Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Арзыкулова Роза Ширенбаевна
«Ана –өмірдің гүлі»
Балалар музыкамен залға кіреді
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Ана –өмірдің гүлі» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Алғашқы сөз кезегін шағын орталығымыздың әдіскері Румхан Балғабайқызына беремін.
Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.
(Ортаға музыкамен Гүлдер ханшасы кіреді)
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Гүлдер ханшасы, мен келдім
Жүргізуші:
Сұлу Гүлдер ханшасы, қош келдің, төрге шық. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан біз саған ризамыз.
Гүлдер ханшасы:
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін
(Гүлдер орнынан тұрады.)
Қызғалдақ: Райхан
Қырқалардың төрінде
Қаулап көзге ұрамын,
Құлпыра жайнап өңірде
Қып қызыл боп тұрамын
Бәйшешек: Айханым
Бәйшешекпін жайқалған
Сұлу гүлмін жайнаған
Көктемде мен гүлдесем
Құлпыра кетер айналам
Раушангүл: Нұрай
Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушангүл
Гүл патшасы атанған
Гүлдер ханшасы:
сендер жаңбыр жауса түрленіп гүлденесіңдер, аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.
Би: «Гүлдер»
Гүлдер ханшасы: ал балалар енді мен жүрейін, басқа бақтағы гүлдерімді оятайын. Сау болыңдар.
Балалармен қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші: Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп, айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлем бағдарламасында қонақта болған еді. Енді кезекті сол бағдарламаға берейік.
(Эфирде жүргізуші ұл мен қыз отырады)
Махамбет: армысыздар құрметті теле көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Сазды сәлем» бағдарламасы. Бүгін біздің студиямызда Астана қаласы Ақбұлақ шағын орталығының бүлдіршіндері қонақта.
Ақзере: ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.
Жүргізуші: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.
Балалар тақпақ айтады.
Еркеназ: Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Айқын: Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін
Кәусар:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Нұраят:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Ақзере:
Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 271-35-45. Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.
(Қоғырау соғылады)
Махамбет: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық! Алло сәлеметсіз бе?
Менің атым Арсен. Мен әжемді мерекесімен құттықтаймын.
Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Олай болса кезекті әсем әнге берейік.
Ән «Ақ әжем»
Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.
«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Болат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде ұлдардың биін жолдасаңыздар екен.
Олай болса,құрметті көрермендер сіздердің назарларыңызға «Кішкентай аспаздар» биін тарту етеміз қабыл алыңыздар.
Би: «Кішкентай аспаздар»
Жүргізуші: кезекті ойынға берсек. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.
Ойын: «Құттықтаймыз анашым»
Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Хабарымызға залдан бір көрерменіміз ыстық ықыласын білдірмекші. Ендеше микрофонды берейін.
Көрермен: Сәлеметсіздер ме? Менің атым Загифа . Ақбұлақ шағын орталығының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның басшысы және балабақша ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып, орасан еңбек жасап жүрген апайлардың дені сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша музыкалық сый тарту етсеңіздер деймін.
Жүргізуші: олай болса республикалық жарыстардың жеңімпазы, таяуда Петропавл қаласында өткен байқаудың бас жүлдегері жеке номерімен Байдаулет Маликаны ортаға шақырамыз
Малика: «Гимнастика»
Бәрекелді талабыңа нұр жаусын. Еліміздің туын асқақтата бер, жеңістерің бұдан да көп болсын.
Ақзере: Расыменде балабақшадағы апайлардың арқасында көптеген бүлдіршіндер болашаққа самғап биіктерден көрінуде.
Махамбет: Осындай апайлардың құрметіне тамаша ән тарту етейік.
Ән: «Апатайым, анашым»
Жүргізуші:
Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әзіл әнмен жеткізгісі келеді.
«Частушки»
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды.
Ақзере: Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды.
Махамбет: Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!
Көктем ханшайымы келеді
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші: Қош келдің көктем ханшайымы, айналаны жарқыратып келіп жеттіңіз бе? Төрлетіңіз, біздің балалар сізді асыға күтіп отыр.
Көктем: Сәлеметсіз бе,балалар, қонақтар! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім, мерекелерің құтты болсын.
Жүргізуші: Ал енді Көктем ханшайымы біздің қыздарымыздың сізге арнаған сыйлығы бар, қабыл алыңыз
Би: «Көбелектер»
Ағылшынша тақпақтар
Райымбек, Әлім Нұрасыл
Жүргізуші:
Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасиетті аналар
Олай болса балаларымыздың дайындаған әнін тыңдайық
Ән: «Мама»
Жеке номер Ақзере
Би: « Испан биі»
Келесі кезекті осы топтың түлегі Батталова Жанел бізге қонаққа келіпті. Жай келмей өз сыйымен келіпті. Олай болса, Жанелді ортаға шақырайық.
Жанель Республикалық көркем сөз жарысына қатысып жүлделі орын алып жүрген,болашағынан үлкен үміт күтетін түлегіміз. Жақында Тараз қаласында бүлдіршіндер арасында бірінші орынды иеленген жеңімпаз қызымыз.Жеңісің құтты болсын.Алар асуың бұдан да көп болсын!
Ал енді балалар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын аналарға табыстайды.
Өмірдің иесі сен асыл Ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана
Құрметті ата-аналар, сегізінші наурыз халықаралық аналар күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерге тек зор денсаулық, таусылмас бақыт, отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.