СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аналитикалық талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

2015-2016 оқу жылында жүргізілген жұмысымның аналитикалық талдау есебі.

Просмотр содержимого документа
«Аналитикалық талдау»

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, бастауыш сынып мұғалімі Толегенова Сауленің 2015-2016 оқу жылында жүргізген жұмыстарының аналитикалық талдау есебі



Стронгтың айтуынша: Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Расында мектептің алға жылжуы, ондағы жұмыстың тиянақты болуы мұғалімдерге байланысты және алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді ары қарай жетілдіретін, тәрбиелейтін, білім беретін әрине мұғалімдер. Сондықтан мұғалімдер заман талабына сай үнемі білімін жетілдіріп жүру керек. Тек дәстүрлі әдіспен оқыта бермей жаңа технологиялармен жұмыс жасағаны жөн. Осындай жаңа оқытудың түрі –сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқыту. Сыни тұрғыдан ойлау –ол ойлау туралы ойлану деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыда ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушы бойындағы қабілеттілік деңгейінің дамуында осы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану маңызы зор екендігі мәлім. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние –жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.Сондықтан мұғалім тек қана сабақ беріп қана қоймай оқушының жан дүниесін түсіну қажет деп білемін. Бағдарламаны игеруде мен өз тәжірибеме көптеген жаңалықтар енгіздім.

Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курсты 2014 жылдың 29 сәуірінде аяқтап, осы бағдарлама бойынша жұмыс атқарып келемін.Бағдарламаның негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.   Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымды уақытында жасақтап, жүйелі түрде оқушыларға бағдарламаның жеті модулін байланыстыра отырып сабақ өткіздім. Себебі күнделікті сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы.Мектептегі сабақ беру кезінде  іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз- жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі- тренинг. Тренинг оқушының назарын сабаққа аударады және қызығушылықтарын арттырып, ынтымақтастықты қалыптастырады. Топтық жұмыс- бұрын-соңды көп көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі.Топтық жұмыс, біріншіден оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Бірін-бірі оқытуға, бірін-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.Әр сабағымда топпен жұмыс және жұппен жұмыс жүргізіліп отырылады.Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым.

Өзімнің өткізген ашық сабақтарыма тоқталатын болсам,әдебиеттік оқу пәнінен М.Дулатовтың «Қыс» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.Ашық сабақтың жоспары осы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы құрылып, топпен жұмыс жүргізілді. Сынып «Қыс» және «Қар» деп екі топқа бөлінді. Сабақтың бастамасы ынтымақтастық атмосферасы орнатылудан басталды.Сөзжұмбақтар шешіліп, «Қыс» сөзі топтастырылды.  «Қыс» мәтіні бойынша топпен жұмыс жүргізіліп, сергіту сәті жүргізілді. «Қызықты қыс еліне» шығармашылық жұмыста екі топқа сурет салу және эссе жазу тапсырмасы берілді. «Мұздық бөгеті» ұйқас бойынша өлең шығару тапсырмасы берілсе, сабақты қорыту кезінде топқа сұрақтар беріліп жауап алынды.Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар   стикерлерге өздерінің әсерлерін жазып, «Менің сабақтан алған әсерім» бұрышына жабыстырды. Сабақтың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, топпен, жұппен жұмыстада бірін- бірі тыңдап, ұйымшылдық көрсетті.Қыс туралы көптеген мағлұматтар алды.Сөздік қорлары артып, өз ойларын ашық айта білді.  Дүниетану пәні бойынша «Су-еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар» ашық сабағымда ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың көңіл күйлерін жазу сұралды. Сабақты Блум таксономиясының негізгі кезеңдері бойынша құрдым.Сабақта судың қасиеті,оның пайдасы жайлы айтылды. Тәжірибелер жасалып, дәлелденді. Топпен жұмыс жасалып, топ басшысы оқушыларды бағалап отырды.Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлері стикерлерге жазылып жабыстырылды. Сабақтың нәтижесінде оқушылар тәжірибе арқылы   судың адам өміріне және тіршілік көзіне қажет екенін білді.



 Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ақылдаса отырып, арнайы жоспар жасақтап, Lesson study зерттеу сабағын әріптестеріммен бірге жүргіздік. Ол үшін ең алдымен өзім сынып жетекшілік ететін «4» сыныпты таңдап алдық. Әріптестеріммен ақылдаса отырып, зерттеуге үш оқушыны таңдап алдық.

 А деңгейіндегі оқушы-Болат Т, В деңгейіндегі оқушы-Мұхаділ Б және С деңгейіндегі оқушы-Бағланұлы Д. А деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда алғыр, зерек, ізденімпаз, білім алуға құштар, шапшаң ойлағыш барлық пәндерден үлгерімі жақсы. В деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы ортада көп ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінезі тұйық, сабырлы, кейде қойылған сұрақтарға сенімсіздік танытып, өз ойын ашық айта алмайды.С деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Күнделікті сабаққа кейде дайындықсыз және кешігіп келеді, білімге деген ұмтылыс-құлшынысы көңілге қонымсыз. Зерттеу барысында осы оқушылардың бойынан төмендегідей өзгерістерді көргім келді. Мәселен А. алған білімін басқа оқушылармен бөлісуге дағдыланып, өз бетінше ізденуге тобындағы оқушыларды тартса, білімқұмар дарынды оқушы болғандықтан дарындылық қабілетін одан әрі шыңдаса, төмен деңгейдегі оқушының жаңаша білім алуға бет бұруына өз септігін тигізсе.В. оқушының өз-өзіне деген сенімділігі қалыптасып, ойын еркін жетілдірсе.С. оқушының бойындағы құндылықтарды анықтау, кішкене де болса таланттың көзін ашса, өз ойын жинақтап еркін жеткізуге, топ мүшелері арасындағы қарым-қатынасы жақсарса, сыныпта жағы Әрбір өткізілген сабақта әрбір мұғалімге белгіленген оқушыны бақылап, нәтижелерін жазып отыру тапсырылды. Бұл сабақта біз алдыңғы сабақтармен салыстырғанда оқушылардың өзгере бастағанын байқадық. А деңгейіндегі оқушы топпен бірге жұмыс жасап, өзгелерге көмек беріп, топта көшбасшылық танытты. В деңгейіндегі оқушы алғашқы сабақта өзін көрсете алмаған болса, соңғы сабақта белсенділік таныта бастады, бірақ оның бойында әлі де сенімсіздік байқалды. Үшінші оқушы С деңгейіне келетін болсақ алғашқы сабақтан –ақ өзіне көңіл бөліне бастағанын байқап, белсенді түрде сабаққа араласа бастады. Соңғы сабақта оның барынша берілген тапсырманы бар ынта жігерімен орындап, сабақ соңында 4 деген бағамен бағаланды. Ол үй тапсырмасында қателіктер болса да, ол толық орындауға дағдылана бастады.мды ахуал орнатуға өз үлесін қосса. Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландыра бастадық.Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және С дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап,В дәрежесіне жеткізуге, ал В дәрежесіндегі оқушыны А дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Сонымен қатар өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында БАҚ беттерінде мақалалар жарияладым. Алматы облыстық білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинеттің басшылығымен шығарылған «Білім беру жүйесіндегі сабақтастық пен ізденіс – білім сапасын арттырудың негізі» жинағында «Етістік» тақырыбында сабағым жарияланды. Семинарларға қатысып іс-тәжірибемді тараттым.

Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2016» байқауы І орынды иелендім.



М.Мақатаевтың 85-жылдығына орай «Мұқағали оқулары» өткізілді. Нәтижесінде Болат Т бас жүлдені иеленсе, Мұратқалиқызы Әсел І орынға ие болды.

Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым. Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, оқушылары жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін мараппатталдым. Сонымен қатар Респуликалық ұстазрға арналған әдістемелік www.sabaqtar.kz белсене араласа сапалы жұмыстар жариялағаны үшін марапатталып алғыс хатпен марапатталдым. «ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған оқушылар мен студенттердің арасында өткізілген Халықаралақ «Сократ» атты ғылыми жұмыстар сайысында оқушысы жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін дипломмен марпатталдым. «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбы аясында өткен республикалық қашықтықтан шығарма байқауында 4-сынып оқушысы Берікқызы Жадыра І дәрежелі дипломмен марапатталды және оқушыны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.

Ғұлама ғалым А. Эйнштейн: «Мен өз шәкірттерімді ешқашан үйреткен емеспін, тек олардың үйренуіне жағдай жасап отырдым»- деген екен. Сол айтқандай, мен де алдағы уақытта оқушыларымның өз бетінше білім алып үйренуіне барынша жағдай жасауға тырысамын.

Атқарылған жұмыстарға сараптама жасай келе келесі оқу жылында төмендегі мәселелерге баса назар аударып, алға міндеттер қойдым:

  • Сабақтарға рефликсия жазуға дағдылану.

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын қалыптастыру «Lesson-Study»

  • Оқытуда оқушылардың жетістігін бағалаудағы бағалау түрлерін енгізу.

 Нашар оқитын оқушылармен жұмысты дұрыс жолға қою;

 Оқушыларды жобалау жұмыстарына қатыстыруды жоспарлы түрде жүргізу, тәжірибеге негіздей отырып сабақпен байланыстыру;











Пән мұғалімі: Толегенова С.А.