураларды қию арқылы әртүрлі пішіндер аламыз. Мысалы, төртбұрышты диагoналінен кессек, бірдей пішінді үшбұрыш аламыз. Егер аудандары бірдей болатын болса, онда олар тең шамалас фигуралар деп аталады.
Танграм – ежелгі қытай ойыны. Бұл ойынның мағынасы келесідей: квадратты әртүрлі жеті бөлікке бөліп, осы бөліктерден күрделірек фигура (мысалы, адамды, күнделікті тұрмыста қолданылатын затты, әрiп немесе санды, түрлі жануарларды т.б.) жасау керек.
Тапсырмалар :
№1. Асыл пиццаны бір шетінен екінші шетіне центрінен өтетіндей етіп бөлді. Егер ол 4 рет кессе, қанша бөлік шығатынын анықта.
№2. Суретте қандай фигураның жазбасы берілген?
№3. Берілген фигураны қырлары бойынша қиятын болсақ, қай жазбаның дұрыс болатынын тап.
№4. Берілген суретті қалай теңдей екі бөлікке бөліп, шахмат тақтасын құрастыруға болады?
Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.