СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана-өмірдің шуағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данное мероприятия посвещен дорогим нашим мамам.

Просмотр содержимого документа
«Ана-өмірдің шуағы»

Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы"

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

1)3 «А» сынып тақпақтар

2)Хор «Ақ мамам»
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.

3)Ән шашу: «Анажаным» (Ақан ,Нұрсәуле)
1 жүрг. «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтаймыз.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
4)Ән шашу: «Ай дидарлы анашым»Жасмин

5)Сахналық көрініс: «Ананың жұмбағы»
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
6)« Сағындым әже,өзіңді» әні – Жасмин,Айдар,Диана

7)Ән шашу: «Айналайын,ақ мамам»(Сымбат,Нұрсәуле,Надина)

8)«Әжелер » көрініс ( МАД)

9) «Анамызға мың алғыс»тақпақтар (МАД)

10«Ата –ананы тыңдаймыз»ән

1 жүрг:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
2 жүрг:

Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады.