СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана-өмірдің гүлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ананы сыйлауға құрметтеуге дәріптеу

Просмотр содержимого документа
«Ана-өмірдің гүлі»

Тақырыбы: « Ана – өмірідің гүлі» Мақсаты: Ұстаздар қауымын, аналарды, ару қыздарымызды мерекесімен құттықтау, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Барысы: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Жер – Анаға тіршілігі нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбат мейрам келіп жетті.Барша аналарға, ұстаздарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз шын жүректен құтты болсын демекпіз!Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол- Ана.Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып,біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана.Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға.Ана дегенде сөз келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдейтін жанар жоқ.Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Бүгінгі « Ана – өмірдің гүлі » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Ана деген - бастауы ұлылықтың, Ана деген - рәмізі сұлулықтың. Ана деген - бір жыр бар шырқалатын, Асқақтар биікке ұрпақ атын. Ән: «Мама» – Орындайтын: Кеңес Нұрсұлтан Алдыменен сүй ардақта ата – анаңды Үгілі ұрпақ атадан бата алады Бар жақсылық балаға бұл ғаламда Мейірімінен ата – ананың жасалады Ән: «Әкешім – Анашым» – Орындайтын: Нұрлыбекұлы Алпамыс

Ендігі кезекті сіздерге көңіл – күй сыйлау отырып әзіл кештердің әзіліне кезек берейік. (6 әзіл)

Шарлап әлем қиянын, Бар жақсыны жиямын. Қуат беріп, күн нұры, Жүрегіңе қиямын Ән:«Сенің көзің» – Орындайтын: Кеңес Нұрсұлтан,Әділханов Олжас,Елдосұлы Әскербек Ақ жаулығың қымбат маған анашым, Тірегімнің, сүйенішім, панамсың. Шапағатың сәуле болып төгілген, Ақылы мол,мейірімді данасың Ән:«Анаға сәлем» – Орындайтын:

Келесі кезекті әзіл кештердің әзілдерін тамашалайық. (6 әзіл)

Ана деген, ана деген – бұл өмірдің тірегі, Аналардың мөп-мөлдір ғой, мөп-мөлдір ғой, тілегі. Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі. Ән:«Аналарға ақ тілек» – Орындайтын: Нұрлыбекұлы Алпамыс

Келесі кезекті әзілге береміз. (6 әзіл)

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз ана - ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда, асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Ән:«Әке - Ана» – Орындайтын: Әділханұлы Асылхан

Келесі кезекте әзілге береміз. (6 әзіл)

Қыз деген – өмірдің гүлі емес пе? Қыз деген – өмірдің нұры емес пе? Біздің ұлдар тіленгін білдірмекші Өйткені, қыз өмірдің сәні емес пе? Ару қыздарымызға арнаған тілегін, шағын сыйлығын тапсыруға рұқсат етіңіздер! Ән:«Қыздар - ай» – Орындайтын: Нұрлыбекұлы Алпамыс,Әділханов Олжас Әрдайым да ана сөзін тыңдайық , Аялайық, қайда жүрсек жырлайық. Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан, Аналарды құрметпенен сыйлайық –дей отырып тағыда ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, ару қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!Осы мен «Ана – өмірдің гүлі» атты кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!